Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
В ходе рабочей поездки в южную столицу посетил футбольный комплекс Footlab Алматы.
Это новый проект, который включает в себя специальные тренировочные станций для развития ключевых навыков спортсменов в формате развлечений.
Безусловно, это место станет одним из любимых мест юных посетителей и будет способствовать дальнейшей популяризации футбола в стране.
👍9
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматы қаласына жұмыс сапапарымның бағдарламасы аясында Допингке қарсы ұлттық орталық пен спортшылардың допингке қарсы зертханасына барып, жұмыс барысымен таныстым. Сондай-ақ Ұлттық спорттық медицина және оңалту орталығы басшылығымен кездестім.
_______________

В рамках программы пребывания в городе Алматы посетил и ознакомился с работой Национального антидопингового центра и Антидопинговой лаборатории спортсменов. Также встретился с руководством Национального центра спортивной медицины и реабилитации.
👍11🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Канвондағы Жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасын Корея Республикасына ресми түрде шығарып салдық. Жас спортшыларымыз аталған байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғайды деп үміттенеміз. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Туы тапсырылып, Ерасыл Шыңғысхан ту ұстаушы ретінде көпшіліктің алдында салтанатты түрде ант берді.
👍8
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан спортшылары барлық Жасөспірімдер Олимпиадасында 29 медаль жеңіп алды, оның 5-і қысқы Ойындарға тиесілі. Елімізде қысқы спорт түрлерінде жеңіспен өрілген жақсы дәстүр бар. Бүгінде тек елімізге ғана емес, бүкіл әлемге танымал даңқты спортшыларымыз халықаралық қысқы жарыстарда өнер көрсетіп, үнемі жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрді. Олардың қатарында шаңғышы Владимир Смирнов, конькимен жүгіруші Людмила Прокашева, биатлоншы Елена Хрусталева, мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен және Елизавета Тұрсынбаева бар. Жас спортшыларымыз бұл Ойындарға қатыса отырып, зор тәжірибе жинақтайды. Осы құнды тәжірибе болашақта пайдалы болатыны сөзсіз, өйткені олар Қазақстан ұлттық құрамасының резерві саналады.

Жас атлеттерімізге алдағы жарыста жоғары нәтиже көрсетіп, жеке рекордтарын жаңартуын тілеймін! Бағы да, бабы да шауып жеңіс тұғырынан көрінсін!
👍8
Торжественно проводили членов национальной юношеской сборной Казахстана в Республику Корея. Юным атлетам предстоит защищать честь нашей страны на IV зимних Юношеских Олимпийских играх Канвон-2024. В ходе мероприятия знаменосцам вручили государственный флаг, а Ерасыл Шынгысхан дал клятву от имени всех атлетов.

Спортсмены Казахстана за годы Независимости на всех юношеских Олимпийских играх выиграли 29 медалей, из них 5 в зимних играх. У нас есть отличные традиции и успехи в зимних видах спорта. Много выдающихся спортсменов представляли Казахстан на зимних международных стартах. Среди них - лыжник Владимир Смирнов, конькобежка Людмила Прокашева, биатлонистка Елена Хрусталева, фигуристы Денис Тен и Елизабет Турсынбаева. Полученный опыт в этих Играх, несомненно, пригодится в будущем участникам Игр в Канвоне, ведь именно они являются резервом национальных сборных команд Казахстана.

Желаю нашим атлетам удачи, уверенности в своих силах, успешных результатов и личных рекордов. Мы с трепетом и искренним волнением будем болеть за вас.
👍13
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Баскетбол федерациясының басшылары және жаттықтырушылар штабымен кездестім. Жиын барысында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың 2023 жылғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспарымен таныстырды.
Баскетбол – әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі. Бүгінде елімізде 400 мыңнан аса адам осы спорт түрімен шұғылданады. Еліміздің 16 облысында балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 156 бөлімше жұмыс істейді. Статистика бойынша жыл сайын баскетболмен айналысатындардың саны артып жатқанымен, ұлттық құрманың нәтижесі төмендеп барады.
👍8
Тәуелсіздік жылдарындағы Азия чемпионаттарының нәтижесіне көз жүгіртер болсақ, 5х5 баскетболдан әйелдер құрамасы ешқашан үздік 5 команданың қатарына енбеген. Ерлер арасындағы 5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасы бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыса алмады. Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – 4-орын. Ұлттық құраманың орташа жасы – 33.
Федерация қысқа мерзімде ұлттық құрамалардың жаттықтырушыларын бекітіп, ұлттық құраманы жасарту және спортшыларды даярлауда жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізу бойынша жұмыс жүргізуі қажет.
👍9
Встретился с руководителями и тренерским штабом федерации баскетбола. В ходе совещания представители федерации подвели итоги национальных сборных по баскетболу за 2023 год и презентовали план подготовки к предстоящим соревнованиям.
Баскетбол – один из самых популярных видов спорта в мире. Сегодня в стране этим видом спорта занимаются более 400 тысяч человек. В 16 областях страны функционируют 156 секций баскетбола на базе детско-юношеских спортивных школ. Статистика показывает, что с каждым годом все больше и больше людей занимаются баскетболом, но при этом результаты национальной сборной снижаются. Судя по результатам чемпионатов Азии за годы независимости, женская сборная по баскетболу 5х5 никогда не входила в топ-5 команд. Сборная Казахстана по мужскому баскетболу 5х5 ни разу не смогла принять участие в чемпионатах мира. Лучший результат отечественные спортсмены показали в 2007 году на чемпионате Азии – 4 место. Средний возраст сборной – 33 года.
Федерации необходимо в кратчайшие сроки утвердить тренерский состав национальных сборных, провести работу по омоложению национальной сборной и внедрению новых методических подходов в подготовке спортсменов.
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Канвон қаласына келіп, IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын Қазақстан құрамасының спортшыларымен кездестім. Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығымен бірге Олимпиада қалашығын аралап көрдік.

