Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Өкінішке қарай, бүгін біздің команда жеңе алмады, бірақ бұл спорт – онда жеңіс пен жеңілістер қатар жүреді.

Спортшыларымыз соңғы сәтке дейін барын салғанын атап өтемін.Нәтижеге қарамастан, команда лайықты ойын көрсетті.

Стадионды толтырған жанкүйерлерді бөлек атап өткім келеді. Қолдау жоғары болды. Солтүстік Ирландиямен ойында да осындай ыстық қолдау болады деп үміттенемін.

Ал, біздің жігіттерімізге жексенбілік матчта жеңіс тілеймін. Біз сіздермен әрқашанда біргеміз!
К сожалению, сегодня нашей сборной победить не удалось, но это спорт – поражения случаются.

Тем не менее, отмечу, что наши ребята бились до последнего, пусть сравнять счет у них и не получилось. Несмотря на результат, команда показала достойную игру.

Отдельно хочу отметить болельщиков, заполнивших стадион. Поддержка сегодня была на высоте. Надеюсь, в игре с Северной Ирландией она будет не менее горячей.

Ну, а нашим парням желаю победы в воскресном матче. Мы болеем за вас, несмотря ни на что!
Албания Президенті Байрам Бегайдың Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында кеңейтілген құрамда өткен екі мемлекет басшыларының келіссөздеріне қатыстым. Талқылау барысында қазақ-албан әріптестігінің негізгі мәселелері қозғалды, сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің қарым-қатынасын одан әрі нығайту үшін зор мүмкіндік пен әлеует бар екеніне назар аударды. Президент БҰҰ, ЕҚЫҰ және ИЫҰ секілді ірі халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығымыз бен байланыстарымызды нығайту қажет екенін атап өтті.

Туризм, көлік, энергетика және басқа да салалардағы мүмкіндіктер туралы айта келе, Мемлекет басшысы Астана мен Тирана арасында тікелей әуе қатынасын орнату қажеттігін мәлімдеді. Қазақстан өзара ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін және нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынымызды атап өтті.

———

В рамках официального визита Президента Албании Байрама Бегая в Республику Казахстан я принял участие в переговорах глав двух государств, прошедших в расширенном составе. В ходе обсуждения были затронуты ключевые вопросы казахско-албанского партнерства, особое внимание было уделено укреплению торгово-экономического, транспортно-логистического, инвестиционного и гуманитарного сотрудничества.

Президент Касым-Жомарт Токаев подчеркнул, что у Казахстана и Албании имеются большие возможности и потенциал для дальнейшего укрепления связей. Он подчеркнул необходимость развивать двустороннее сотрудничество и контакты между странами в крупных международных организациях, таких как ООН, ОБСЕ, ОИС.

Говоря о существующих возможностях в области туризма, транспорта, энергетики и других сферах, Глава государства заявил о необходимости установления прямого авиасообщения между Астаной и Тираной. Он отметил, что Казахстан очень заинтересован в развитии двустороннего сотрудничества, и мы будем делать все возможное для достижения практических результатов.
🔥3
ҚР Туризм және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті:

Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары аясында салынып жатқан республикалық олимпиадалық дайындық базасына барды.

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев аппарат кеңесін өткізіп, Азиада-2023-ке дайындық барысымен танысты және әріптестерімен ойын бизнесін реттеуді күшейту жөніндегі заң жобасын талқылады.

2023 жылдың алғашқы жартыжылдығында еліміздегі орналастыру орындары туристерге 98,7 млрд теңгеге қызмет көрсетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45% - ға артық.

Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионатында қазақстандық палуандар 1 алтын және 2 қола медаль жеңіп алды. Спортшыларды Туризм және спорт министрі құттықтады.

Отандық туроператорлардың сауалнамасына сәйкес, шетелдік туристер арасында ең танымал ұлттық тағамдар - ет, бауырсақ, қазы, жент және қызыл іірімшілік.

«Дене шынықтыру және спорт» даярлау бағыты бойынша педагог кадрларды жұмысқа орналастыру көрсеткіші 75,6% пайызды құрайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен балалар-жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарына оқушылардың жас ерекшелігіне қатысты қойылатын талапты қайта қарайды.
🔥3
Краткий дайджест новостей Министерства туризма и спорта РК за неделю:

Глава государства Касым-Жомарт Токаев в рамках официального визита в Алматинскую область осмотрел строящуюся Республиканскую базу олимпийской подготовки.

Министр туризма и спорта Ермек Маржикпаев провел аппаратное совещание и ознакомился с ходом подготовки к Азиаде-2023 и обсудил с коллегами законопроект по усилению регулирования игорного бизнеса.

На 98,7 млрд тенге обслужили туристов места размещения страны за первое полугодие 2023 года. Это на 45% больше показателей за аналогичный период прошлого года.

