Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
📣Семей қаласының әкімі болып Нұрбол Нұрсағатов тағайындалды

Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатов - 1981 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының тумасы.
«Экономист-менеджер» және «Инженер» мамандықтары бойынша екі жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы Астана қаласы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы ретінде бастап, кейін бөлім басшысы және директордың орынбасары қызметін атқарды.

2008 жылдан 2011 жылға дейін Астана қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін «Байқоңыр» ауданының әкімі, содан кейін Қазақстан Республикасының астанасы Нұр-Сұлтанның «Алматы» ауданының әкімі қызметін атқарды.
Семей қаласының әкімі лауазымына тағайындалғанға дейін Абай облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.