Қажырлы еңбегімен отандық туризмді дамытуға үлес қосып жатқан азаматтарымызды құттықтап, оларға құрмет көрсеттік. Бүкіл әлемде атап өтілетін Халықаралық туризм күніне орай Шымбұлақ тау шаңғысы курортының базасында сала үздіктерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Құрметті қонақтарды қарсы ала отырып, мен оларға 15 жылдан астам салада қызмет істеген қайраткерлерге туризм саласындағы ерекше еңбегі үшін берілетін «Туризм саласына сіңірген еңбегі үшін» және 5 жылдан астам еңбек сіңірген, өздеріне жүктелген міндеттерді адал және кәсіби тұрғыда орындаған қызметкерлерге берілетін «Туризм саласының үздігі» медальдарын тапсырдым.
Марапатқа ие болған 40 адамның арасында құрметті альпинистер, тау нұсқаушылары мен гидтер бар. Сонымен қатар, туризм саласының 50-ге жуық қайраткері министрліктің алғыс хатына ие болды.

👍9
Туризм-бұл бүкіл елімізде осы саланы дамытуға және туған Отанымыздың туристік әлеуетін ашу үшін тынымсыз жұмыс істеп жатқан мыңдаған адам. Олар бір мақсат, бір арманға жұмылып іс атқарып жатқан кәсіби деңгейі жоғары мамандар. Бұл күні гидтер мен аниматорлардан бастап турагенттер мен инфрақұрылымға инвестиция салатын кәсіпкерлерге дейін осы саланың әрбір қызметкеріне ортақ ісімізге қосқан үлесі үшін құттықтап, алғыс айтқым келеді. Біз бәріміз бірге ауқымды істерге қол жеткізе алатынымызға сенімдімін.
Сондай-ақ, іс-шара аясында 8 гид Kazakh Tourism ұлттық компаниясы әзірлеген Е – Guide-платформасында олардың профильдеріне апаратын QR-кодтары бар атаулы бейдждерді алғанын атап өтемін. Оның мақсаты-гидтердің жұмысын цифрландыру. QR код пайдаланушыларға бейдж иесі туралы толық ақпарат береді.

👍5