Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Встретился с Министром культуры и туризма Китайской Народной Республики Сунь Ели и обсудили планы по проведению Года казахстанского туризма в Китае и вопросы взаимного сотрудничества в сфере туризма.

В прошлом году глава государства Касым-Жомарт Токаев в ходе официального визита в Китай объявил 2024 год – Годом казахстанского туризма в Китае. В целях достойного проведения важного для страны мероприятия министерством ведется активная подготовительная работа.

В ходе официальной встречи была предложена концепция проведения ряда важных мероприятий в крупных городах Китая. Официальная церемония открытия Года казахстанского туризма в Китае запланирована на конец марта. Всего будет проведено более 25 различных мероприятий.

Китай является одним из приоритетных туристских рынков и партнеров для Казахстана. Это связано и с географическим расположением двух стран и глубокими историческими связями по Шелковому пути.

В завершении встречи пригласил господина Сунь Ели на V Всемирные игры кочевников, которые состоятся осенью этого года в Казахстане и пожелал успехов в работе.
10👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Астанадағы «Боксты дамыту орталығына» барып, мекеменің жұмыс барысымен таныстым. Аталған орталық бокстан ұлттық құраманың негізгі екі жаттығу базасының бірі. Осы жерде спортшылар оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, ел намысын қорғау үшін халықаралық жарыстарға, құрлық және әлем чемпионаттарына, Олимпиадаға аттанады.
Спорт кешенінде олимпиадалық және үш жаттығу рингі, жаттығу залы (күштік жаттығу, жүгіру жолақтары, жаттығу велосипеді және басқа да жабдықтар), дзюдошыларға арналған екі татами, балуандарға арналған екі бозкілем және спортшыларға қажетті медициналық орталық бар.
👍7
Посетил Центр развития бокса в Астане и ознакомился с их работой. Это одна из двух главных баз национальной сборной команды по боксу. Отсюда спортсмены отправляются на международные соревнования – континентальные и мировые чемпионаты, Олимпийские игры.
В спортивном корпусе расположены олимпийский и три тренировочных ринга, тренажёрный зал (силовые тренажеры, беговые дорожки, велотренажеры и другое оборудование), два татами для дзюдоистов, два ковра для занятий борьбой и медицинский центр со всем необходимым для физиотерапии, лечебной физкультуры, массажа и водолечения.
👍8
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Канвонда алауы тұтанған Жасөспірімдердің қысқы Олимпиадасы өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасының жас атлеттері Корея жеріндегі байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғап, жанкүйерлерді тарихи жүлделерімен қуантты. Ұлттық құраманың болашақ ізбасарлары Канвонда 1 алтын, 2 қола медаль олжалап, Жасөспірімдердің Олимпиадасында бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті.

Жарыстың алғашқы күнінде-ақ Кореядан ақжолтай хабар жетіп, шаңғымен тұғырдан секіруде бәсекеге түскен Илья Мизерных Қазақстан құрамасының қоржынына Жасөпірімдердің қысқы Олимпиадасы тарихындағы алғашқы алтын жүлдені салды. Сонымен қатар Канвондағы аламанда шорт-трекшіміз Полина Омельчук пен хоккейден (3×3) ұлттық құрама ойыншылары Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Осындай тамаша жетістікке қол жеткізген жас атлеттерімізді Олимпиаданы сәтті аяқтауымен шын жүректен құттықтаймын. Өзге де спортшыларымыз жүлдегерлер қатарынан көрінбесе де, алдағы уақытта өздеріне қажет болатын құнды тәжірибе жинап қайтты деп ойлаймын.
🔥5👍1
В Канвоне завершились IV зимние Юношеские Олимпийские игры. Юные атлеты сборной Казахстана достойно защищали честь страны в соревнованиях на корейской земле и радовали болельщиков своими победами. Будущие представители сборной завоевали в Канвоне 1 золотую, 2 бронзовые медали и показали исторический результат на юношеской Олимпиаде.

В первый день соревнований Илья Мизерных, выступавший в прыжках с трамплина на лыжах, принес в копилку сборной Казахстана первую золотую медаль в истории Юношеской зимней Олимпиады. Также бронзовыми призерами стали представительница шорт-трека Полина Омельчук и игроки национальной сборной по хоккею (3×3).

От всей души поздравляю наших юных атлетов, добившихся такого замечательного результата, с успешным завершением Олимпиады. Думаю, что все наши спортсмены получили ценный опыт, который им понадобится в дальнейшем.
👍9🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Елордадағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан күрес түрлерінен ел чемпионатының кезекті жарыс күніне жоспарланған финалдық белдесулерін тамашаладым. Әр салмақтың кіл мықтылары іріктеліп, финалға шыққан балуандардың кездесуі өте тамаша әрі тартысты өтті. Спортшылар бар өнерін ортаға салып, жеңіс үшін аянып қалып жатқан жоқ. Грек-рим күресінің барлық белдесуі аяқталып, үздік шыққан балуандардың есімі белгілі болды. Енді әйелдер күресі бойынша ел үздіктері анықталады. Ал одан кейін еркін күрес шеберлері бозкілемде өнер көрсетеді.