На чемпионате мира по греко-римской борьбе среди спортсменов с нарушениями слуха казахстанские борцы завоевали 1 золотую и 2 бронзовые медали. Министр туризма и спорта поздравил атлетов.

По данным опросов отечественных туроператоров, самыми популярными у иностранных гостей национальными блюдами являются мясо по-казахски, бауырсақ, қазы, жент и қызыл ірімшік.

75,6% составляет процент трудоустройства педагогических кадров по направлению подготовки «Физическая культура и спорт».

Министерство туризма и спорта РК пересмотрит возраст учащихся детско-юношеских спортивных школ и детско-юношеских клубов физической подготовки.
Жеңіс! Біздің команда 1:0 есебімен жеңіске жетті!
Футболдан Еуропа чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландиямен матчта маңызды 3 ұпай жинады. Өткен жолы финдерге есе жібергенімен еңсесін қайта тіктеген ойыншыларымыздың осы жолғы ойынына тәнті болдым.
Мемлекет басшысының футболшыларымызға қолдау білдіріп, ойынға жанкүйер ретінде келуі оларды ерекше жігерлендірді.

Қазақстан командасының ойынын тамашалау қуаныш сыйлағанын жасыра алмаймын. Жаттықтырушылар штабының үлкен жұмыс атқарғаны айқын көрінді. Осы ретте мен голл авторы Максим Самородовты бөлек атап өткім келеді. Жас шабуылшы қарсылас команданың қақпасына дәл соққы жасады.

Мен ұлттық құраманы және барлық қазақстандықтарды осынау жеңіспен құттықтаймын! Алдағы ойындар оңай болмайтыны анық, бірақ біз жігіттеріміздің дайындығы мен шеберлігіне сенеміз. Футболда мүмкін емес нәрсе жоқ. Ал, туған елінің намысы үшін барын салып, соңғы сәтке дейін әдемі ойын көрсеткен ойыншыларымызға сәттілік серік болсын демекпін.
Алматы облысындағы олимпиадаға даярлаудың республикалық базасына барғаннан кейін тағы бір ірі нысан – Астанадағы Ұлттық спорт университетінің құрылысымен таныстым. Мұнда білім алудың толық циклы: колледж және ЖОО-ның қолжетімді болады. Оқушылар арнаулы орта білімнен бастап магистратура мен докторантураға дейінгі толық оқу циклынан өтеді. Бұл ретте колледжде бір уақытта 500 – ден астам адам, ал ЖОО-да-2000-нан астам бакалавриат студенттері, 60 магистрант және докторанттар оқи алады.

Туризм және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша салынып жатқан оқу орнының аумағындағы бірнеше кешеннің құрылысын аралап, жобаны іске асыруға жауапты мамандармен сөйлестім.

Қазіргі уақытта 1-ші кезектегі нысандарда құрылыс-монтаждау жұмысы жүргізіліп жатқаны туралы хабардар болдым. Бұл көпфункционалды спорт кешені, трибунасы және трубунадан тыс бөлмелері бар стадион, жүзу бассейні бар жеңіл атлетика манежі, колледж және 500 орындық колледж жатақханасы. Құрылыстың алғашқы кезеңін 2024 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

Екінші кезеңде университет ғимаратының құрылысы басталады. Оның аумағында: конференц-зал, әкімшілік блок, дәріс залдары, ғылыми-зерттеу орталығы бар кітапхана, асхана және жабық бас аллея болады. Сонымен қатар, студенттерге арналған жатақхана, профессор-оқытушылар құрамына арналған тұрғын үй және медициналық-оңалту орталығы салынады. Жобаның бұл бөлігі әзірленіп жатыр.

Бұл қазіргі таңда өте өзекті жоғары жетістіктер спортына қажет мамандарды өз елімізде тәрбие-білім беріп өсіруге тамаша мүмкіндік. Атап айтқанда, осы білім ордасынан жаттықтырушылардың, менеджерлер, психологтар және ғылыми қызметкерлердің жаңа толқыны шығады. Ал спорттық ғимараттар кешені ұлттық құрама командаларға көркем гимнастика, бокс, таэквондо, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, ескек есу, баскетбол, волейбол, шағын футбол, жеңіл атлетика және жүзу секілді спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға дайындалуға мүмкіндік береді.

Жоба өте ауқымды және оны жүзеге асыру барлық кезеңдерінде үйлесімді жұмысты және жауапты тараптардың өзара белсенді іс-қимылын талап етеді. Мемлекет басшысы Алматы облысына сапары кезінде Қазақстан спорт көшбасшысы болуы тиіс екенін атап өтті. Ұлттық спорт университетінің құрылысы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуда және халықаралық деңгейдегі спорт резервін қалыптастыруда маңызды қадам. Сондықтан бұл құрылыстың барысы менің жіті бақылауымда болады.
👍6