Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
⚡️Семейде жол жөндеу жұмыстары аяқталды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі Железников, Целинная, А. Кошкинбаева, 1 линия, 7 линия, Декоративная сияқты асфальт төсемі аяқталған көшелерге барды.

"Биыл жол жөндеу жұмыстары бекітілген кесте бойынша аяқталды. Енді барлық мердігер ұйымдар жол бойындағы құрылыс қоқыстарын тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізген көшелерді ретке келтіруі керек", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Сондай-ақ қала әкімі автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевқа жөндеу жұмыстары жүргізілген көшелерге тиісті жол белгілерін қоюды және көлік жүргізушілердің жылдамдықты асырмауын қадағалауды тапсырды.

Айта кетейік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Семей қаласында 55-тен астам көше асфальтталып, жөндеу жұмыстары аяқталды. Тек жол бойындағы кәріз құдығының жан-жағын тегістеу жұмыстары қалды.

Көшпелі кеңес барысында Нұрбол Нұрсағатов Восточный кентіндегі Декоративная көшесінде салынып жатқан қоғамдық кеңістіктің жұмысымен танысып, мердігерлерге жұмысты сапалы жүргізуге қатысты бірқатар ескертпелер жасады.

✍🏻 Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В Семее завершены дорожно-ремонтные работы

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов посетил улицы поселка Восточный, где завершено асфальтирование: Железнякова, Целинная, А. Кошкинбаева, 1 линия, 7 линия, Декоративная.

"В этом году дорожные ремонтные работы завершены по утвержденному графику. Теперь все подрядные организации должны обязательно очистить придорожный строительный мусор и привести в порядок внешний вид улиц, где они проводили ремонтные работы", - сказал Нурбол Нурсагатов.

Также аким города поручил руководителю отдела автомобильных дорог Медету Алтаеву поставить соответствующие дорожные знаки на улицах, где проводились ремонтные работы, и следить за тем, чтобы водители не превышали скорость.

Напомним, по информации руководителя отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Медета Алтаева, в настоящее время в городе Семей асфальтированы и завершены ремонтные работы более 55 улиц. Остались только работы по выравниванию участков придорожных канализационных колодцев.
Семей қаласының сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

Семей қаласының сайлау учаскелері ҚР Семей қаласының мәслихаттының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткізуге дайын.

Бүгін, сайлау күні қалада 11 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Сондай-ақ, қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады.

Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне екі округ бойынша 20168 адам енгізілген.  

-

В Семее начали работу избирательные участки

Избирательные участки города Семей готовы провести выборы вместо выбывших депутатов маслихата города Семей.

Сегодня, в день выборов, в городе работают 11 избирательных участков.

В городе также созданы условия для того, чтобы воспользоваться своим конституционным правом могли и люди с ограниченными возможностями – будет организована работа участковой комиссии для голосования на дому.

Добавим, что в списки избирателей в городе Семей включены 20168 человек.
❄️Бүгін, 29 қазан күні Семейде алғашқы қар жауды. Ауа райының қолайсыздығы туралы алдын ала болжамға байланысты барлық қалалық коммуналдық қызметтерді жоғары дайындық режиміне көшіру туралы шешім қабылданды. Жолдарды қысқы күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу үшін барлық арнайы техника дайындалды.

Мердігерлік ұйымдардың бригадалары тәулік бойы кезекшілік режиміне ауыстырылды.

***

❄️Сегодня, 29 октября в г. Семей выпал первый снег. В связи с неблагоприятным прогнозом было принято решение перевести все городские коммунальные службы в режим повышенной готовности. Подготовлена вся спецтехника для проведения работ по зимнему содержанию дорог.

Бригады подрядных организаций переведены на круглосуточный режим дежурства.