Ermek Marzhyqpaev
595 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өткен бокстан әлемдік лицензиялық турнирден кейін Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, аталған жарыстың қорытындысын, алда өтетін бәсекелерді, өңірлерде бокс спортын дамытудың жаңа бағыттарын талқыладық.

Өздеріңіз білесіздер, Италиядағы турнирде бокстан ерлер құрамасы тәуір нәтиже көрсетіп, 5 салмақ дәрежесі бойынша Олимпиада жолдамасын жеңіп алды. Тек бір ғана салмақта лицензия бұйырмады. Ал қыздар құрамасы өте сәтсіз өнер көрсетті. Бұл турнирде біздің қыздарға функционалдық және физикалық дайындық жетіспейтіні анық байқалды. Тағы бір мәселе – қосалқы құрамның аздығы. Лайықты ізбасарлар жоқ. Сондықтан бокс федерациясының президенті үлкен сараптама жүргізіп, қателіктермен жұмыс істеуі қажет. Таиландтағы турнирге баратын боксшыларды іріктеу қатаң түрде өтеді.
👍3🔥1
Сондай-ақ кездесу барысында Шахмұрат Мүтәліпке ұлттық құрамаға сапалы ізбасарларды жеткізу, өңірлерде бокс спортын дамытуды тапсырдым. Былтырғы Спартакиада жарысы қай облыстарда бокс спорты төмен деңгейде екенін көрсетіп берді. Нақты өңірлер бойынша жұмыс істеу керек.
👍3
После мирового лицензионного турнира по боксу в итальянском городе Бусто-Арсицио встретился с президентом Казахстанской федерации бокса Шахмуратом Муталипом и обсудил итоги прошедшего первенства и предстоящие соревнования, новые подходы развития бокса в регионах.

Как известно, на турнире в Италии мужская сборная по боксу показала достойный результат и завоевала олимпийские лицензии в 5 весовых категориях. Только в одном весе не удалось получить заветную путевку. А женская сборная выступила очень неудачно. На этом турнире было ясно, что нашим девушкам не хватает функциональной и физической подготовки. Еще одна проблема – недостаточный запасной состав сборной, нет достойного резерва. Поэтому президенту федерации бокса необходимо провести большой анализ и поработать над ошибками. Следующий отборочный турнир к Олимпийским играм пройдет в конце мая-начале июня в столице Таиланда Бангкоке. Отбор боксеров на этот турнир будет проходить очень строго.

Также в ходе встречи обсудили вопросы подготовки для национальной сборной качественного резерва и развитие бокса в регионах. Прошлогодняя спартакиада показала, в каких областях бокс находится на низком уровне. Необходима точечная работа по конкретным регионам.
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бейжіңде Қытайдағы Қазақстан туризмі жылының ашылуы аясында Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бірқатар маңызды іс-шаралар өтті. Қазақстан делегациясы қатарында министрлік, туризм, бизнес, спорт пен өнер саласының өкілдері болды.
Екі күн ішінде Бейжіңде халықаралық туризм мен инвестицияларға арналған форум, Қазақстан көрмесі мен этно-ауылдағы мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Ал Қазақстан туризмі жылының ашылуы Бейжіңдегі China National Opera House опера театрының ғимаратында өткен гала-концертпен өз мәресіне жетті.
Қытай сахнасында Роза Рымбаева, Майра Мұхамедқызы, Зарина Алтынбаева, «Ұлытау» тобы, «Сазген сазы», Әли Оқапов, Рухия Байдүкенова мен Ақбике Алғи сияқты өнер майталмандары көрермендерді өз өнерімен тәнті етті. Әншілеріміз қытай халқына құрмет ретінде олардың ұлттық әндерін де шырқады. Қонақтар қытайлық әртістердің де өнерін тамашалады.
Бұл күндері өткен іс-шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайтып, өзара мәдени, туристік қызығушылығын одан әрі арттыруына септігін тигізетіні сөзсіз
🔥2
В Пекине в рамках открытия года туризма Казахстана в Китае состоялись важные мероприятия, организованные Министерством туризма и спорта РК. В состав казахстанской делегации вошли представители министерства, сфер туризма, бизнеса, спорта и искусства.

Официальное открытие года началось с международного форума туризма и инвестиций, за которым последовали казахстанская выставка и культурные мероприятия в этноауле. А вместе с гала-концертом в China National Opera House завершилась и официальная церемония открытия года туризма Казахстана в Китае.

На китайской сцене Роза Рымбаева, Майра Мухамедкызы, Зарина Алтынбаева, группа «Улытау», «Сазген Сазы», Али Окапов, Рухия Байдукинова и Акбике Алги поразили зрителей своим творчеством. Наши певцы также исполнили китайские национальные песни как дань уважения народу Поднебесной. Гости смогли увидеть выступления и китайских артистов.

