Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
https://drive.google.com/drive/folders/1ADvcNOSCcfrMlDZqOjxudMvbP-4tW6I2?usp=sharing

________________________

ПАРИЖ ОЛИМПИАДАСЫНА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСТАН ФОТОСУРЕТТЕР

________
ФОТОГРАФИИ С
РАСШИРЕННОГО ЗАСЕДАНИЯ ПО ПОДГОТОВКЕ К ОЛИМПИЙСКИМ ИГРАМ В ПАРИЖЕ
👍9
Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капуджу мырзамен кездесіп, туризм және спорт саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерін талқыладық.

Түркия – туризм саласында әлемдегі көшбасшы мемлекеттің бірі екені баршаға мәлім. Сондықтан біз әңгіменің негізгі бөлігін Қазақстандағы туризмді дамыту тақырыбына арнадық. Мәселен, елші мырза Түркия тарапынан Түркістанға арнайы туристік маршруттар ұйымдастыру туралы ойын айтты. Ол түрленген Түркістан қаласы тек Қазақстанның ғана емес, Түркі жұрты үшін де қасиетті орын екенін ерекше атап өтті.
Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға жаңа серпін беру үшін Түркияның Қазақстан бойынша кәсіпкерлері мен инвестициялық компанияларына еліміздегі қысқы орындарды таныстыру үшін бизнес-миссия ұйымдастыруды ұсындым.

Кездесу соңында елші Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуді қолдайтынын айтты. Сондай-ақ Мұстафа мырза футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының кейінгі жылдардағы жетістіктерін атап өтіп, соңғы матчтарда біздің құрама үшін алаңдаушылық білдіргенін жеткізді. Сонымен қатар алдағы Грекияға қарсы ойында біздің ұлттық құрамаға сәттілік тіледі.
👍4
Встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Турецкой Республики в РК господином Мустафа Капуджу. Обсудили вопросы взаимного сотрудничества в области туризма и спорта.

Всем известно, что Турция одна из мировых лидеров в туристической отрасли, поэтому мы основную часть беседы посвятили теме развития туризма в Казахстане. Господин посол рассказал об интересе со стороны Турции созданию специальных туристических маршрутов в Туркестан. Он отметил, что этот город является священным местом для всего тюркского народа.
Для придания нового импульса развитию сотрудничества, я предложил организовать бизнес-миссию предпринимателей и инвестиционных компаний Турции по Казахстану для презентации зимних локаций.

В завершении встречи посол сказал, что поддерживает проведение Всемирных игр кочевников в Казахстане. Также господин Мустафа рассказал, что лично переживал за нашу сборную по футболу в последних матчах и пожелал удачи национальной команде в предстоящей игре против Греции.
👍12
Кеше таэквондодан республикалық спартакиаданың финалдық сайыстарын тамашалап, жеңімпаздарды марапаттадым.

Жарыстың соңғы күніндегі жекпе-жектер ерекше тартысты өтті. Еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар өнерін ортаға салып, жанкүйерлер алдында өз мықтылығын көрсетті. Жарыс барысында төрешілер әділ жұмыс істегенін, ал ел спартакиадасы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.

Сондай-ақ спартакиада аясында Пәкістан таэквондо федерациясының вице-президенті Аббас Саид Аунмен таныстым. Біз осы спорт түрінің дамуы және халықаралық турнирлерде екі елдің болашағы туралы пікір алмастық.
VI жазғы спартакиада аясында Қазақстан мен Пәкістан таэквондо федерациялары ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймын. Ендігі кезекте, намысты қолдан бермей, әлемдік сайыста үздіктер қатарынан көрінуіне тілектеспін.
👍10
Вчера мне удалось посетить финальные поединки республиканской спартакиады по таеквондо и вручить награды победителям.

Поединки в последний день соревнований были напряженными. Таеквондисты со всех регионов страны соревновались между собой и демонстрировали свое мастерство болельщикам. Стоит отметить, что в ходе соревнований судьи работали честно, а спартакиада страны была организована на высоком уровне.

