Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.92K photos
2.7K videos
9 files
701 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🌳 Жалпы қалалық сенбілік аясында Әуезов алаңына жасыл шырша көшеттері отырғызылды.

Бұл алаңда барлығы 64 ағаш отырғызылды. Көшеттерді отырғызуға қала тұрғындары, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және Семей қаласы әкімдігінің қызметкерлері қатысты.

Айта кетейік, "Зеленстрой Семей" кәсіпорны бүгін, Әуезов даңғылындағы жол желегіне ағаш отырғызды.

...................................

🌳 В рамках общегородского субботника на площади Ауэзова посадили саженцы голубой ели.

Всего на этом пространстве было высажено 64 дерева. В посадке приняли участие жители близлежащих домов, депутаты городского Маслихата, аким города Нурбол Нурсагатов и сотрудники акимата города Семей.

Добавим, что предприятие «Зеленстрой Семей» сегодня также производит посадку деревьев на разделительной полосе по пр. Ауэзова.

#Семейқаласыәкімдігі
ҚР оқу-ағарту министрлігінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Тараз қаласында өткізілген жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты V республикалық зияткерлік конкурсында Семей қаласындағы Шәкәрім гимназиясының 10 сынып оқушысы Қалиасқарова Тоғжан І орынға ие болды.

......................


В V республиканском интеллектуальном конкурсе юных историков «Моя малая Родина», организованном Министерством просвещения РК в г. Тараз Жамбылской области ученица 10 класса гимназии им. Шакарима Калиаскарова Тогжан заняла І место.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Семейде жаппай жалпықалалық сенбілік өтуде. Аумақты тазалауға тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік және жеке мекемелердің қызметкерлері шықты. Бүгінгі таңда қоқыстардан тазартумен қатар жаңа көшеттер де отырғызылуда. Әуезов алаңында жасыл шыршалар отырғызылды.
………………………

Сегодня в Семее проходит массовый общегородской субботник. На уборку территории вышли жители, работники акимата, сотрудники государственных и частных учреждений. Сегодня наряду с очисткой от мусора производится также посадка новых саженцев. Так на площади Ауэзова высажены голубые ели.

#Семейқаласыәкімдігі
Кәсіпкерлер жалпықалалық сенбілікке қолдау білдірді

🌳 Экологиялық акция аясында сенбілікке қала тұрғындары, белсенділер, әлеуметтік нысан қызметкерлері, мемлекеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың үй иелері шықты.

Сонымен қатар, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, соның ішінде кәсіпорындар, базарлар, сауда орталықтары мен дүкендер өз аумақтарын және оған іргелес аумақтарды жинады. Олар аулаларды қоқыстардан тазартуды , терезелерді жууды, сырлауды және т. б. жұмыстарды жүзеге асырды.

"Бүгін өте керемет күн. Біздің қала таза болады. Қала тұрғындары ретінде біз жалпықалалық сенбілікке шықтық. Өйткені, қала-біздің ортақ үйіміз. Барлық тұрғындар да оған қамқорлық жасауы керек. Біз бәріміз қаламыздың тазалығы мен әдемілігін қадағалауымыз керек", - деп атап өтті сенбілікке қатысушылар.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Кәсіпкерлер жалпықалалық сенбілікке қолдау білдірді 🌳 Экологиялық акция аясында сенбілікке қала тұрғындары, белсенділер, әлеуметтік нысан қызметкерлері, мемлекеттік және жеке мекеме ұжымдары, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдары және жеке сектордың…
По инициативе акимата города сегодня в Семее проходит массовый общегородской субботник и проводятся работы по озеленению.

В рамках экологической акции на уборку территории вышли неравнодушные горожане, активисты, коллективы социальных объектов, государственных и частных учреждений, органы управления многоквартирными жилыми домами и домовладельцы частного сектора.
Кроме того, уборку своей и прилегающей территории провели объекты крупного, среднего и малого бизнеса, в том числе предприятия, рынки, торговые центры и магазины – они провели очистку от мусора, помывку витражей, окон, покраску и пр.

«Сегодня замечательный день. Наш город становится чище. Как жители города, мы вышли на общегородской субботник, ведь город - это наш общий дом, все жители тоже должны ухаживать за ним, это не только работа коммунальных служб. Все мы должны следить за чистотой и красотой нашего общего дома», - отметили участники.

#Семейқаласыәкімдігі
Қала әкімі 3 күн қатарынан тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді

Бүгін сенбі күні қалалық әкімдік ғимаратында, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындардың көптігіне байланысты кезекті қабылдауын өткізді.

Әкімнің жеке қабылдауына келген азаматтардың басым бөлігі балалар алаңқайын салып беруді сұраса, кейбірі қоғамдық көліктердің аз қатынайтындығына шағымданды. Сонымен қатар, жол мәселесі, ҚТҚ шығаруда тарифтердің қымбаттауы, орталықтандырылған су құбырының жұмысына қатысты сұрақтарын қойды.

Нұрбол Төлегенұлының жеке қабылдауына бөлім басшылары да қатысып, тұрғындардың сұрағына нақты жауаптарын берді.

Әкімнің қабылдауына 8 (7222) 52 35 08 телефоны арқылы жазылуға болады.

#Семейқаласыәкімдігі