Семей қаласының әкімдігі
3.02K subscribers
10.4K photos
2.76K videos
9 files
798 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан:

“Бүгінгі жұмыс күнім маңызды кездесулерге толы болды. Менің қабылдауыма түрлі сұрақтармен келген 10 адам қатысып, кейбір қала тұрғындары ZOOM арқылы өз сұрақтарын қойды.

Өтініштердің негізгі бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй және жер мәселелеріне қатысты болды. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты сұрақтарға заңңамаға сүйеніп тиісті жауаптарын бердім.

Баспанаға мұқтаж жандарға ерекше назар аударылды. Оларға өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үдерістерін түсіндіріп, әрбір санат бойынша кезектілікті ілгерілету тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып бердік.

Қала басшысы ретінде менің бақылауымда назар аударуды және шешуді қажет ететін көптеген мәселелер бар екенін түсінемін. Алайда мен көтерілген әр сұрақты ұмытпаймын-мен үшін қойылған әрбір сұрақ маңызды және мен оларды бақылауда ұстаймын”.