Мы верим, что мероприятия, проведенные в эти дни, укрепили сотрудничество между двумя странами и оказали влияние на дальнейшее развитие взаимного культурного и туристического интереса.
👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Өткен апта отандық спортта ауыз толтырып айтарлықтай жарқын жеңістерге толы болды.

Әзербайжан астанасы Бакудегі бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы 3 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль олжалап, үздіктер қатарынан көрінсе, дзюдодан Анталияда (Түркия) өткен «Үлкен дулыға» турнирінде Әбиба Әбужақынова (-48 кг) қола жүлдегер атанды.

Сонымен қатар блиц шахматтан 2 дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева Swiss Queens Wednesday онлайн турнирінде топ жарды. Ал теннисші Александр Недовесов Испанияның Жирона қаласындағы челленджер турнирінің жұптық сынында бас жүлдеге ие болды.
🔥7
Үстел теннисінен Ливандағы WTT Feeder Beirut халықаралық турнирінде Қазақстан спортшылары ел қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 4 қола жүлде салды. Сондай-ақ Сербиядағы тау велосипедінен халықаралық турнирде Алина Сарқұлова күміс жүлдеге қол жеткізсе, Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Гран-при кезеңінде күміс медаль жеңіп алды.

Отандық спорт жанкүйерлерін жарқын жеңісімен қуантқан барша спортшыны құттықтаймын. Алдағы байрақты бәсекелерде де намысты қолдан бермей, үздіктер қатарынан көрінулеріне тілектеспін.
🔥7
Эта неделя была насыщена яркими победами в отечественном спорте.

На международном турнире по боксу «Великий Шелковый путь» в столице Азербайджана Баку сборная Казахстана завоевала 3 золотые, 2 серебряные, 2 бронзовые медали. Также на турнире «Большого шлема» по дзюдо, прошедшем в Анталии (Турция), бронзовым призером стала наша соотечественница Абиба Абужакынова.

2-кратная чемпионка мира по блиц-шахматам Бибисара Асаубаева выиграла онлайн турнир Swiss Queens Wednesday.
Тем временем казахстанский теннисист Александр Недовесов стал чемпионом в парном разряде турнира челленджер, организованного в Жироне, Испания.

Наши спортсмены показали отличные результаты на международном турнире по настольному теннису WTT Feeder Beirut в Ливане, завоевав 2 золото, 1 серебро и 4 бронзы. Также второе место досталось Алине Саркуловой на международном турнире по маунтинбайку в Сербии. Айбота Ертайкызы добавила в свою копилку серебряную медаль этапа Гран-при по художественной гимнастике.

Поздравляю всех спортсменов, которые порадовали болельщиков яркими победами. Хочу пожелать, чтобы в предстоящих соревнованиях они так же были в числе лучших.
🔥8
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, алдағы Олимпия ойындарына жолдама беретін әлемдік іріктеу турниріне дайындық барысын, өңірлерде бокс спортын дамыту мәселелерін талқыладық.

Кездесуде федерация президенті 8-10 сәуір күндері елордада Таиланд астанасы Бангкокте өтетін Олимпиадаға іріктеу турниріне баратын боксшыларды анықтайтын спаррингтік кездесулер болатынын айтты.

Ерлер құрамасынан 63,5 кг, әйелдерден 50 кг, 54 кг, 66 кг және 75 кг салмақтарда жекпе-жектер өтеді. Осы кездесулерде жеңіске жеткен боксшылар Таиландтағы турнирде бақ сынап, Олимпиада жолдамасына таласып көреді.

Сондай-ақ кездесу барысында Шахмұрат Мүтәліпке ұлттық құрама спортшыларының дайындығын күшейтуді, Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшыларды жеке бағдарлама бойынша дайындауды, бокс спорты кенжелеп қалған өңірлер бойынша жұмыс істеу керектігін тапсырдым.
🔥7
Провел встречу с президентом Казахстанской федерации бокса Шахмуратом Муталипом, где мы обсудили ход подготовки к предстоящему мировому лицензионному турнира на Олимпийские игры, а также развитие бокса в регионах.

На встрече президент Федерации отметил, что с 8 по 10 апреля в столице пройдут спарринг-встречи, определяющие боксеров, которые отправятся на отборочный лицензионный турнир. Первенство пройдет в столице Таиланда Бангкоке.

