Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🇰🇿 В Семее ряд граждан наградили по случаю Дня Республики

25 октября – состоялось торжественное заседание по случаю Дня Республики.

Мероприятие началось с исполнения государственного Гимна. Аким города Семей Нурбол Нурсагатов вручил от имени акима области Абай Нурлана Уранхаева благодарственные письма, также почётные грамоты и нагрудные знаки "Қалаға сіңірген еңбегі үшін".

Наградили представителей спорта, здравоохранения, государственной службы, сельского хозяйства и предпринимательства.

"25 октября - одна из важнейших дат в истории Казахстана. Ведь именно с  этого дня ведётся отсчет становления и развития нашего государства.
Все эти годы город Семей демонстрирует положительную динамику роста экономических показателей. Наша главная цель – сохранить и приумножить завоеванные достижения!", - сказал аким города Н. Нурсагатов.

Также по решению акима Нурбола Нурсагатова с 9 сентября по 9 октября была организована экологическая акция. Помимо вышеперечисленных наград, команды учреждений, участвовавших на субботниках в конкурсе «Таза Семей -2023», были награждены денежными призами.

В частности, «Знаменская средняя школа», «кафе Jq», «Детский сад «Немере», «Городской дворец культуры», «22 общеобразовательная школа-лицей», «ForteBank», «Педагогический колледж имени М.О. Ауэзова», «Приречная средняя школа», «Геологоразведочный колледж», Алена Пасько, “Экономический лицей», «25 Средняя школа» удостоены звания активного участника экологической акции.

На церемонии вниманию зрителей были представлены лучшие фотографии и видеозаписи, подготовленные участниками субботней акции.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔑Көпбалалы 32 отбасыға  тұрғын үй кілттері табысталды
 
Бүгін Республика күніне орай Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов  мемлекеттік тұрғын үй қорында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрған 32 отбасына Ұшақтар  кентінен жеке тұрғын үйлердің кілтін табыстады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап пәтер кезегінде тұрған көпбалалы отбасыларға Комсомол кентінен  50-ден астам жеке үйлердің кілттері табысталды. Аталған тұрғын үйлер сатып алу құқығынсыз берірлетін жалдамалы тұрғын үйлер болып табылады.

Әр үйдің жалпы ауданы 80-100 шаршы метрді құрайды, үйлер жылыту пештерімен толық қамтамасыз етілген, жөндеу жұмыстарын қажет етпейді. Ауласында бау-бақшаға арналған арнайы бос орын бар.

«Бүгін 32 отбасыға Архат көшесіндегі үйлерден баспаналы болды. Баспана иелерін – осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа үйлер берекелі болып, барша шаңыраққа қуаныш әкелсін. Республика күні құтты болсын»- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, Семей қаласы бойынша үй кезегінде 13 000-нан астам қала тұрғындары тіркелген. Осыған орай, Қарағайлы ықшам ауданында  бюджеттік көпқабатты тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, биыл жыл соңына дейін 200-ден астам әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылар тойлайды. Отбасыларды тұрғын үймен қолдаудың кешенді моделі жалғасатын болады.

#RepulicDay
#Семейқаласыәкімдігі
 
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔑32 многодетным семьям вручены ключи от домов
 
Сегодня, ко Дню Республики, аким  Семея Нурбол Нурсагатов вручил ключи от частных домов 32 семьям, стоящим в очереди по категории «Многодетная семья» в государственном жилищном фонде.
Отметим, с начала этого года многодетным семьям, ожидающим жилье, были переданы ключи от более чем 50 частных домов на  поселке Ушактар.

Данное  жилье является арендным, без права выкупа. Общая площадь каждого дома 80-100 квадратных метров, дома полностью оборудованы печным отоплением, с ремонтом. Во дворе имеется место для садового участка.

«Сегодня 32 семьи получили  дома по улице Архата. От всей души поздравляю новосёлов со столь знаменательным днем. Пусть новые дома будут благословенны и принесут радость всей семье. С Днем Республики», — поздравил аким города Нурбол Нурсагатов.
 
