Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Қазақстандық спортшылар үшін өткен апта жарқын жеңістерге толы болды.

Мәселен, каратэшілеріміз Алматыда өткен жастар мен жасөспірімдер және ересектер арасындағы Азия чемпионатында 50-ден аса медаль, құралайды көзге атқан мергендер Бангкоктағы турнирде үш жүлде, оған қоса Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-При жарысының, шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Канададағы төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Триатлоннан Азия чемпионатында (Сауд Арабиясы) отандастарымыз Екатерина Шабалина мен Аян Бейсенбаев алдарына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің жұптық бәсекесінде үздік шықса, самбошылар Ереванда 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да жанкүйерлерді қуантатын жеңістер көп болғай.
👍9
Для казахстанских спортсменов прошедшая неделя была полна ярких побед.

Каратисты суммарно завоевали более 50 медалей на чемпионате Азии среди молодежи, юниоров и взрослых в Алматы. Три медали принесли стрелки из лука на турнире в Бангкоке, получив при этом командную лицензию на Олимпиаду в Париже.

Молодой казахстанский фигурист Михаил Шайдоров стал бронзовым призером Гран-При Китая. По шорт-треку женская сборная Казахстана заняла третье место на чемпионате Четырех континентов в Канаде.

На чемпионате Азии по триатлону (Саудовская Аравия) наши соотечественники Екатерина Шабалина и Аян Бейсенбаев поднялись на золотой пьедестал. Теннисист Александр Недовесов стал лучшим в парном соревновании турнира в столице Болгарии Софии. Самбисты завоевали 1 золотую, 2 серебряные и 5 бронзовых медалей в Ереване.

Поздравляю наших спортсменов. Впереди еще много побед, которые порадуют болельщиков.
👍10
👍10
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кез келген марапат пен мерейлі мадаққа лайық.

Биылғы Азия Пара ойындарына Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысып, 41 медаль жеңіп алды. Оның ішінде жерлестеріміз 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Жүлде саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11-орынға тұрақтады.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Пара спортшыларымыз бізді әрқашан халықаралық жарыстарда, Паралимпиада, Азия Пара ойындары сияқты ел намысы сыналатын маңызды додаларда жарқын жеңістерімен қуантып, әркез ел үмітін ақтап келеді. Алдағы уақытта да спортшыларымыз толағай табыстарымен қазақ халқын қуанышқа бөлейді деп сенемін.
Победители и призеры IV Азиатских Пара-игр, проходивших в китайском городе Ханчжоу, заслуживают особого почетного внимания.

В этом году на Азиатских Пара-играх Казахстан представляли 131 спортсмен в 14 видах спорта. По итогам соревнований в копилке сборной оказалось 41 медаль, включая 8 золотых, 12 серебряных и 21 бронзовую награду. По количеству призов Казахстан занял общекомандное 11-е место среди 44 стран-участниц.

Премьер-Министр Алихан Смаилов встретился с победителями и призерами Азиатских Пара-игр, вручив им благодарственные письма и памятные подарки от имени главы государства.

Параспортсмены всегда радовали нас яркими победами на международных соревнованиях, Паралимпийских играх, Азиатских Пара-играх. Уверен, что и в дальнейшем наши спортсмены будут радовать болельщиков своими успехами.
👍14
Елордада бокстан Қазақстан Спартакиадасы өтіп жатыр.

Апта бойы еліміздің ең мықты боксшылары елорда шаршы алаңында қолғап түйістіріп, жанкүйерлерге тартысты жекпе-жектер ұсынуда. Турнир жеңімпаздары келесі жылы өтетін халықаралық ірі жарыстарда ел намысын қорғайтын болғандықтан, әрбір салмақтағы айқастар әділ бағаланып, шын мықты жеңіске жетуге тиіс. Ешқандай бұра тартушылыққа жол берілмеуі керек. Жекпе-жектердің әділ өтуі үшін елордаға еліміздің және шетелдің ең тәжірибелі деген төрешілері шақырылды.

Осы ретте Астана тұрғындарын және қала қонақтарын боксшыларға қолдау көрсетуге шақырамын.
👍10
В столице проходит казахстанская Спартакиада по боксу.

В течение всей предстоящей недели боксеры страны будут выявлять лучших в столице и представят болельщикам напряженные поединки. Поскольку победители турнира будут представлять страну на крупных международных соревнованиях, которые состоятся в следующем году, бои в каждом весе должны быть оценены справедливо, а победить должны сильнейшие.
Для справедливой оценки боев в столицу были приглашены самые опытные судьи страны и зарубежья.

Призываю жителей столицы и гостей города поддержать боксеров
👍11