Елорда тұрғындарын Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайына келіп, балуандарға қолдау көрсетуге шақырамын. Демалыс күндеріндегі тартысты белдесулерден құр қалмаңыз. Жарыс күн сайын сағат 10:30-да басталса, финалдық сайыстар 18:00-ге жоспарланған.
🔥6
Посетил очередной соревновательный день чемпионата страны по видам борьбы, которые проходят в столичном Дворце единоборств имени Жаксылыка Ушкемпирова. Финальные поединки первенства выдались очень зрелищными и напряженными. Спортсмены, демонстрируя свое мастерство, проявили волю к победе. На данный момент завершилось соревнование по греко-римской борьбе, стали известны имена лучших борцов. Теперь определятся сильнейшие спортсменки в женской борьбе. А затем на столичных коврах выступят мастера вольной борьбы.

Приглашаю жителей столицы, неравнодушных к спорту людей, прийти в спортивный комплекс и поддержать борцов.
В эти выходные схватки будут не менее зрелищными. Соревнования стартуют ежедневно в 10:30, финальные встречи запланированы на 18:00.
👍5🔥4
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында отандастарымыз Эдуард Ким мен Нарғыза Болатова әртістік жүзуден тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл – Қазақстанның су спорты түрлерінен әлем чемпионатында иеленген алғашқы алтыны. Қазылар қазақстандық жұптың өнеріне 228 ұпай берді. Күмісті Қытай, қоланы Мексика спортшылары алды.

Барлық спорт жанкүйерін, Нарғыза мен Эдуардты әлем чемпионатындағы жарқын және тарихи жеңісімен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер өте тамаша өнер көрсеттіңіздер. Алдағы байрақты бәсекелерге де табыс тілеймін. Біз сіздермен мақтанамыз!
👍52
Историческое золото завоевала пара Наргиз Болатова и Эдуард Ким на чемпионате мира по водным видам спорта в Дохе (Катар). Представители национальной команды по артистическому плаванию стали лучшими среди смешанных дуэтов. Это первое золото Казахстана на чемпионатах мира по водным видам спорта. Жюри присудило 228 очков за выступление казахстанской пары. Серебро получили спортсмены из Китая, бронзу - из Мексики.

От всей души поздравляю Наргиз и Эдуарда, всех болельщиков и любителей спорта с этой яркой и исторической победой в соревнованиях. Ваше выступление было выдающимся. Желаю успехов в предстоящих соревнованих. Мы гордимся вами!
👍13🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Демалыс күндері Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр және Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекпен бірге елордада құрылыс жұмыстары жүріп жатқан бірқатар спорт нысанын араладық.

Біз ең алдымен құрылысы келесі жылы аяқталатын Ұлттық спорт университетінің қазіргі жағдайымен таныстық. Жоғары оқу орны кадрларды даярлаудан бастап, спорттағы үлкен жетістіктерге жетуге ықпал етеді.

Сондай-ақ қайта жаңғырту және абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан «Қазанат» ипподромына, «Астана-арена» стадионына және «Алау» мұз сарайына бардық. Өздеріңізге белгілі, аталған спорт нысандарында биыл 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.
👍41
На выходных вместе с первым заместителем премьер-министра Романом Скляром и акимом Астаны Женисом Касымбеком провели рабочий объезд ряда спортивных объектов, на которых ведутся строительные работы.

Мы ознакомились с процессом строительства Национального университета спорта, завершение которого планируется в следующем году. В стенах высшего учебного заведения будет непрерывный процесс подготовки кадров от начального этапа до спорта высших достижений.

Также посетили ипподром «Казанат», стадион «Астана-арена» и ледовый дворец «Алау», где проводится реконструкция некоторых сооружений, а также благоустройство территорий. Как известно, на этих
спортивных объектах будут проходить 5-ые Всемирные игры кочевников.
👍91
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Киберспорт федерациясының басшысы Қуанышбек Есекеевпен кездесіп, аталған спорт түрінің еліміздегі даму мәселесі туралы сөйлестік. Өздеріңізге белгілі, кейінгі жылдары киберспорт тек әлемде ғана емес, Қазақстанда да қарқынды дамып келеді. Бірнеше спортшымыз шетелдік командалардың құрамында ойнайтынын жақсы білеміз. Қазақстандық клубтардың да жетістіктері жаман емес. Былтыр алғаш рет Азия ойындарының бағдарламасына енген киберспорт бәсекесінде де отандастарымыз бақ сынаған болатын.