Стоит отметить, что в очереди на получение жилья стоят более 13 тысяч жителей города Семей. В связи с этим в микрорайоне Карагайлы ведутся строительные работы многоэтажного жилого дома. Также до конца года новоселье отметят более 200 социально незащищенных и многодетных семей. Комплексная модель жилищной поддержки семей будет продолжена.

#RepulicDay
#Семейқаласыәкімдігі
Бүгін Республика күніне орай, Семей қаласы әкімінің орынбасары Досмағанбетов Рамиль Майшуланұлына «Құрмет» ордені берілді.

"Құрмет" ордені - Қазақстан Республикасының мемлекеттік ордені, 1993 жылы бекітілген.

Мемлекеттік органдардағы үлгілі қызмет және белсенді қоғамдық қызметтегі үлгілі қызмет үшін экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениетті дамытудағы еңбектері үшін азаматтар марапатталады.
_______________

Сегодня в честь Дня Республики заместитель акима города Семей Досмаганбетов Рамиль Майшуланович был награжден орденом "Құрмет".

Орден «Құрмет» ("Почёт", "Уважение") — Орден Республики Казахстан, учреждён в 1993 году.

Орденом «Құрмет» награждаются граждане за заслуги в развитии экономики, социальной сферы, науки и культуры, образования, за образцовую службу в государственных органах и активную общественную деятельность.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 25 қазан - Егемендік декларациясы қабылданған күн

Мереке құтты болсын
Құрметті жерлестер!

Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – халқымыздың мемлекеттілік дәстүрі жаңғырып, бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған ұлы күн.
1990 жылы 25 қазанда Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырған – Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды.
Азаттық таңы атып, егемен елдің жаңа тарихы жазыла бастады.

«Егемен болмай, ел болмас» деген сөздің тереңдігі мен ұлағаты осында болса керек!..
Бірақ, Егемендік – бәз біреулер ойлағандай, қазаққа тосыннан түскен сый, кенеттен бұйырған бақ емес!

Сондықтан, егемендігімізді еселеп, тәуелсіздігімізді «көзіміздің қарашығындай» сақтау – баршамызға артылған абыройлы міндет!

Ұлы Абайға арқа сүйеген мемлекетіміз, осынау күнге «ақырын жүріп, анық басып», саяси дүрбелеңге жол бермей аман жетті. Қазақстанды әлем мойындап, құрмет тұтады. Мұның барлығы – халқымыздың ортақ еңбегінің жемісі мен жеңісі. Республика күнінің басты құндылығы да осында!Бұдан артық бақыт та, байлық та жоқ!

Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын берік, ғұмыры баянды болсын!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев


🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл күн - өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, болашаққа батыл қадам басар ұлы күн. Әділетті Қазақстанның жаңа тарихында ұлттық мерекеміз ұлықталып, мәртебеміз өсіп, мерейіміз тасып  жатыр.

Президентіміздің бұл саяси шешімі егемендікке арқау болған декларацияны қабылдау туралы тарихи құжаттың салмағын еселеп, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекіте түсті. Тарихи мәні терең, идеологиялық жүгі жоғары айтулы күн еліміздің бүгіні мен ертеңіне адал қызмет ететін, ерен істер мен елеулі бастамаларды жалғастыратын барша азаматтың отаншыл рухын оятып, сенім мен жауапкершілік сезімін қалыптастырады.

Күні кеше ғана Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыруға арналған салтанатты жиында «Бүгінгі күн еліміздің ең басты мейрамы деп атап, 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнап, Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн»,- деп атап өтті. Бұдан асқан баға жоқ деп санаймын.

Қарт Ертістің екі жағын жайлаған өсиетті  ел, қасиетті жер Семей қаласы үшін бұл мерекенің мәнімен маңызы ерекше. Елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналған бұл мереке – Қазақстан Республикасының әлем алдында өз еркіндігі мен бостандығын жария етіп, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан күн.
Тарихи мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін!

Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын! Әр отбасына бақ пен береке ұяласын.
 
✍🏻 Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов