Ermek Marzhyqpaev
593 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Файсал Ханеф Х. Алкахтани мырзамен кездестім. Кездесу барысында туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқыладық.

Сауд Арабиясы азаматтары Қазақстанның тұмса табиғатын, көрікті жерлерін өздері келіп көруіне мүмкіндік тудыру үшін, екі елдің туризм саласындағы ынтымақтастығына жаңа серпін беру мақсатында осы елдің БАҚ өкілдері, инфлюенсерлер мен туристік компаниялары өкілдеріне инфотур ұйымдастыруды ұсындым.

Сондай-ақ, мен Сауд Арабиясында 2019 жылы өткен «Көшпенділер әлемі» этнофестивалінің сәтті ұйымдастырылғанын атап, Сауд Арабиясы Корольдігінің өкілдерін 2024 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырдым.

Сонымен қатар, келесі жылы Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай спорт және туризм салаларында бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізу туралы мәселелерді талқыладық.

Кездесудің соңына қарай қос тараптың министрліктері арасында, спорт саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум аясында ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға уағдаластық.
______________

Встретился с Чрезвычайным и Полномочным Послом Королевства Саудовской Аравии в Республике Казахстан господином Файсалом Ханеф Х.Алкахтани. В ходе встречи были обсуждены вопросы по сотрудничеству в сфере туризма и спорта.

Предложил организовать инфотур для представителей СМИ, инфлюенсеров и туристских компаний Саудовской Аравии, которое позволило бы гражданам Саудовской Аравии увидеть воочию живописные пейзажи природы Казахстана и придало бы новый импульс развитию сотрудничества обеих стран в сфере туризма.

Также, отметил успешную организацию Саудовской Аравией этнофестиваля «Вселенная Кочевников», прошедшего в 2019 году и пригласил представителей Королевства Саудовской Аравии принять участие на V Всемирных играх кочевников, которые пройдут в сентябре 2024 г. в Казахстане.

Кроме того, в ходе встречи обсудили, о проведении в следующем году ряда совместных мероприятий в сферах спорта и туризма в рамках 30-летия установления дипломатических отношений между Республикой Казахстан и Королевством Саудовской Аравии.

По итогам договорились продолжить дальнейшее сотрудничество в рамках Меморандума о взаимопонимании в области спорта между министерствами обеих сторон.
👍7🔥2
Жеңіс! Біздің құрама 1:2 есебімен ұтты

Қазақстан футбол командасын Финляндия құрамасына қарсы жеңісімен құттықтаймын. Біздің жігіттер намысты қолдан бермей, мықты қарсыласынан айласын асырды.

Алда тағы бірнеше қиын матчтар бар. Оңай болмайды, бірақ бүгінгідей жеңістермен әлі де табысымызды арттыра аламыз.

Алға, Қазақстан!
👍15
Победа! Наша сборная выиграла со счетом 1:2

Поздравляю футбольную команду Казахстана с волевой победой против сборной Финляндии. Нашим парням удалось показать характер и добиться нужного результата против серъезного соперника.

Впереди еще несколько непростых матчей. Легко не будет, но считаю, что нам по силам повторить сегодняшний успех.

Алға, Қазақстан!
👍15🔥4
👍10
Бүгін Астанада жекелей дистанцияда конькимен жүгіру спортынан Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды.

Мен чемпионаттың ашылу салтанатына қатысып, турнирге келген спортшыларды құттықтадым, жарысты ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына алғыс білдірдім.

Чемпионат 2023-2024 жж. аралығында өтетін ересектер, жасөспірімдер және қысқы жасөспірімдер олимпиадасына, халықаралық жарыстарға, Әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын мықты спортшыларды анықтап, іріктейді.

Чемпионатқа еліміздің 7 облысы мен республикалық маңызы бар 2 қаласынан келген 183 спортшы қатысады.

Бүгін сондай-ақ Қазақстанның конькимен жүгірушілер одағы мен Қазақстанның конькимен мәнерлеп сырғанаушылар одағының өкілдерімен кездестім. Біз жаңа нысандарды қайта жаңғырту мәселелерін, ұлттық команданың соңғы жетістіктерін және алдағы міндеттерді талқыладық.

Конькимен жүгіру спортынан ҚР чемпионаты 20 қазанға дейін жалғасады. Елорданың тұрғындары мен қала қонақтарын ұландарымызды қолдауға шақырамын, ал спортшыларымызға жарқын жеңістер тілеймін!

__________

Сегодня в Астане стартовал чемпионат Республики Казахстан по конькобежному спорту на индивидуальных дистанциях.

Я принял участие в церемонии открытия, поприветствовал участников турнира и поблагодарил всех, кто участвовал в организации соревнования.

Чемпионат считается отборочным к международным соревнованиям 2023-2024 гг. по выявлению сильнейших спортсменов для участия на этапах Кубка мира среди взрослых, юниоров и Зимних Юношеских Олимпийских игр.

Отмечу, что в чемпионате примут участие 7 областей страны и 2 города республиканского значения. Всего в соревнованиях примут участие 183 спортсмена.

Там же встретился с представителями Казахстанского союза конькобежцев и
Казахстанского союза фигурного катания на коньках. Мы обсудили вопросы реконструкции новых объектов, последние достижения национальной команды и предстоящие задачи.

Сам чемпионат РК по конькобежному спорту продлится до 20 октября. Приглашаю всех жителей и гостей столицы поддержать наших парней и девушек, а самим спортсменам желаю ярких побед!
👍12