ҚДКБҚ | КФГД
305 subscribers
769 photos
10 videos
3 files
421 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
Елімізде бөлшек саудалық депозит портфелінің негізгі бөлігі (ағымдағы шоттарды қоспағанда) мерзімсіз салымдарға тиесілі -  75%-ды құрайды. Бұл салымдардың тартымдылығы сол, олардың талаптары салымшылар үшін икемді әрі табыстылығы жоғары.  
Екінші орында нарықтағы үлесі бойынша сыйақысын мемлекет субсидиялайтын салымдар орналасқан. Мұндай салымдар бойынша мемлекеттің беретін қосымша сыйлықақысы олардың табыстылығын арттыруға септігін тигізеді.

Сәйкесінше қысқа мерзім ішінде халықтың негізгі қажеттіліктері – тұрғын үй мен білім алуға қаражат жинауға мүмкіндік туады. Жалпы салымдардың ішінде мемлекет тарапынан субсидияланатын салымдардың үлесі - 14%-ға тең.

Дегенмен соңғы жылдары нарықта олардың үлесі аздап қысқарды (өткен жылдың 01 наурызында 16% болған еді).
Үшінші орында қазақстандықтардың сұранысы менқалауына қарай жинақ салымдар орналасты.

Олардың үлесі – депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктердегі салымдардың жиынтық көлемінің 10%-ын құрайды. Сонымен қатар салымдардың барлық түрлері арасында ең жоғары өсім дәл осы жинақ салымдарда тіркелді – ағымдағы жылдың 01 наурызына қарай өсім 47%-ға жетті, яғни 1,5 есеге өсті деген сөз.

Салыстыра кетсек: мерзімсіз салымдардың өсімі 23%-ды, ал мемлекет субсидиялайтын салымдардың үлесі - 7%-ды құрады. Жинақ салымдар бойынша мерзімінен бұрын ақша алуға қатысты шектеулер бар екендігіне байланысты банктер дәл осы салымдар бойынша ең жоғары сыйақылар ұсынады.

Сондықтан да тұрғындар тарапынан бұл салымдарға қызығушылық жоғары. Бұдан басқа, жинақ салымдар бойынша ҚДКБҚ беретін кепілдік мөлшері басқа салымдарға қарағанда жоғары – 20 млн теңгені құрайды (ұлттық валютадағы өзге салымдар бойынша – 10 млн теңге болса, шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 млн теңге).

Қатысушы банктерде салымдардың қалған бөлігін мерзімділік талаптарына сәйкес келетін депозиттер мен талап етілмелі салымдар алады – олардың үлесі шамамен 1%-ға тең.
Основная доля розничного депозитного портфеля (без учета текущих счетов) приходится на несрочные вклады – 75%.

Привлекательность таких вкладов для населения состоит в гибкости их условий при достаточно высокой доходности.
На втором месте по доле рынка находятся вклады, по которым вознаграждение субсидируется государством.

Дополнительная премия государства по таким вкладам позволяет значительно повысить их доходность и, соответственно, в более сжатые сроки накопить средства для финансирования основных крупных нужд населения – жилье и образование.

На вклады, субсидируемые государством, приходится 14% от всех вкладов, хотя их доля на рынке за последний год немного сократилась (с 16% на 01 марта предыдущего года).

Третье место в предпочтениях казахстанцев занимают сберегательные вклады – 10% от совокупного объема вкладов в банках-участниках системы гарантирования депозитов.  Вместе с тем, именно по сберегательным вкладам наблюдается самый высокий прирост объемов среди всех видов вкладов – 47% в годовом выражении на 01 марта текущего года, то есть практически в 1,5 раза.

Для сравнения: прирост объема несрочных вкладов составил 23%, субсидируемых государством – 7%. Ввиду наличия ограничений по досрочному изъятию средств, именно по сберегательным вкладам банки предлагают наиболее высокие ставки вознаграждения, что обеспечивает повышенный интерес к ним со стороны населения.

Кроме того, размер гарантии КФГД по сберегательным вкладам выше, чем по другим видам депозитов – 20 млн тенге (по сравнению с 10 млн тенге по другим видам депозитов в национальной валюте и 5 млн тенге по депозитам в иностранной валюте).
Оставшуюся долю вкладов в банках-участниках занимают вклады, соответствующие условиям срочности, и вклады до востребования – на них приходится около 1%.
 
