Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында отандастарымыз Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны. Қазылар қазақстандық жұптың өнеріне 228 ұпай берді. Күмісті Қытай, қоланы Мексика спортшылары алды.

Барлық спорт жанкүйерін, Нарғыза мен Эдуардты әлем чемпионатындағы жарқын және тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер өте тамаша өнер көрсеттіңіздер. Алдағы байрақты бәсекелерге де табыс тілеймін. Біз сіздермен мақтанамыз!
👍52
Историческое золото завоевала пара Наргиз Болатова и Эдуард Ким на чемпионате мира по водным видам спорта в Дохе (Катар). Представители национальной команды по артистическому плаванию стали лучшими среди смешанных дуэтов. Это первое золото Казахстана на чемпионатах мира по водным видам спорта. Жюри присудило 228 очков за выступление казахстанской пары. Серебро получили спортсмены из Китая, бронзу - из Мексики.

От всей души поздравляю Наргиз и Эдуарда, всех болельщиков и любителей спорта с этой яркой и исторической победой в соревнованиях. Ваше выступление было выдающимся. Желаю успехов в предстоящих соревнованих. Мы гордимся вами!
👍13🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Демалыс күндері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге елордада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірқатар спорт нысанын араладық.

Біз ең алдымен құрылысы келесі жылы аяқталатын Ұлттық спорт университетінің қазіргі жағдайымен таныстық. Жоғары оқу орны кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге жетуге ықпал етеді.

Сондай-ақ қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан «Қазанат» ипподромына, «Астана-арена» стадионына және «Алау» мұз сарайына бардық. Өздеріңізге белгілі, аталған спорт нысандарында биыл 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.
👍41
На выходных вместе с первым заместителем премьер-министра Романом Скляром и акимом Астаны Женисом Касымбеком провели рабочий объезд ряда спортивных объектов, на которых ведутся строительные работы.

Мы ознакомились с процессом строительства Национального университета спорта, завершение которого планируется в следующем году. В стенах высшего учебного заведения будет непрерывный процесс подготовки кадров от начального этапа до спорта высших достижений.

Также посетили ипподром «Казанат», стадион «Астана-арена» и ледовый дворец «Алау», где проводится реконструкция некоторых сооружений, а также благоустройство территорий. Как известно, на этих
спортивных объектах будут проходить 5-ые Всемирные игры кочевников.
👍91
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Киберспорт федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеевпен кездесіп, аталған спорт түрінің еліміздегі даму мәселесі туралы сөйлестік. Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары киберспорт тек әлемде ғана емес, Қазақстанда да қарқынды дамып келеді. Бірнеше спортшымыз шетелдік командалардың құрамында ойнайтынын жақсы білеміз. Қазақстандық клубтардың да жетістіктері жаман емес. Былтыр алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енген киберспорт бәсекесінде де отандастарымыз бақ сынаған болатын.

Сонымен қатар Қуанышбек Есекеев Татарстан астанасы Қазан қаласында өтетін «Болашақ ойындарына» қатысатын қазақстандық киберспортшылардың дайындығы туралы айтып берді. Ақпан айының соңында ұйымдастырылатын жарысқа жерлестерімізден бөлек, әлемнің бірнеше елінен 260-тан аса команда мен 2000-нан аса ойыншы қатысады деп жоспарланған.
👍61
Встретился с главой федерации киберспорта Куанышбеком Есекеевым. Мы поговорили о развитии данного вида спорта в стране. Как известно, в последние годы киберспорт стремительно развивается не только в мире, но и в Казахстане. Мы прекрасно знаем, что несколько наших спортсменов играют в составе зарубежных команд. Успехи казахстанских клубов тоже неплохие. В прошлом году наши соотечественники участвовали в киберспортивных соревнованиях, которые впервые вошли в программу Азиатских игр.

Куанышбек Есекеев также рассказал о подготовке казахстанских киберспортсменов к «Играм будущего» в столице Татарстана Казани. Кроме наших земляков, в соревнованиях, которые пройдут в конце февраля, примут участие более 260 команд и более 2000 игроков из нескольких стран мира.
👍71
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледім. Ол жуырда ғана елордада өткен бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиынында Федерацияның президенті болып сайланған еді.

Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат Мүтәліпке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Былғары қолғап шеберлерімізді алда бірнеше халықаралық жарыс, лицензиялық турнир күтіп тұр. Осы жарыстарға отандастарымыз жақсы дайындықпен барып, жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тиіс.
👍111
Встретился с главой казахстанской федерации бокса Шахмуратом Муталипом и пожелал успехов на новой должности. Недавно он был избран президентом федерации на ежегодном заседании Конференции федерации бокса в столице.

Бокс – один из самых распространенных видов спорта в стране. Поэтому перед Шахмуратом Муталипом стоит большая ответственность. Впереди у наших мастеров кожаных перчаток несколько международных соревнований, лицензионный турнир. К этим первенствам наши боксеры должны подойти с хорошей физической подготовкой, чтобы радовать болельщиков только победами.
👍111
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы жаңа құрамдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында біздің салаға қатысты Президент тарапынан айтылған тапсырмаларды аппарат кеңесінде әріптестерімізбен талқыладық.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында ішкі және сыртқы инвестиция ағынын көбейту – негізгі басым бағыттың бірі екенін атап өтті. «Бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету керек. Ол үшін министрлік, әкімдік және даму институттары арасында нақты өзара іс-қимыл болуға тиіс. Сондай-ақ бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізу керек.

Сонымен қатар Президент жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдана отырып, экономиканы цифрландыруды жалғастыруды тапсырды. Осыған орай министрліктің цифрлы трансформация картасы әзірленеді. Бұл құжат спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея салаларындағы қағазбастылықтан арылтып, салада қандай технологиялар енгізілетіні туралы мәлімет беруі керек. Сондай-ақ туризм саласында жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселесі пысықталады.
👍7👏2
Глава государства провел расширенное заседание правительства в новом составе. По итогам мы с коллегами провели аппаратное совещание министерства, чтобы разобрать данные президентом поручения по нашим отраслям.

В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев одной из приоритетных задач определил увеличение притока внутренних и внешних инвестиций. Для этого должно быть четкое взаимодействие между министерством, акиматами и институтами развития для оказания всесторонней поддержки инвесторам по принципу «одного окна». Должен быть выстроен эффективный диалог с бизнес-сообществом.

Наряду с этим, Президент поручил продолжить цифровизацию экономики с широким применением технологий искусственного интеллекта. В этой связи будет разработана Карта цифровой трансформации Министерства. Данный документ должен обеспечить комплексное видение, какие технологии будут внедряться в сферах спорта, туризма, игорного бизнеса и лотереи, исключив излишнюю волокиту и бюрократию. Также будет прорабатываться вопрос использования инструментов искусственного интеллекта в сфере туризма.
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу жөніндегі дирекцияның кеңсесіне барып, ұжымымен кездестім. Ойындарды өткізуге дайындық бойынша әр бағытқа жауапты қызметкерлер атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы дүбірлі додаға дайындық барысы туралы айтып берді.

5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді.
Ойындарға 100-ден аса мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысып, Елордамызға 100 мыңнан аса турист келеді деп жоспарланып отыр.
___________________________

Встретился с коллективом дирекции по проведению 5 Всемирных игр кочевников. Сотрудники, ответственные за каждое направление по подготовке к проведению данных игр, рассказали о проводимой ими работе и ходе подготовки к предстоящему соревнованию.

5 Всемирные игры кочевников пройдут с 8 по 14 сентября в Астане.
Планируется, что в Играх примут участие около 4000 спортсменов из более чем 100 стран, а столицу посетят более 100 тысяч туристов.
👍61
Өткен апта ел спортшылары үшін табысты аяқталды. Отандастарымыз бірқатар халықаралық жарыста бақ сынап, жанкүйерлерді жарқын жеңістерімен қуантты.
Теннистен әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өткен Abu Dhabi Open-2024 турнирінде чемпион атанды. Бұл – Еленаның осы жылдағы екінші ірі жеңісі.
Сонымен қатар Өзбекстан астанасы Ташкентте ұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары – Сайрамкез Ақмолда (67 кг) мен Александр Уваров (81 кг) сары құрлықтың күміс жүлдегері атанды.
Боксшыларымыз Болгариядағы «кіші әлем чемпионаты» саналатын Странджа Кубогінде 3 медаль жеңіп алды. Былтырғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауов (67 кг) турнир жеңімпаз атанса, Санжар Ташкенбай (51 кг) күміс, Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) қола жүлдеге қол жеткізді.
Қысқы спортшыларымыз да жүлделерімен қуантты.
👍71👏1