Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Өңір халқымен жүздесуде министрліктің биылғы жұмысы, туризм және спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалар және алдағы жоспарлар туралы айтып бердім.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысының 40 тумасы Олимпиадаға қатысты. Бұл – шығыс өңірінің спорттық әлеуеті жақсы екенін көрсетеді. Қытайда өткен Азиада қорытындысы бойынша жергілікті спортшылар семсерлесу, байдарка және каноэда ескек есу, есу слаломы бойынша жүлделі орындардан көрінді.

Өңірдің туристік әлеуеті туралы айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысы ерекше және әдемі табиғатқа бай еліміздегі бірегей мекен. Мұнда туризмнің барлық саласын дамытуға мол мүмкіндік бар. ЮНЕСКО тізіміне енген Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі әлемдік санаттағы көрнекі жер саналады. Бұл аймақ отандық қана емес, шетелдік туристерді тартатын орталықтың біріне айналуға тиіс.

Есептік кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдап, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдадым.
👍9
Провел отчетную встречу с жителями Восточно-Казахстанской области. Рассказал о текущей деятельности министерства, реформах в сфере туризма и спорта, о дальнейших планах.

За годы независимости нашей страны 40 уроженцев Восточно-Казахстанской области приняли участие на Олимпийских играх. Что свидетельствует о хорошем спортивном потенциале востока. На последней Азиаде воспитанники из ВКО завоевали призовые места по фехтованию, гребле на байдарках и каноэ, а также гребному слалому.

Если говорить о туристическом потенциале этого региона, то он огромен. ВКО – одна из богатейших областей своей уникальной и красивой природой. Все это создает благоприятные возможности развивать практически все виды туризма. Достопримечательностью мирового класса является Катон-Карагайский национальный природный парк, который включен в глобальный список ЮНЕСКО. Эти территории могут и должны стать одним из центров притяжения не только отечественных туристов, но и зарубежных.

После отчетной встречи ответил на вопросы журналистов и провел личный прием граждан, выслушал их проблемы и предложения.
👍7🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарым барысында Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайының жұмысымен таныстым

В ходе рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область ознакомился с работой Дворца единоборств имени Кажымукана
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым барысындағы Үстел теннисі және Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталықтартарының жұмысымен танысу

Посещение Центра настольного тенниса и Легкоатлетического центра «Ольга Рыпакова» в рамках рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область
🔥4👍21
https://drive.google.com/drive/folders/1vg9Odenka0wAAXFmKeORPrrzeKCk2di7?usp=sharing
_______________________________

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесуінен және аймақтың спорт және туризм объектілерімен танысу барысындағы фотосуреттер

___________________________

Фотографии с отчетной встречи с жителями Восточно-Казахстанской области, а также посещения спортивных и туристских объектов региона
🔥7👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Нидерланд матчы қарсаңында ұлттық құраманың жаттығуына бардым. Жауапты ойын алдында футзалшыларға қолдау білдіріп, сәттілік тіледім. Ұлттық құраманың бас бапкері Кака алдағы матчқа жігіттердің дайындығы мен жеңіске құштарлығы жоғары деңгейде екенін айтты.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі саналады. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан 4-орынға ие болса, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында біздің жігіттер қола жүлдегер атанған еді.

Алдағы матчта ұлттық құрамаға тек жеңіс тілеймін! Өз алаңымыздағы дәл осы бәсекеде келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама аламыз деп сенеміз.
👍4
В преддверии матча Казахстана с Нидерландами, в рамках элитного раунда квалификации Чемпионата мира по футзалу 2024, посетил тренировку национальной сборной. Поддержал наших футболистов, а главный наставник футзальной дружины Кака рассказал о готовности и боевом настрое ребят перед предстоящим матчем.

Сборная Казахстана по футзалу является одной из сильнейших команд в мире. На прошлом чемпионате мира Казахстан занял 4 место, бронзовыми медалистами мы были на Чемпионате Европы в 2016 году.

Желаю победы нашей сборной! Мы все верим, что проход на Чемпионат мира состоится именно в этой игре в родных стенах.
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біз – әлем чемпионатындамыз!