ҚР азаматтық заңнамасы банктерді салымды немесе оның бір бөлігін салымшыларға олардың бірінші талабы бойынша беруге міндеттейді.

банк салымды мерзімінен бұрын қайтара алады. Алайда салымның түріне қарай қайтару мерзімі әртүрлі болуы мүмкін: мерзімді және мерзімсіз салым бойынша – күнтізбелік 7 күннен кеш емес, жинақ салымдар бойынша – салымшының талабы келіп түскен сәттен бастап, күнтізбелік 30 күннен ерте емес уақытта беріледі.

Салымдағы ақшаны мерзімінен бұрын мына екі әдіспен алуға болады:

• ішінара, шартты мерзімінен бұрын, азайтуға болмайтын қалдыққа дейін;
• шартты мерзімінен бұрын бұзып, салымды толығымен алу.

Жинақ салым бойынша ақшаны мерзімінен бұрын ішінара алу көзделмеген. Салымшы бұл ретте шартты бұзып, оны мерзімінен бұрын толығымен алуға ғана құқылы. Бұл ретте салымшы жинақталған сыйақысынан толығынан дерлік айырылады – ол талап етілмелі салым бойынша белгіленген мөлшерде төленеді.

Мерзімді салымдар бойынша ақшаны азайтуға болмайтын қалдыққа дейін ішінара алуға болады. Егер салымшы жинақ ақшаларын толығымен алғысы келсе, онда ол банк салымы шартын мерзімінен бұрын бұзуы қажет. Екі жағдайда да салымшы жинақталған сыйақысының елеулі бөлігінен айырылады.

Мерзімсіз депозиттер бойынша ақшаны азайтуға болмайтын қалдыққа дейін алуға рұқсат етілген. Бұл ретте салымшыға ешқандай шығын келмейді. Алайда егер салымшы банк салымы шартын мерзімінен бұрын бұзып, ақшасын толығымен алғысы келсе, бұл жағдайда ол жинақталған сыйақысының айтарлықтай бөлігінен айырылуы мүмкін. Осылайша мына заңдылықты есте сақтаған жөн, мерзімсіз салымнан ақшаны мерзімінен бұрын ішінара алу мен мерзімсіз салымды мерзімінен бұрын бұзу - бұл мүлдем екі түрлі жағдай.

Толығырақ сілтеме бойынша:
https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/banktegi-salymdy-merziminen-b-ryn-alay-alu-a-bolady/
Гражданское законодательство РК обязывает банки выдать вклад или его часть по первому требованию вкладчика.

Банк может досрочно вернуть вклад, однако, в зависимости от его вида, сроки выдачи могут варьироваться: по срочному и несрочному вкладу – не позднее 7 календарных дней, по сберегательному вкладу – не ранее 30 календарных дней с момента поступления требования вкладчика.

Досрочно снять деньги со вклада можно двумя способами:

• частично, вплоть до неснижаемого остатка;
• полностью, досрочно расторгнув договор.

Частичное изъятие не предусмотрено по сберегательному вкладу. Вкладчик имеет право только на досрочный полный его возврат, расторгнув при этом договор. В этом случае вкладчик теряет практически все накопленное вознаграждение – оно выплачивается в размере, установленном по вкладу до востребования.

Частичное изъятие по срочным вкладам возможно осуществить вплоть до неснижаемого остатка. Если вкладчик хочет снять полностью свои сбережения, то он должен досрочно расторгнуть договор банковского вклада. В обоих случаях вкладчик теряет значительную часть накопленного вознаграждения.

По несрочным депозитам частичное изъятие вклада до неснижаемого остатка, как правило, не несет для вкладчика никаких потерь. Однако, если вкладчик решит снять полностью свой вклад и расторгнуть договор банковского вклада досрочно, то в этом случае он может потерять значительную часть накопленного вознаграждения. Таким образом, важно помнить, что частичное досрочное изъятие денег с несрочного вклада и досрочное расторжение договора несрочного вклада – это две разные вещи.

Подробнее по ссылке:
https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-zabrat-vklad-iz-banka-ranshe-sroka/
Көп салымшы жинақ ақшаларын банкке салып жатып: «Апырай, банктің жағдайы нашарлап кетпес пе екен?», «Егер ол банкрот болып қалса, ақшамды қалай қатарамын?», - деп уайымдайтыны белгілі. Бұл ретте елімізде қазіргі уақытта депозиттерді қорғау жүйесі жұмыс істейтіндігін, банкте сақтандыру жағдайы туындаған шақта, яғни банк лицензиясынан айырылған кезде сол арқылы салымдарды қайтарып алуға болатындығын ұмытпаған жөн. Ал бұл шараны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) реттейді.       

