Ermek Marzhyqpaev
593 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Алматы қаласындағы спорт нысандарын аралап, материалды-техникалық жағдайымен және министрлік назарға алуы тиіс өзекті мәселелерімен таныстым.

Алдымен заманауи стандарттарға сай жабдықталған Sadu Arena - күрес орталығына бардым. Кешенде 6 күрес кілемі төселген. Бір уақытта 80 палуан жаттығу жасай алады. Айта кетейін, Қазақстан тарихындағы тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан дәл осы жерде дайындалған. Орталықтың тыныс-тіршілігімен танысқан соң Ризабектің әкесі Қанат Жолдасбаймен кездестім. Белградта өткен әлем чемпионатындағы алтын жүлдемен құттықтап, чемпионды тәрбиелегені үшін алғыс білдірдім.

Спорттағы кез-келген жетістік спортшылар мен жаттықтырушылардан бөлек, білікті медициналық қызметкерлердің жұмысының нәтижесі. Спорт пен медицина бөліп-жаруға келмейтін, қатар жүретін сала. Сол себепті Алматыдағы Спорттық медицина және оңалту орталығына соқтым. Мекеме қызметкерлерімен еліміздегі спорттық медицинаның жағдайы туралы пікір алмастық. Әрине, бүгінде спорт бір орында тұрған жоқ. Сол себепті медицинаның да соңғы трендтерден кенже қалмағаны маңызды. 40 жылдан артық тарихы бар орталық ғимаратының жағдайы мен жабдықталуына қатысты мәселелер бар. Бұл сұрақтарды ұжыммен кеңесе отырып, кезең-кезеңімен шешетін боламыз.

Алматыдағы республикалық спорт колледжіне де барып, оқушылармен және оқытушы-жаттықтырушылармен сөйлестім. Мұнда 428 бала білім алады. Олардың арасында әлем және құрлық чемпионаттарында жүлде алып жүрген жастар бар. Жатақхана мен асхананы аралап, балалардың қалай тамақтанып, қайда тынығатынын көрдім.

Дзюдо академиясына барып, жас палуандардың жаттығуына қатыстым. Мұнда еліміздің барлық өңірінен іріктелген 80-ге жуық бала білім алады. Жастардың жанарында оты бар, спортқа деген құштарлықтары бірден байқалады. Биыл академияның 5 оқушысы әлем біріншілігіне қатысып, 1 палуан қола медаль алған.

Сапар аясында К.Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне де барып, жас спортшылармен және оқытушылар құрамымен кездестім. Мұнда 385 оқушы мен 120 студент білім алып, спорттың 16 түрімен айналысады. Білім ордасының оқу корпусы жөндеуді қажет етеді. Атап айтқанда, жылу құбырлары және электр желісін жаңарту керек. Бұл мәселені де министрлікте пысықтау үшін назарға алдым. Қара шаңырақта семсерлесушілердің дайындық базасы орналасқан. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вилор Дьякокинді көргеніме қуанышты болдым. Жасы 80-нен асса да жастарға тәлім-тәрбие беріп, жаттықтырып келеді. Осындай ардагерлеріміздің ортамызда жүргені біз үшін мақтаныш.

Алматыда мен барған тағы бір нысан - CHAMP1ON спорт кешені болды. Мұнда бір мезетте 700 адамға дейін жаттыға алады. Кешеннің жүзу, баскетбол залдарын аралап, жаттықтырушылармен сөйлестім. Кешен әкімшілігі әлеуметтік осал топтағы отбасылардың балаларын тегін жаттықтырады. Бұл өте құптарлық және үлгі боларлық бастама.

«Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жұмыс сапарымдағы соңғы нысан болды. Білім ордасының медицина кабинетін жабдықтау бойынша сұрақтар бар. Мектеп-интернат-колледжде 3 дәрігер, 7 медбике қызмет етеді. Олармен балалардың денсаулығы, физикалық жүктемесі мен тамақтануы туралы сөйлестік. Білім ордасында еліміздің барлық өңірінен келген оқушылар дәріс алады. Сондықтан медицина мамандарына әр баланың жағдайын жіті бақылауда ұстау аса маңызды.

Бүгінде министрлік тарапынан спорттық дарыны бар балаларға жан-жақты қолдау көрсетіледі. Алматы қаласында білім беру нысандарын аралағанда оқытушы-жаттықтырушылармен, медицина мамандары және мекеме басшыларымен нақты нәтижеге бағытталған, кешенді жұмыс жүргізудің маңызы туралы сөйлестік. Себебі, еліміздің әр өңіріндегі спорт мектеп-колледждерінің тәрбиеленушілері ұлттық құраманың резерві болуы тиіс.

t.me/Ermek_Marzhyqpaev1
👍5
Осмотрел спортивные объекты Алматы, ознакомился с их материально-техническим состоянием и с проблемными вопросами, требующими внимание Министерства.

Сначала я посетил оборудованный по современным стандартам борцовский центр. В комплексе есть 6 борцовских ковров, на которых могут одновременно тренироваться 80 спортсменов. Отмечу, что здесь занимался первый в истории Казахстана чемпион мира по вольной борьбе Ризабек Айтмукан. Я встретился с отцом Ризабека Канатом Жолдасбаем, поздравил его с золотой наградой сына на чемпионате мира в Белграде и поблагодарил за воспитание чемпиона.

