Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Жуырда ғана Мажарстан астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында еліміздің көк Туын биікте желбіретіп, Қазақстан үшін тарихи алтын жүлдені сыйлаған Мөлдір Жаңбырбай мен әлем біріншілігінің қола жүлдегері Дидар Әмірәліні қабылдап, Президенттің арнайы алғыс хатын табыстадым.

Қос спортшымыздың әлем чемпионатындағы ірі жетістігін тек қазақ жұрты ғана емес, бүкіл әлемнің каратэ жанкүйерлері жоғары бағалады. Өздеріңіз білетіндей, кейінгі жылдары елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келеді. Мәселен, биылғы Азия ойындарында отандастарымыз 3 алтын, 3 күміс, 2 қола медальді олжаласа, әлем біріншілігінде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Мөлдір мен Дидар бүгінде кішкентай сәби тәрбиелеп отырған жас отбасы. Оларға шын жүректен отбасылық табыс, амандық тілеймін. Болашақта Медина қызымыз да ата-анасының ізін жалғап, елімізді әлемге танытатын чемпион болады деп үміттенемін.
👍101👏1
Совсем недавно в столице Венгрии Будапеште прошел чемпионат мира WKF по каратэ, на котором наши спортсмены продемонстрировали исторический результат. Молдир Жанбырбай стала первой чемпионкой мира из Казахстана, а Дидар Амирали принес в копилку нашей сборной бронзовую награду. Я вручил нашим призерам благодарственные письма от имени Главы государства.

Выступления наших каратистов были высоко оценены не только в Казахстане, но и на мировой арене. Как вы сами знаете, в последние годы каратэ в нашей стране развивается на очень высоком уровне. Например, на прошедших Азиатских играх наши соотечественники выиграли 3 золотые, 3 серебряные, 2 бронзовые медали, также на чемпионате мира наша сборная принесла в копилку 1 золото, 1 серебро и 1 бронзовую медаль.

Молдир и Дидар – молодая семья, которая воспитывает маленькую дочку. Я от всей души хочу пожелать им семейного благополучия. Надеюсь маленькая Медина пойдет по стопам своих родителей и принесет для нашей страны еще множество побед.
👍102
Елордада алғаш рет ұйымдастырылған бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Аса тартысты өткен финалдық жекпе-жектердің бірінші күнінде боксшылардың өнерін тамашалап, спортшыларды марапаттадым.

Шаршы алаң бәсекесінде талантты өрендеріміз тамаша нәтиже көрсетіп, Азия жұртшылығы алдында Қазақстан әлемдік бокс державасы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жастар - біздің жарқын болашағымыз, кемел - келешегіміз. Сондықтан кешегі жарыста оза шапқан былғары қолғап шеберлеріміз ұлттық құраманың жақын жылдардағы резерві екенін ұмытпауымыз керек. Енді сол боксшыларды бұдан да мықты етіп, дұрыс бағытта тәрбиелеп, ересектер құрамына қосу қажет.

Айта кетейік, Азияның 22 елінен келген былғары қолғап шеберлері бәсекесінде отандастарымыз 15 алтын, 11 күміс және 15 қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлерді жеңісімен шын жүректен құттықтаймын және оларға жарқын болашақ тілеймін.
👍91
Впервые в Астане прошел чемпионат Азии по боксу среди молодежи и юниоров. Я стал свидетелем зрелищных финальных поединков первого дня соревнований. Поздравил и наградил призеров турнира.

Домашние стены помогли нашим молодым боксерам показать хорошие результаты, еще раз доказав на международной арене уровень казахстанского бокса.

Молодежь и юниоры – это наше светлое будущее. Участники и призеры этого турнира – это ближайший резерв и будущий костяк национальной сборной по боксу. Поэтому тренерам необходимо продолжить работу с талантливыми ребятами и помочь сильнейшим перейти в следующее звено подготовки.

На данном чемпионате по Азии участвовали спортсмены из 22 стран. Наши соотечественники показали достойный результат – 15 золотых, 11 серебряных и 15 бронзовых медалей.

Поздравляю триумфаторов соревнования и желаю им долгой и успешной карьеры в будущем.
👍73
Ханчжоудағы Азия ойындарында ескек есу спорты түрлерінен Қазақстан құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсетпеді. Ескек есу сайысында жерлестеріміз жүлдесіз қалса, байдарка мен каноэде есуде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жеңіп алды.

Азия ойындарының алдында федерация басшылығы жүлде саны мен сапасы жағынан жоғары нәтиже көрсететінін мәлімдеген еді. Өкінішке қарай, спортшыларымыз Ханчжоуда функционалдық және дене даярлығының әлсіз екенін көрсетті. Сондай-ақ спортшылар ішкі тәртіп ережесіне бағынған жоқ. Бұл жағдай жалпыкомандалық нәтижеге де кері әсерін тигізді.

Қазір басты мақсат – Париж Олимпиадасының жолдамасын иелену. Қалған 8 айда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, алға қойған мақсатты орындау керек. Ал ұлттық құрама жаттықтырушылары өз міндеттерінен бөлек, спортшыларды Париждегі ойындарға физикалық және психологиялық тұрғыда жақсы дайындықпен апаруға тиіс.
👍7
На Азиатских играх в Ханчжоу сборная Казахстана по гребным видам спорта показала неоднозначные результаты. В академической гребле спортсмены не завоевали наград, в гребле на байдарках и каноэ суммарно 8 наград разной пробы - 1 золото, 4 серебра и 3 бронзы.

Федерация перед этим важным стартом давала совсем другие обязательства по количеству и качеству наград. К сожалению, Азиасткие игры показали слабую функциональную и физическую подготовку спортсменов. Также нарушения спортивной дисциплины внутри сборной перед этим важным стартом оказали негативное влияние на итоговый результат.

Главная задача на сегодня – это заработать лицензии на участие в Олимпийских играх 2024. В оставшиеся 8 месяцев нужно выложиться на максимум и добиться поставленной цели. Тренерский штаб сборной, помимо выполнения обязательных задач, должен подвести спортсменов в наилучшей физической и психологической форме к Парижу на следующий год.
👏9👍1