ҚДКБҚ ислам банктерін қоспағанда, Қазақстанда жұмыс істейтін, жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлерден әртүрлі салымдарға ақша қабылдайтын банктердегі сол қаражаттардың сақталуына кепілдік береді.

Егер қаржы реттеушісі банктің лицензиясын қайтарып алар болса, Қор сол банкте мына төмендегідей максималды кепілдік мөлшері шегінде әртүрлі салымдарда, ағымдағы шоттарда және төлем карточкаларында орналасқан ақшаларды иелеріне қайтарады:

🔹 теңгелік жинақ салымдар бойынша – 20 млн теңге;
🔹 теңгелік өзге салымдар, шоттар, карточкалар үшін – 10 млн теңге;
🔹 валюталық шоттар, карточкалар ж/е салымдар үшін – 5 млн теңге.

Толығырақ сілтеме бойынша:
https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/bank-litsenziyasynan-ayyryl-an-zha-dayda-tem-t-leu-alay-zh-rgiziledi/
Размещая свои сбережения в банке, вкладчик нередко задает себе такие вопросы, как «А вдруг что-то случится, и банк лишат лицензии?», «Если он обанкротится, кто и как мне вернет мои деньги?». Вопросов возникает немало. Поэтому важно помнить, что на сегодняшний день в Казахстане работает система защиты депозитов, которая обеспечивает возврат накоплений при наступлении страхового случая в банке (лишения лицензии). Этот процесс регулирует Казахстанский фонд гарантирования депозитов (КФГД).

КФГД гарантирует средства, размещенные во всех казахстанских банках, которые привлекают депозиты физических лиц, в том числе индивидуальных предпринимателей, за исключением исламских.

Если регулятор отзовет лицензию у банка, то КФГД возвращает вкладчикам деньги, которые были размещены на вкладах, счетах, платежных карточках в пределах максимальной суммы гарантийного возмещения:

🔹 по сберегательным депозитам в тенге – 20 млн тенге;
🔹 по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге – 10 млн тенге;
🔹 по карточкам, счетам и депозитам в инвалюте – 5 млн тенге.

Подробнее по ссылке:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-proiskhodit-vyplata-vozmeshcheniya-pri-lishenii-banka-litsenzii/
Ақша қаражаттарын банк салымдарында сақтау жыл өткен сайын халық үшін ақша жинаудың өзекті құралына айналуда. Салымшыларды пайыздық сыйақылардан бөлек, қаражатты онлайн-режімінде иелік ету мүмкіндіктері және депозиттердің сақталуына кепілдіктердің берілгендігі қызықтырады.

Банк лицензиясынан айырылған жағдайда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) салымшыларға кепілді өтем төлейді. Өтем сомаларының көлемі шектеулі: 

• 20 млн теңгеге дейін – теңгелік жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңгеге дейін – теңгедегі өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңгеге дейін – шетел валютасындағы депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша.

Ақшаны банктегі шотқа салардың алдында әрбір салым түрі бойынша кепілдік берілген шекті сомаларды ескере отырып, ҚДКБҚ-ның бірқатар ақыл-кеңестеріне назар аударған жөн.  

Толығырақ бейіндегі сілтеме бойынша оқыңыз:

https://www.kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/dkb-da-kepildikten-zho-ary-somasy-bar-salymshylar-shin-t-uekelder-atap-k-rsetildi/
Размещение денежных средств на банковских вкладах с каждым годом становится все более актуальным инструментом населения для накопления сбережений. Кроме процентного вознаграждения вкладчиков привлекают также условия обращения со средствами в онлайн-режиме и наличие гарантии по депозитам.

При лишении банка лицензии КФГД выплачивает вкладчикам гарантийное возмещение. Под него подпадает строго лимитированная сумма:

• До 20 млн тенге – по сберегательным депозитам (вкладам) в тенге;
• До 10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;
• До 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

С учетом имеющихся предельных размеров гарантийных сумм при размещении средств в банках стоит обратить внимание на несколько рекомендаций КФГД.

