Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
БОКСТАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДА ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Жарыстың соңғы күніндегі финалдық жекпе-жектер өте тартысты өтті. Елорда шаршы алаңында еліміздің ең үздік боксшылары мен әр жылдардағы 6 әлем чемпионы қолғап түйістіріп, жанкүйерлерге өз шеберлігін паш етті. Жарыс барысында төрешілер әділ жұмыс істегенін, ал
Спартакиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталып, ұлттық құрама жаңадан жасақталады.

Енді үздік шыққан былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық және Олимпиада ойындарына лицензия беретін жарыстарға қатысады. Қазіргі таңда бокстан Қазақстан құрамасында Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Азия ойындарында Қамшыбек Қоңқабаев пен Карина Ибрагимова лицензияға ие болған еді.

Апта бойы боксшыларға қолдау білдіріп, жарысты тамашалаған елорда тұрғындары мен қонақтарына ерекше алғысымды білдіргім келеді. Олар сүйікті боксшыларына соңына дейін болысып, спорт кешенін нағыз бокс думанына бөледі.
👍10
ЗАВЕРШИЛАСЬ РЕСПУБЛИКАНСКАЯ СПАРТАКИАДА ПО БОКСУ.

Финальный день соревнований выдался особенно напряженным и зрелищным. Сегодня на ринге встречались лучшие из лучших, в их числе показали свое мастерство 6 чемпионов мира разных лет. Судейство было справедливое, а сама Спартакиада прошла на очень высоком уровне. Определились первые номера в своих весовых категориях.

По итогам соревнований будет сформирована национальная сборная, которая в следующем году поборится за лицензии на участие в Олимпийских играх. Напомню, что сегодня у нас уже две путевки в Париж, ранее их обладателями стали Камшыбек Кункабаев и Карина Ибрагимова.

Огромную благодарность хотелось бы выразить всем гостям и жителям столицы, кто пришел поболеть за ребят.
Атмосфера на трибунах была потрясающей, болельщики тепло и в тоже время активно поддерживали своих фаворитов.
👍16
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕҢІСТІҢ БӘРІ АЛДА!

ПОБЕДЫ У НАС ВПЕРЕДИ!
9🔥3👍2
https://drive.google.com/drive/folders/1bVuie-KcLqezJlf8w4-m76-fa6bIH9Jw?usp=sharing
🔼🔼🔼🔼🔼🔼🔼🔼🔼🔼🔼
Туризм және спорт министрі Е.Маржықпаевтың Қостанай облысы тұрғындарымен есептік кездесуінен және аймақтың спорт объектілерімен танысу барысындағы фотосуреттер
___________

Фотографии с отчетной встречи министра туризма и спорта Е.Маржикпаева с жителями Костанайской области и посещения спортивных объектов региона
👍15
Қостанай облысына жасаған сапарым аясында бірқатар спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен таныстым.

Ең алдымен Қ.Оспанов атындағы №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 50 метрлік бассейніне бардым. Бұл мектепте 34 оқу тобы жасақталып, 500-ден астам адам спорт түрлерімен шұғылданады.

Келесі объектіміз мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында салынған «Тобыл-Арена» жабық футбол стадионы болды.

Қостанай қаласында «Артромед» заманауи медицина орталығы жұмыс істейді. Медициналық мекеменің негізгі бағыты – жарақат алған спортшыларды емдеуге және оларды қалпына келтіруге бағытталған.

Сондай-ақ өңір тұрғындары бір мезетте ауыр атлетика, пауэрлифтинг, армрестлинг сияқты спорт түрлерімен шұғылдана алатын күш спорты академиясы бар. Бұл ғимаратта су спорты түрлерімен де айналысуға жағдай жасалған.

Өңірлік бокс мектебінде спорт түрлері бойынша жергілікті федерациялардың өкілдерімен және аға жаттықтырушылармен спорт саласындағы өзекті мәселелерді талқыладық.

Артынан футбол академиясына да барып, жұмыс жағдайларын көріп шықтым.
👍10