Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Олимпиадаға дайындық барысында әр федерациямен, бапкерлік штабпен кездесулер өткізіп, олардан медаль жеңіп алуға міндеттеме алған едік. Алайда, бірнеше федерация өздеріне тиесілі міндеттеме үдесінен шыға алған жоқ. Париж Олимпиадасы бізге жекелеген спорт түрлері бойынша нәтижені жақсарту керек екенін көрсетті. Өйткені біз үшін дәстүрлі саналатын спорт түрлерінен дайындық әлсіз, нәтиже нашар болып шықты.

Облыстық спорт басқармалары да ұлттық құрамаға спортшы және резерв дайындауда шетте қалып қоймай, белсенді жұмыс істеуі керек. Қазірден бастап мүдделі тараптармен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді бастаған жөн. 2025 жылы Харбинде (Қытай) 9-шы қысқы Азия ойындары, 2026 жылы Милан мен Кортина-дАмпеццода (Италия) қысқы Олимпиада өтеді. Ұлттық құраманың дайындығын қазірден бастап күшейту қажет.
3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні құтты болсын!
7👍2