Олимпиадаға дайындық бойынша штаб басшылығы алдағы күндері Қазақстаннан келетін спортшылардың екінші кезегін қалашыққа орналастыруға, олардың жаттығу кестесін үйлестіруге дайындалып жатыр.

Жалпы кездесу кезінде спортшыларға, бапкерлерге сәттілік тіледім. Ертең ойындардың ресми ашылуына қатысып, біздің команданың алғашқы жарыстарына барып, қолдау көрсетіп, жанкүйер боламын.

Мұндағы жастардың Қазақстан үшін орны бөлек. Олар біздің келешек резервіміз. Сол себепті біз ойындарға дайындықты барынша тыңғылықты өткізуге тырыстық. Спортшыларымыздың бұл бәсекеде сәтті өнер көрсететініне сенемін. Баршаңызды жас атлеттерімізге қолдау көрсетуге шақырамын.
👍6
Сегодня приехал в Канвон и встретился со спортсменами сборной Казахстана, которые примут участие в IV зимней юношеской Олимпиаде. Мы вместе с руководством Национального Олимпийского комитета посетили Олимпийский городок.

Руководство штаба по подготовке к Олимпиаде готовится разместить в городке вторую очередь спортсменов из Казахстана и составить их тренировочный график на ближайшие дни.

Во время общей встречи я пожелал удачи спортсменам и тренерам. Завтра нам предстоит участвовать в официальном открытии Игр, в планах посетить первые соревнования нашей команды, буду болельщиком и поддержу ребят.

Юниоры, которые приехали сюда, наш будущий спортивный резерв, которые занимают особое место для Казахстана. Поэтому мы постарались максимально тщательно провести подготовку к играм. Уверен, что спортсмены успешно выступят в Канвоне. Призываю всех поддержать наших юных атлетов.
👏8👍5
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы алтын медаль құтты болсын, Қазақ елі! Бұл – Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихында біздің спортшылар жеңіп алған тұңғыш алтын. Жарыстың алғашқы күнінде шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных барлық қарсыласынан басым түсіп, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бастама өте жақсы. Осы алтын медаль барша спортшыларға жұғысты болсын! Құтты болсын!
👏65
Поздравляю с исторической золотой медалью!
Это первое золото, завоеванное нашими спортсменами за все Юношеские зимние Олимпиады.
В первый же день соревнований Илья Мизерных победил всех соперников по прыжкам на лыжах с трамплина и поднялся на самый высокий пьедестал победы. Отличная новость. Пусть такая же золотая медаль достанется и другим нашим ребятам в Канвоне!
7🔥6👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Барша қазақстандықтар біздің чемпионды құттықтауда!
👍142
Қазақстан құрамасының қоржынында екінші медаль бар!

Біздің шорт-трекист Полина Омельчук Канвон-2024 жасөспірімдер Олимпиадасының қола медалінің иегері атанды.  Ол 1000 метр қашықтықта 1:41.600 уақытымен мәреге үшінші болып келді.

Шын жүректен Полинаны құттықтаймын! Алған бетіңнен қайтпа, сені әлі де биіктерден көретінімізге сенімдімін.
👍103
В активе сборной Казахстана вторая медаль!

Наша шорт-трекистка Полина Омельчук стала обладательницей бронзовой медали юношеских Олимпийских игр Канвон-2024. Она показала третий результат на дистанции 1000 метров. Ее финишное время составило 1:41.600.

От всей души поздравляю с победой!
Уверен, что Полина еще не раз порадует нас своими яркими достижениями!
👍95
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2024 жыл еліміздің спорт және туризм саласы үшін аса маңызды болмақ. Қазір Оңтүстік Кореяда VI Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада өтуде.
Жазда Парижде Олимпиада ойындары басталады. Төртжылдықтың басты додасына спортшылармен қатар министрлік те қызу дайындалып жатыр. 
Жылдың маңызды оқиғаларының бірі – елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ұйымдастыру болып тұр.
Сонымен қатар 2024 – еліміздің әлеуетін туристік дестинация ретінде танытуға бағытталған Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы.
Осы және басқа да маңызды мәселелер бойынша жұмысымызды үйлестіру мақсатында тұрақты түрде министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомствалық бағынысты ұйымдарының басшыларымен кеңейтілген құрамда кеңес өткізіліп тұрады.
👍8
2024 год очень важен для нашей страны в сфере спорта и туризма.
Сейчас в Южной Корее проходят IV зимние Юношеские Олимпийские игры. Летом состоятся Олимпийские игры в Париже. Подготовка к главному старту четырехлетия в самом разгаре, как со стороны спортсменов, так и со стороны министерства. 
Важное событие года – организация и проведение V Всемирных игр кочевников в нашей столице.
Кроме того 2024 год объявлен Годом казахстанского туризма в Китае с целью продвижения потенциала нашей страны как турдестинации.
Для координации нашей работы по этим и другим важным вопросам на постоянной основе проводятся совещания в расширенном составе с руководителями структурных подразделений и подведомственных организаций министерства.
👍14