Более подробную информацию можно прочитать по ссылке:

https://www.kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/v-kfgd-nazvali-riski-dlya-vkladchikov-s-summami-sverkh-garantii/
Достар, мінеки, кезекті демалыс күндері де артта қалып, жаңа жұмыс аптасы басталды! Сіздерге күндеріңіз сәтті болсын демекпіз!

Ал қаржылық сауаттылық бойынша дәріс беру циклы одан әрі жалғасуда. ҚДКБҚ өкілі Жаппарберген Айбота Алматы экономикалық колледжінде дәріс өткізді.

Маман әрбір адамның өмірде қандай мамандықты таңдаса да қаржылық тұрғысынан сауатты болу керектігін атап көрсетті. Өйткені бұл қазіргі заман талабы.

Кездесу барысында қатысушыларға банк салымдарының түрлері және оларға қатысты заңнама тұрғысында бекітілген мына төмендегі максималды кепілдік сомалары туралы баян етілді:

• 20 млн теңге – ұлттық валютадағы жинақ салымдар (депозиттер) бойынша;
• 10 млн теңге – ұлттық валютадағы өзге депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша;
• 5 млн теңге – шетел валютасындағы депозиттер, шоттар және карточкалар бойынша (қатысушы банк лицензиясынан айырылған күнге қарай валюта айырбастау бағамы бойынша теңгелік балама).

Меймандық дәріс барысында Қор маманы банктегі жинақ ақшаларды сақтандыру мәселесі туралы жан-жақты әңгімеледі. Колледж оқушыларына қазақстандықтардың жинақ ақшалары қашанда ҚДКБҚ қорғауында екендігі айтылды. Банк салымдары басқа қаржы құралдарының ішінде ақша сақтаудың және молайтудың ең қарапайым, ең түсінікті және сара жолы екендігі атап көрсетілді. Өйткені егер салымшының бір банкте әрқалай валютада әртүрлі бірнеше салымы ашылса, банк лицензиясынан айырылған күнге қарай барлық шоттарда қалған ақшаға, әрбір салым бойынша белгіленген кепілдік сомасын ескере отырып өтем сомасы есептеледі. Бірақ салымшыға берілетін жалпы жиынтық өтем сомасы 20 млн теңгеден асырылмайды.

Аталмыш шараға әртүрлі мамандықта білім алатын студенттер қатысты. Жастар дәрісті зор ықылас танытып тыңдады және өздерін мазалаған сұрақтарды қоя отырып, салымдарды сақтандыру мәселесін қызу талқылады.
Друзья, вот и остались позади выходные, началась новая рабочая неделя, и мы желаем вам продуктивного дня! Ну, а цикл лекций по финансовой грамотности от нас продолжается.

Представитель КФГД Айбота Жаппарберген провел ее для
студентов Алматинского экономического колледжа.

Специалист подчеркнул необходимость быть финансово грамотными людьми вне зависимости от выбранной профессии. В первую очередь на встрече участникам напомнили об объектах гарантии и ее максимальных суммах. Она составляет:

• 20 млн тенге - по сберегательным вкладам (депозитам) в национальной валюте;
• 10 млн тенге - по карточкам, счетам и другим депозитам в национальной валюте;
• 5 млн тенге - по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте (в эквиваленте по курсу обмена валют, установленному на дату лишения банка-участника лицензии).

Подробно во время гостевой лекции остановились на теме защиты сбережений в банке. Учащимся колледжа напомнили, что на страже накоплений казахстанцев всегда стоит КФГД. Было отмечено для чего сбережения лучше хранить в разных банках. Ведь если в одном банке размещено несколько депозитов, различных по видам и валюте, то при страховом случае гарантируется совокупный остаток суммы по всем депозитам, но не более максимальной суммы гарантийного возмещения – 20 млн тенге, учитывая пределы по каждому виду депозита.

В мероприятии приняли участие студенты различных специальностей. Молодые люди с огромным интересом слушали лекции, вступали в дискуссии, задавали вопросы.
Құрметті отандастар!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн әрбір отбасына бақыт, шаттық және береке-бірлік алып келсін!

Сіздерге мықты денсаулық, амандық, тыныштық және жетістіктер тілейміз!

Құрметпен, сіздің Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорыңыз.

🌸🌸🌸

Дорогие соотечественники!

Поздравляем вас с Днем единства народа Казахстана!

Пусть в каждом доме царит атмосфера гармонии и взаимопонимания!

Желаем крепкого здоровья, благополучия, мира и процветания!

С уважением, ваш Казахстанский фонд гарантирования депозитов.