Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.91K photos
2.7K videos
9 files
695 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Әркімнің дауысы маңызды!
Өз таңдауыңды жаса!
__________________

Сделай свой выбор!
Твой голос важен!

#Семейқаласыәкімдігі
Бүгін қоғамдық кеңестің кезекті отырысында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаңадан жасақталған кеңес мүшелерімен кездесіп, бірқатар мәселелерді талқылады.
Кеңес отырысына қала әкімінің орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес мүшелері дағдарыс орталығын салу, жаңа қоқыс полигонын салу, орталық саябақты абаттандыру, Знаменка тас жолы бойындағы зират аумағын шектеу сынды бірнеше ұсыныстарын қала әкіміне айтты. Сәйкесінше, Нұрбол Төлегенұлы әрбір кеңес мүшесінің сұрақтарын тыңдап, жауап берді.

«Қоғамдық кеңес мүшесі болу бұл жәй ғана мәртебе емес, бұқара мен билік арасын жалғаушы ретінде жұмыс жасау үшін жүктелген үлкен жауапкершілік. Қоғамдық кеңестің пікірі маңызды. Әкімдік депутаттар мен қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп жұмыс істеп, біраз шаруаларды бітіреміз деп сенемін»,- деді қала әкімі.

Бұдан бөлек ағымдағы жылы қалада атқарылған істер мен жүзеге асырылған жобаларға тоқталып өтті. Қоғамдық кеңес мүшелері мен қала әкімінің келесі кездесуі желтоқсан айында өтеді деп жоспарлануда.
Нурбол Нурсагатов провёл встречу с членами Общественного совета
Аким города принял участие в заседании вновь сформированного Общественного совета.

Нурбол Нурсагатов рассказал об итогах проделанной работы и о проектах, реализованных в текущем году. В свою очередь члены Совета выдвинули ряд предложений, в том числе о строительстве кризисного центра, нового мусорного полигона, благоустройстве Центрального парка, ограждении территории кладбища по Знаменскому шоссе и др.

Аким выслушал все предложения и ответил на вопросы членов Общественного совета.

"Быть членом Общественного совета - это не просто привилегия, но и большая ответственность выполнять работу в качестве связующего звена между народом и властью. Мнение Общественного совета очень важно для меня. Акимат будет работать совместно с депутатами и членами Общественного совета, и, уверен, мы сможем решить достаточно городских проблем", - сказал Н.Нурсагатов.

Добавим, что в заседании также приняли участие заместители акима города и представители СМИ.

Следующая встреча членов Общественного совета и акима города запланирована на декабрь т.г.
#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласы кәсіпкерлік бөлімі ұйымдастырылуымен болған Новобаженово және Приречный ауылдық округтерінде Кәсіпкерлер Палатасы мен «Даму» Қоры АҚ өкілдерінің қатысуымен «Бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының құралдарын түсіндіру» («Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы», «Қарапайым заттар экономикасы») тақырыбы бойынша семинар өткізілді.
Аталған іс-шарада кәсіпкерлікке қатысты проблемалық және өзекті мәселелер қаралды.


Отделом предпринимательства г. Семей в сельских округах Новобаженово и Приречный проведен семинар по теме: «Разъяснение инструментов государственных программ поддержки и развития бизнеса» («Национальный проект по развитию предпринимательства на 2021-2025 годы», «Экономика простых вещей») с участием представителей Палаты предпринимателей и АО «Фонд «Даму».
На данном мероприятии были рассмотрены проблемные и актуальные вопросы, касающихся предпринимательства.

#Семейқаласыәкімдігі
🔵Нурбол Нурсагатов посетил Чекоман, Достык, Прииртышское и Мукур

Аким города Нурбол Нурсагатов проверил ход строительства водопроводных сетей, а также посетил школу в селе Чекоман. В настоящее время на участке строительства водопроводных сетей выявлены нарушения, строительно-монтажные работы ведутся с отставанием от утвержденного графика.

Ответственным сотрудникам даны поручения о принятии соответствующих мер.
Кроме того, сегодня аким города с рабочей поездкой посетил жилые массивы Достык, Прииртышское и Мукур.

#Семейқаласыәкімдігі

#Семейқаласыәкімдігі
Нұрбол Нұрсағатов Шақаман, Достық, Прииртышское және Мұқыр ауылдарына барды


Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шақаман ауылында су құбыры желілері құрылысының барысын тексерді. Қазіргі уақытта су құбыры желілерінің құрылыс барысында олқылықтар анықталды. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеден артта қалуда.

Жауапты қызметкерлерге тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, бүгін қала әкімі жұмыс сапарымен Достық, Прииртышское және Мұқыр ауылдарына да барды.

#Семейқаласыәкімдігі
Құрметті семейліктер!

Қоғамдық орындарда, автобустарда осындай постерді көріп қалсаңыздар, QR код арқылы біздің WhatsApp-қа өтіп, өз сұрақтарыңызды қоя аласыздар.

________________

Уважаемые жители города Семей!

Если вы видите такой плакат в общественных местах, автобусах, вы можете через QR-код зайти в наш WhatsApp и задать свои вопросы.

#Семейқаласыәкімдігі