Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловпен кездестім.
Алдымен федерация штабын аралап, жұмысымен таныстым. Штаб аумағында жабық футбол алаңы бар. Мұнда аталған спорт түрімен айналысуға барлық жағдай жасалған және футбол төсенішінің сапасы өте жоғары.

Одан кейін федерация өкілдері және министрліктің жауапты қызметкерлерінің қатысуымен өткен жиынға қатыстым. Онда елімізде футболды дамыту, ұлттық құраманың соңғы жетістіктері мен алдағы жұмыс жоспары туралы сөйлестік.

Бүгінде Қазақстанда футболмен жүйелі түрде айналысатындардың саны 1,4 млн адамға жетті. Федерация алдағы уақытта әуесқой футболшылардың санын 2,5 млн-ға дейін арттыруды көздеп отыр. Ол үшін кешенді жұмыс жүргізілетін болады.

Атап айтқанда, жастар мен жасөспірімдерді футболға баулу мақсатында бірнеше жоба жүзеге асырылады. Соның бірі – еліміздің барлық өңірінде ұйымдастырылатын футбол фестивалі. Соңғы жылдары осындай жұмыстардың нәтижесінде футболға қызығатындардың саны 600 мың адамға артты.

Футбол – шын мәнінде халықтық ойын. Бұқара арасында ең танымал және қолжетімді спорт түрі саналады.

Басты міндеттердің бірі – балалар футболын дамыту. Бұл біздің ұлттық командамызды қалыптастырудың негізі. Осы бағытта инфрақұрылым мен бағдарламаларды дамытуды жалғастыру қажет.

Сонымен қатар, тек дарынды футболшыларды ғана емес, жоғары білікті төрешілер мен менеджерлерді даярлау мәселесіне үлкен көңіл бөлу керек.

Министрлік елімізде футболды дамыту үшін өз тарапынан барлық жағдайды жасап, қолдау көрсететін болады. Бізге барлық жұмыстың қағаз бетінде ғана қалмай, шын мәнінде нәтиже бергені маңызды. Сол себепті жоспарлардың орындалуын жіті қадағалайтын боламыз.
🔥9
Посетил Казахстанскую федерацию футбола и встретился с президентом федерации Адилетом Барменкуловым.
В первую очередь, мы с коллегами ознакомились с работой штаба организации. На базе федерации расположено крытое футбольное поле и, в принципе, здесь созданы все условия для развития данного вида спорта.

После этого состоялась встреча с представителями федерации и ответственными сотрудниками министерства. Мы обсудили вопросы развития футбола в стране, последние достижения национальной команды и предстоящие задачи.

На сегодняшний день в Казахстане более 1,4 миллиона человек занимаются футболом систематически. Федерация стремится увеличить эту цифру до 2,5 миллионов в ближайшее время. Для этого проводится множество работ.

Кроме того, проводятся различные программы и мероприятия для привлечения молодежи и детей к футболу. Одним из них является национальный футбольный фестиваль, который охватывает все регионы страны. В результате таких мероприятий в прошлом году количество участвующих достигло 600 тысяч человек.

Футбол действительно является народной игрой. Этот вид спорта наиболее популярный и доступный среди населения.

Одной из приоритетных и главных задач – развитие детского футбола. Это основа для формирования нашей национальной команды. Необходимо продолжать развивать инфраструктуру и программы в этом направлении.

Кроме того, важно уделить особое внимание подготовке высококвалифицированных тренеров и менеджеров.

Министерство активно поддерживает и разрабатывает все необходимые инициативы по развитию футбола в стране. Важными являются не только планы и обещания, но и реальные результаты. Поэтому контроль над выполнением планов играет ключевую роль.
👍14🔥1
👍9🔥1
Бүгін Мемлекет басшысы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдап, арнайы құттықтады. Сондай-ақ жуырда еркін күрестен қазақтың тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жеңісін ерекше атап өтті. Ақорда төріндегі бұл ресми қабылдау – саңлақ спортшыларымызды айрықша қанаттандырды.

Баршамыз куә болғандай, кешегі байрақты бәсекеде ел намысын арқалаған спортшыларымыз аянбай сынға түсті. Көк Туымыз жеңіс тұғырынан бірнеше мәрте желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Әрине, жалпы есептік қорытындының төмен болғанын айтпай кете алмаймыз. Оны Президентіміз де ашық айтып, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермеу керектігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы барлық спорт түрі бойынша жіберілген олқылықтарды түзету үшін министрлікке бірқатар тапсырма беріп, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсыну керектігін баса айтты. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Спортшыларымыз Президентіміз артқан зор сенімді тыңғылықты дайындық, жеңіске деген табанды талпыныспен Париж олимпиадасында толық ақтайды деп сенемін.
Жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатқан спортшыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймын.
👍4🔥3
Глава государства принял призеров Азиатских игр, прошедших в Ханчжоу и поздравил их с завоеванными медалями. Во время встречи Президент отметил достижение Ризабека Айтмухана, который стал первым чемпионом мира по вольной борьбе из Казахстана.Данный прием в Акорде подкрепляет уверенность наших спортсменов в поддержке со стороны государства и мотивирует их на дальнейшие свершения.

Все были свидетелями, как на прошедших играх наша сборная усиленно боролась за каждую победу. Благодаря им на подиуме многократно поднимался голубой флаг, звучал наш гимн. Это были знаменательные моменты для нашей страны. Конечно, нельзя не упомянуть, что общий результат был низким. Это также открыто озвучил Президент, подчеркнув, что в дальнейшем таких ошибок не следует допускать.

Как профильное ведомство мы также проводим большую работу над ошибками. Главой государства дан ряд конкретных поручений по разработке новых направлений развития спорта.
Уверен, что наши спортсмены своим упорством и стремлением к победе на Олимпиаде в Париже полностью оправдают доверие Президента.
Еще раз поздравляю наших спортсменов, ставших победителями и прославивших страну.
👍172