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасын жарқын жеңісімен құттықтаймын. Біздің жігіттер елордада өткен дүбірлі додада Нидерланд құрамасын 2:0 есебімен тізе бүктіріп, 2024 жылы Ташкентте өтетін әлем біріншілігіне қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Жігіттеріміз өз жанкүйерлеріміз алдында керемет ойын үлгісін көрсетіп, спорт кешеніне жиналған көрермендерге тамаша әсер сыйлады.

Ұлттық құрамамыз осыдан үш жыл бұрын Литвада өткен жаһан біріншілігінде 4-орынға ие болып, жер-жаһанның назарын өзіне аудартқан еді. Келесі жылы біздің жігіттер бұдан да жоғары жетістікке қол жеткізеді деп сенемін.
👍13
Мы на чемпионате мира!

Поздравляю национальную сборную Казахстана по футзалу с яркой победой. Наши ребята со счетом 2:0 в сухую обыграли сборную Нидерландов и досрочно прошли на первенство мира в Ташкенте в 2024 году.
Ребята показали перед своими болельщиками отличную игру и подарили много ярких эмоций зрителям, собравшимся в спорткомплексе.

Наша сборная три года назад заняла 4-е место на первенстве мира в Литве и привлекла внимание всего мира. Надеюсь, в следующем году наши ребята добьются еще большего успеха.
👍11🔥4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада еліміздің ең үздік боксшыларының қатысуымен «Чемпиондар түні IBА» үлкен бокс кеші ұйымдастырылып, ел тұрғындарына нағыз спорт мерекесін ұсынды.

Кеш барысында әлемдік аренада ел намысын қорғап жүрген былғары қолғап шеберлеріміз – Санжар Тәшкенбай, Сабырхан Махмұд, Серік Теміржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Бекзат Нұрдәулетов, Ерасыл Жақпеков және Данияр Елеусінов өз өнерлерін ортаға салды.

Отандық боксты өрге сүйреп жүрген Қазақстан командасы мен әлем боксшылары 4:4 есебімен тең түсті. Жігіттеріміздің жарқын жеңістері әлі алда. Спорттағы толағай табысымыз көп болғай.
👍4🔥3
В преддверии Дня Независимости в столице был организован большой боксерский вечер «Ночь Чемпионов ІВА» с участием лучших боксеров страны, который подарил жителям страны настоящий спортивный праздник.

В ходе вечера наши мастера кожаных перчаток – Санжар Ташкенбай, Сабырхан Махмуд, Серик Темиржанов, Дулат Бекбауов, Асланбек Шымбергенов, Бекзат Нурдаулетов, Ерасыл Жакпеков и Данияр Елеусинов, защищающие честь страны на мировой арене, продемонстрировали свое мастерство.

Казахстанская команда, прославляющая отечественный бокс, выступила в ничью против сборной мира со счетом 4:4.
Яркие победы наших ребят еще впереди. Пусть наши успехи в спорте только множатся.
👍7🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еліміздің тәуелсіздік күнінде таң азанымен АҚШ-тан ақжолтай хабар жетті. Аралас жекпе-жектегі ел мақтанышы Шавқат Рахмонов бүгін UFC-де кезекті айқасын өткізіп, қазақ елін тағы бір жарқын жеңісімен қуантты.

Егемендік күнінде ел тұрғындарын қуанышқа бөлеген даңқты спортшымызды жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жеңіс отандасымызға оңай келген жоқ. Қарсыласы да өте қарымды спортшы. Стивен Томпсон өзінің спорттық карьерасында 24 рет октагонға шығып, 17 мәрте жеңіс тойын тойлаған. Соған қарамастан Шавқат қазақ жігітіне тән мінез көрсетіп, намысты қолдан берген жоқ.

Жерлесіміздің алдағы сайыстарына да сәттілік тілеймін. Тек жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін
👍102
Отличная новость уже с раннего утра. Гордость страны в смешанных единоборствах Шавкат Рахмонов провел сегодня очередной поединок в UFC и порадовал нас еще одной яркой победой.

От всей души поздравляю нашего славного спортсмена!
Эта победа далась нашему соотечественнику нелегко. Соперник тоже очень сильный спортсмен. За свою карьеру Стивен Томпсон 24 раза выходил на октагон и 17 раз праздновал победу. Тем не менее, Шавкат проявил характер, свойственный настоящему бойцу и выложился на все 100.

Желаю успехов в предстоящих турнирах и стать чемпионом UFC.
👍17