Ermek Marzhyqpaev
593 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Бүгін Мемлекет басшысы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының жүлдегерлерін қабылдап, арнайы құттықтады. Сондай-ақ жуырда еркін күрестен қазақтың тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұханның жеңісін ерекше атап өтті. Ақорда төріндегі бұл ресми қабылдау – саңлақ спортшыларымызды айрықша қанаттандырды.

Баршамыз куә болғандай, кешегі байрақты бәсекеде ел намысын арқалаған спортшыларымыз аянбай сынға түсті. Көк Туымыз жеңіс тұғырынан бірнеше мәрте желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Әрине, жалпы есептік қорытындының төмен болғанын айтпай кете алмаймыз. Оны Президентіміз де ашық айтып, алдағы уақытта мұндай қателіктерге жол бермеу керектігіне тоқталды.

Мемлекет басшысы барлық спорт түрі бойынша жіберілген олқылықтарды түзету үшін министрлікке бірқатар тапсырма беріп, спортты дамытудың мүлде жаңа жолдарын ұсыну керектігін баса айтты. Осы бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.
Спортшыларымыз Президентіміз артқан зор сенімді тыңғылықты дайындық, жеңіске деген табанды талпыныспен Париж олимпиадасында толық ақтайды деп сенемін.
Жеңімпаз атанып, ел мерейін асқақтатқан спортшыларымызды тағы бір мәрте құттықтаймын.
👍4🔥3
Глава государства принял призеров Азиатских игр, прошедших в Ханчжоу и поздравил их с завоеванными медалями. Во время встречи Президент отметил достижение Ризабека Айтмухана, который стал первым чемпионом мира по вольной борьбе из Казахстана.Данный прием в Акорде подкрепляет уверенность наших спортсменов в поддержке со стороны государства и мотивирует их на дальнейшие свершения.

Все были свидетелями, как на прошедших играх наша сборная усиленно боролась за каждую победу. Благодаря им на подиуме многократно поднимался голубой флаг, звучал наш гимн. Это были знаменательные моменты для нашей страны. Конечно, нельзя не упомянуть, что общий результат был низким. Это также открыто озвучил Президент, подчеркнув, что в дальнейшем таких ошибок не следует допускать.

Как профильное ведомство мы также проводим большую работу над ошибками. Главой государства дан ряд конкретных поручений по разработке новых направлений развития спорта.
Уверен, что наши спортсмены своим упорством и стремлением к победе на Олимпиаде в Париже полностью оправдают доверие Президента.
Еще раз поздравляю наших спортсменов, ставших победителями и прославивших страну.
👍172
Астана қаласында өткен пара хоккейден «B-Pool» әлем чемпионатын тамашалап қайттым. Басты мақсат - отандық спортшыларға жанкүйер болып, қолдау көрсетіп, қошеметтеу. Себебі алғашқы екі орынды иеленген командалар 2024 жылы пара хоккейден өтетін «А-Pool» әлем чемпионатына жолдама алады.

Қазақстанда пара хоккейдің негізі 2021 жылы қаланса да, осы уақытқа дейін бір қатар жарыстарда жеңіс тұғырынан көрініп, бүгінгі күні «B-Pool» сапында Финляндия, Словакия, Швеция, Ұлыбритания, Жапония сияқты елдермен бақ сынауда. Демек, бұл біздің тарихтағы негізі қалыптасқан «тұңғыш командамыз» деп айтсақ та болады.

Үзіліс барысында команда құрамымен және бапкерлермен кездесіп, олармен келешектегі жұмыс жоспарын талқыладық. Спортшыларымыз да жақында ғана «С-Pool»-дан «B-Pool»-на өткендерін және осындай жарыстың өз елімізде ұйымдастырылып жатқандығына ризашылықтарын білдірді.
Пара хоккейшілеріміз жігерлі ойын көрсетіп, Ұлыбритания командасын 4:3 есебімен жеңді.
5🔥4
В Астане завершился пара-хоккейный чемпионат мира "B-Pool". Основная цель нашего визита - поддержать и вдохновить наших спортсменов. Первые две команды, занявшие призовые места в турнире, получают квоту на участие в чемпионате мира "А-Pool", который пройдет в следующем году.

Несмотря на то, что история пара-хоккея в Казахстане пока ещё не такая долгая, берет свое начало только с 2021 года, наша национальная команда успела стать победителем несколько крупных соревнований. На сегодня национальная сборная – это уже конкурентоспособная и опытная команда. В рамках данного турнира наши соперничали со сборными из Финляндии, Словакии, Швеции, Великобритании и Японии.

В перерыве и после матча встретился с командой и тренерским штабом, обсудили детали подготовки спортсменов и общую стратегию развития данного спорта. Наши ребята выразили благодарность за поддержку при переходе из «С-Pool» в «B-Pool» и за возможность соревноваться на своей земле.
В упорной игре наши хоккеисты оказались сильнее крепкой команды из Великобритании и выйграли со счетом 4:3
👍54🔥2
Ертеңнен бастап Ханчжоуда өтетін IV Азия Пара ойындарына ұлттық құрамамыз жолға шығады. Соған орай Алматы қаласында Қазақстанның ұлттық паралимпиадалық құрама командасын ресми шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды.

Өздеріңізге белгілі, 2010 жылы Қытайда алғаш жалауын көтерген Азия Пара ойындарына Қазақстан құрамасы үздіксіз қатысып, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Биыл да аталған жарысқа 131 спортшы 14 спорт түрінен қатысады. Байрақты бәсекеде пара спортшыларымыз үздіктер қатарынан көрінуі үшін мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. Ұлттық құрама спортшылары осы жылдың өзінде 40-тан астам спорттық шараға, 30-дан астам оқу- жаттығу жиынына қатысып, өз біліктіліктерін арттырды.

Ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымызға тек сәттілік серік болсын.
Құрама қоржынынын толтырып, олжалы оралуларыңызға тілектеспін!
👍4
С завтрашнего дня наша сборная начнет отправляться на IV Азиатские Пара игры в Ханчжоу. В честь этого в г. Алматы была организована официальная церемония проводов национальной паралимпийской сборной Казахстана.

Как известно, Азиатские Пара Игры впервые стартовали в 2010 году в Китае, и с тех пор наши спортсмены активно и неизменно участвуют в этих соревнованиях, проявляя свое мастерство и настоящий дух борьбы среди лучших спортсменов Азии. В этом году 131 пара спортсменов Казахстана представляют нашу страну в 14 различных видах спорта на Азиатских Пара Играх. Этот путь к Играм был полон усердия и невероятного труда. От лица государства оказывалась всесторонняя поддержка. Только в этом году наши паралимпийцы принимали участие в более чем 40 важных спортивных соревнованиях и провели более 30 учебно- тренировочных сборов как внутри страны, так и за ее пределами.

Пусть только удача сопутствует нашим спортсменам, отправившимся защищать честь страны.
Желаем вам успехов, легких стартов и новых достижений!
👍10
9👍4🔥1