Сонымен қатар Қуанышбек Есекеев Татарстан астанасы Қазан қаласында өтетін «Болашақ ойындарына» қатысатын қазақстандық киберспортшылардың дайындығы туралы айтып берді. Ақпан айының соңында ұйымдастырылатын жарысқа жерлестерімізден бөлек, әлемнің бірнеше елінен 260-тан аса команда мен 2000-нан аса ойыншы қатысады деп жоспарланған.
👍61
Встретился с главой федерации киберспорта Куанышбеком Есекеевым. Мы поговорили о развитии данного вида спорта в стране. Как известно, в последние годы киберспорт стремительно развивается не только в мире, но и в Казахстане. Мы прекрасно знаем, что несколько наших спортсменов играют в составе зарубежных команд. Успехи казахстанских клубов тоже неплохие. В прошлом году наши соотечественники участвовали в киберспортивных соревнованиях, которые впервые вошли в программу Азиатских игр.

Куанышбек Есекеев также рассказал о подготовке казахстанских киберспортсменов к «Играм будущего» в столице Татарстана Казани. Кроме наших земляков, в соревнованиях, которые пройдут в конце февраля, примут участие более 260 команд и более 2000 игроков из нескольких стран мира.
👍71
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліппен кездесіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледім. Ол жуырда ғана елордада өткен бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиынында Федерацияның президенті болып сайланған еді.

Бокс – елімізде кең тараған, жанкүйері ең көп спорт түрлерінің бірі. Сондықтан Шахмұрат Мүтәліпке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Былғары қолғап шеберлерімізді алда бірнеше халықаралық жарыс, лицензиялық турнир күтіп тұр. Осы жарыстарға отандастарымыз жақсы дайындықпен барып, жанкүйерлерді жеңіспен қуантуға тиіс.
👍111
Встретился с главой казахстанской федерации бокса Шахмуратом Муталипом и пожелал успехов на новой должности. Недавно он был избран президентом федерации на ежегодном заседании Конференции федерации бокса в столице.

Бокс – один из самых распространенных видов спорта в стране. Поэтому перед Шахмуратом Муталипом стоит большая ответственность. Впереди у наших мастеров кожаных перчаток несколько международных соревнований, лицензионный турнир. К этим первенствам наши боксеры должны подойти с хорошей физической подготовкой, чтобы радовать болельщиков только победами.
👍111
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы жаңа құрамдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиында біздің салаға қатысты Президент тарапынан айтылған тапсырмаларды аппарат кеңесінде әріптестерімізбен талқыладық.

Қасым-Жомарт Тоқаев баяндамасында ішкі және сыртқы инвестиция ағынын көбейту – негізгі басым бағыттың бірі екенін атап өтті. «Бір терезе» қағидаты бойынша инвесторларға жан-жақты қолдау көрсету керек. Ол үшін министрлік, әкімдік және даму институттары арасында нақты өзара іс-қимыл болуға тиіс. Сондай-ақ бизнес өкілдерімен тиімді диалог жүргізу керек.

Сонымен қатар Президент жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдана отырып, экономиканы цифрландыруды жалғастыруды тапсырды. Осыған орай министрліктің цифрлы трансформация картасы әзірленеді. Бұл құжат спорт, туризм, ойын бизнесі және лотерея салаларындағы қағазбастылықтан арылтып, салада қандай технологиялар енгізілетіні туралы мәлімет беруі керек. Сондай-ақ туризм саласында жасанды интеллект құралдарын пайдалану мәселесі пысықталады.
👍7👏2
Глава государства провел расширенное заседание правительства в новом составе. По итогам мы с коллегами провели аппаратное совещание министерства, чтобы разобрать данные президентом поручения по нашим отраслям.

В своем выступлении Касым-Жомарт Токаев одной из приоритетных задач определил увеличение притока внутренних и внешних инвестиций. Для этого должно быть четкое взаимодействие между министерством, акиматами и институтами развития для оказания всесторонней поддержки инвесторам по принципу «одного окна». Должен быть выстроен эффективный диалог с бизнес-сообществом.

Наряду с этим, Президент поручил продолжить цифровизацию экономики с широким применением технологий искусственного интеллекта. В этой связи будет разработана Карта цифровой трансформации Министерства. Данный документ должен обеспечить комплексное видение, какие технологии будут внедряться в сферах спорта, туризма, игорного бизнеса и лотереи, исключив излишнюю волокиту и бюрократию. Также будет прорабатываться вопрос использования инструментов искусственного интеллекта в сфере туризма.
👍10