В мужской сборной спарринги пройдут в весовой категории 63,5 кг, в женской-50 кг, 54 кг, 66 кг и 75 кг. Победители этих встреч, отправятся в Таиланде с целью завоевания олимпийской путевки.

Также в ходе встречи я поручил Шахмурату Муталипу усилить подготовку спортсменов национальной сборной, уже получивших путевки на парижскую Олимпиаду по индивидуальной программе, работать в регионах, с целью популяризации бокса.
👍7🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жыл сайын өтетін дәстүрлі «KazChess Awards» сыйлығын табыстау рәсіміне қатыстым. Биыл қатарынан екінші жыл аталған жүлдемен үздік спортшылар, жаттықтырушылар, төрешілер және Қазақстанда шахмат спортының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар марапатталды. Биыл номинациялар тізімі 12 санатқа дейін кеңейтілді, өткен жылы 9 номинация болған.
👍5
Ең алдымен осы іс-шараның маңыздылығын атап өткім келеді. Бұл марапат спортшылардың елдегі шахматты дамытудағы еңбегін бағалау мақсатында ұйымдастырылған және республикалық, халықаралық деңгейде спорттың осы түрін одан әрі танымал етуге, спортшылардың кәсіби шеберлігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді. Мемлекет басшысы еліміздегі шахматты қолдау мен дамытуға ерекше көңіл бөледі. Осы бастаманың арқасында республикада шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары бекітілді.

Спорттың осы түрін дамытуға бағытталған «Мектептегі шахмат» жобасы аясында бүгінде 983 мектепте зияткерлік ойын сабақтары өткізіледі. Оның ішінде 110 мектепте міндетті пән ретінде оқытылады. Сондай-ақ 2023 жылы 2 мыңнан астам қатысушыны қамтыған әуесқойлар арасында шахматты насихаттауға бағытталған «Шахмат керуені» республикалық жобасы іске асырылды.
👍7
Принял участие в традиционной премии «KazChess Awards». Второй год подряд этой наградой отмечают лучших спортсменов, тренеров, судей и тех, кто своим трудом внес определенный вклад в развитие шахматного спорта Казахстана. В этом году список номинаций был расширен до 12 категорий, в прошлом году было 9 номинаций.

Я бы хотел отметить важность данного мероприятия. Оно организовано в целях оценки заслуг спортсменов в развитии шахмат в стране, и способствует дальнейшей популяризации данного вида спорта в республике, и на международном уровне, повышению профессионального мастерства и конкурентоспособности спортсменов. Глава государства уделяет особое внимание поддержке и развитию шахмат в стране. Благодаря данной инициативе, утвержден Комплексный план развития шахмат в Республике на 2023-2027 годы.

В последние годы шахматы динамично развиваются в нашей стране и носят массовый характер. По всей республике функционируют 7 тысяч секций, где занимаются более 200 тысяч человек. Реализован проект «Шахматы в школе», направленный на развитие этого вида спорта, и сегодня в 983 школах проводятся уроки данной интеллектуальной игры, из них в 110 - в качестве обязательного предмета. Также в 2023 году реализован республиканский проект «Шахматный караван», направленный на популяризацию шахмат среди любителей, который охватил более 2 тысяч участников.
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте спортты қаржыландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселелері бойынша ведомствоаралық мәжіліс өтті.

Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағалидің басшылығымен, сондай-ақ Ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Г.Г. Головкинмен, Астана қаласының әкімі Ж.М. Қасымбекпен, қаржы және цифрландыру вице-министрлерімен, «Самұрық-Қазына» АҚ басшылығымен, қоғам қайраткерлерімен, орталық және өңірлік мемлекеттік органдармен спорт саласына жүргізілген сыртқы талдау нәтижелерін талқыладық. Елімізде спортты дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаражаттың ұтымсыз және тиімсіз жұмсалуына әкеп соқтыратын елеулі жемқорлық тәуекелдері мен факторларының болуын көрсеткен сыртқы талдау нәтижелері қаралды.
👍3🔥1
Біз тергеу іс-шараларына жан-жақты жәрдем көрсетеміз және бірінші кезекте өз саламызды ретке келтіруге мүдделіміз. Спорт мүлдем ашық болуға тиіс және бөлінетін барлық қаражат ұлт денсаулығын нығайтуға, бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамытуға жұмсалуы тиіс.

Тергеу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қатысы бар адамдар өз жазасын алатынына сенімдімін. Біз бейінді министрлік ретінде ведомстволық бақылауды күшейтеміз, спорт саласына цифрландыруды енгізуді жеделдетеміз. Қазіргі уақытта біз сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша барлық ұсынымдарды міндетті түрде орындау туралы ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар кешенін қабылдадық.
🔥31👍1