Также во время турнира я познакомился с вице-президентом пакистанской федерации таеквондо Аббасом Саидом Ауном. Мы обменялись мнениями о развитии данного вида спорта и о перспективах двух стран на международных турнирах.
В рамках Vl летней спартакиады был подписан меморандум о сотрудничестве между Казахстанской федерацией таеквондо и пакистанской.

Поздравляю наших спортсменов с яркими победами и в дальнейшем желаю успешного выступления на международных соревнованиях.
👍11
Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Өңір халқымен жүздесуде министрліктің биылғы жұмысы, туризм және спорт саласында жүргізіліп жатқан реформалар және алдағы жоспарлар туралы айтып бердім.

Еліміздің тәуелсіздік жылдарында Шығыс Қазақстан облысының 40 тумасы Олимпиадаға қатысты. Бұл – шығыс өңірінің спорттық әлеуеті жақсы екенін көрсетеді. Қытайда өткен Азиада қорытындысы бойынша жергілікті спортшылар семсерлесу, байдарка және каноэда ескек есу, есу слаломы бойынша жүлделі орындардан көрінді.

Өңірдің туристік әлеуеті туралы айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысы ерекше және әдемі табиғатқа бай еліміздегі бірегей мекен. Мұнда туризмнің барлық саласын дамытуға мол мүмкіндік бар. ЮНЕСКО тізіміне енген Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі әлемдік санаттағы көрнекі жер саналады. Бұл аймақ отандық қана емес, шетелдік туристерді тартатын орталықтың біріне айналуға тиіс.

Есептік кездесуден кейін журналистердің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдап, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдадым.
👍9
Провел отчетную встречу с жителями Восточно-Казахстанской области. Рассказал о текущей деятельности министерства, реформах в сфере туризма и спорта, о дальнейших планах.

За годы независимости нашей страны 40 уроженцев Восточно-Казахстанской области приняли участие на Олимпийских играх. Что свидетельствует о хорошем спортивном потенциале востока. На последней Азиаде воспитанники из ВКО завоевали призовые места по фехтованию, гребле на байдарках и каноэ, а также гребному слалому.

Если говорить о туристическом потенциале этого региона, то он огромен. ВКО – одна из богатейших областей своей уникальной и красивой природой. Все это создает благоприятные возможности развивать практически все виды туризма. Достопримечательностью мирового класса является Катон-Карагайский национальный природный парк, который включен в глобальный список ЮНЕСКО. Эти территории могут и должны стать одним из центров притяжения не только отечественных туристов, но и зарубежных.

После отчетной встречи ответил на вопросы журналистов и провел личный прием граждан, выслушал их проблемы и предложения.
👍7🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапарым барысында Қажымұқан атындағы жекпе-жек сарайының жұмысымен таныстым

В ходе рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область ознакомился с работой Дворца единоборств имени Кажымукана
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарым барысындағы Үстел теннисі және Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталықтартарының жұмысымен танысу

Посещение Центра настольного тенниса и Легкоатлетического центра «Ольга Рыпакова» в рамках рабочей поездки в Восточно-Казахстанскую область
🔥4👍21
https://drive.google.com/drive/folders/1vg9Odenka0wAAXFmKeORPrrzeKCk2di7?usp=sharing
_______________________________

Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарымен есептік кездесуінен және аймақтың спорт және туризм объектілерімен танысу барысындағы фотосуреттер

___________________________

Фотографии с отчетной встречи с жителями Восточно-Казахстанской области, а также посещения спортивных и туристских объектов региона
🔥7👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатының элиталық іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Нидерланд матчы қарсаңында ұлттық құраманың жаттығуына бардым. Жауапты ойын алдында футзалшыларға қолдау білдіріп, сәттілік тіледім. Ұлттық құраманың бас бапкері Кака алдағы матчқа жігіттердің дайындығы мен жеңіске құштарлығы жоғары деңгейде екенін айтты.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдегі ең үздік командалардың бірі саналады. Өткен әлем чемпионатында Қазақстан 4-орынға ие болса, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында біздің жігіттер қола жүлдегер атанған еді.

Алдағы матчта ұлттық құрамаға тек жеңіс тілеймін! Өз алаңымыздағы дәл осы бәсекеде келесі жылғы әлем чемпионатына жолдама аламыз деп сенеміз.
👍4