Любое достижение в спорте является результатом работы не только атлетов и тренеров, но и квалифицированного медперсонала. Спорт и медицина — это неразрывно связанные области. Поэтому я посетил Центр спортивной медицины и реабилитации в Алматы, где обменялся мнениями о состоянии отрасли с сотрудниками учреждения. Конечно, сегодня спорт не стоит на месте. Поэтому важно, чтобы и медицина не отставала от последних трендов. Есть вопросы относительно состояния и оснащения здания центра, история которого насчитывает более 40 лет. Эти проблемы мы будем решать поэтапно.

Сегодня Министерство оказывает всестороннюю поддержку одаренным в спорте детям. При посещении объектов образования города Алматы мы поговорили с тренерами-преподавателями, медработниками и руководителями учреждений о важности комплексной работы, ориентированной на конкретные результаты. Ведь воспитанники спортивных школ-колледжей в каждом регионе страны должны быть резервом национальной сборной.

После я посетил Республиканский спортивный колледж, где пообщался с учащимися и тренерами-преподавателями. Здесь обучаются 428 детей. Среди них — призеры чемпионатов мира и континента. Обойдя общежитие и столовую, я посмотрел, как ребята питаются, где отдыхают и взял «на карандаш» проблемные вопросы.

А находясь в Академии дзюдо я поучаствовал в тренировке юных борцов. Здесь обучаются около 80 детей, отобранных со всех регионов страны. В этом году 5 учащихся академии приняли участие в мировом первенстве, один борец завоевал бронзовую медаль.

Также я посетил Республиканскую специализированную школу-интернат-колледж олимпийского резерва имени К. Ахметова, где встретился с молодыми спортсменами и преподавателями. Здесь обучаются 385 школьников и 120 студентов, которые занимаются 16 видами спорта. Учебный корпус вуза нуждается в ремонте. В частности, необходимо модернизировать теплопроводы и электросеть. Этот вопрос я тоже взял во внимание для проработки в Министерстве. В учебном заведении расположена тренировочная база фехтовальщиков. Я был рад повидаться с Заслуженным тренером РК Вилором Дьякокиным. Даже в 80 с лишним лет он продолжает воспитывать и тренировать молодежь. Для нас большая гордость, что такие ветераны находятся среди нас.

Еще одним объектом, который я посетил в Алматы, стал спортивный комплекс CHAMP1ON. Здесь одновременно могут тренироваться до 700 человек. Я побывал в плавательном и баскетбольном залах комплекса, пообщался с тренерами. Администрация объекта бесплатно обучает детей из социально уязвимых семей. Это очень полезное и достойное подражания начинание.

Последним пунктом моей рабочей поездки стало посещение Республиканской специализированной школы-интерната-колледжа олимпийского резерва в микрорайоне «Шанырак». Есть вопросы по оснащению медицинского кабинета учебного заведения. В нем работают 3 врача и 7 медсестер. Мы поговорили о здоровье, физической нагрузке и питании детей. Сюда приезжают школьники со всех регионов страны и медицинским работникам важно держать под пристальным контролем состояние каждого ребенка.

t.me/Ermek_Marzhyqpaev1
👍61
Қазақстан құрамасы Азия ойындарына қатысу үшін Қытайдың Ханчжоу қаласына келді. Осыған орай байрақты бәсеке қарсаңында Қазақстанның Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі өтті.

Жазғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 23 қыркүйекте өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 524 спортшы бар. Олар жарыс бағдарламасына қосылған 40 спорт түрінің 30-на қатысады. Отандық спортшылар 44 дициплина бойынша марапатқа таласады, онда 305 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жалпы Азиадада 61 дициплина бойынша 481 медаль жиынтығы ойнатылады.

Жақын күндері үлкен спорт мерекесі басталады. Біздің спортшылар мен жаттықтырушылар оған ұзақ уақыт дайындалды. Әрине, біздің команда Қытайға жоғары нәтиже көрсету және отандастарымыздың үмітін ақтау үшін келді. Ту көтеру рәсімі үлкен доданың басталуын білдіреді. Осы Азия ойындарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы бірнеше мәрте көтеріліп, спорт ареналарында Әнұранымыздың жиі шырқалғанын естиміз деп үміттенемін.

————————

В преддверии Азиатских игр в китайском городе Ханчжоу прошло торжественное поднятие флага Казахстана, приуроченное к прибытию сборной нашей страны в КНР для участия в соревнованиях.

Официальная церемония открытия Летних Азиатских игр состоится 23 сентября. Национальная сборная Казахстана представлена 524 спортсменами. Они выступят в 30 видах спорта из 40 завяленных. Отечественные атлеты поборются за награды в 44-х дисциплинах, где будут разыграны 305 комплектов медалей. В общей сложности на Азиаде будет разыгран 481 комплект медалей в 61 дисциплине.

Большой спортивный праздник начнется уже совсем скоро. Наши спортсмены и тренеры долго и упорно к нему готовились. Разумеется, наша команда прибыла в Китай, чтобы показать высокие результаты и оправдать надежды соотечественников. Церемония поднятия флага символизирует начало большого пути. Надеюсь, на этих Азиатских играх мы не раз увидим, как Государственный флаг Республики Казахстан поднимается под своды арены под звуки нашего гимна.

t.me/Ermek_Marzhyqpaev1
👍9