Семей қаласының әкімдігі
Photo
👶🏻 Семейде 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні жоғары деңгейде аталып өтуде
Бүгін Семей қаласының әкімідігінің ұйымдастыруымен 1 маусым- Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 20-ға жуық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламалар қаланың орталында ғана емес, шеткері аумақтарында да өтеді.
Мерекеге орай қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов “Семей қаласының мамандандырылған балалар үйіне” барды.
Балаларға қаламыздың аниматорлары, ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылыммен өнер көрсетті. Сонымен қатар, мекеме тәрбиеленушілерін мерекелік дастархан мен түрлі тәттілермен қуантты.
💬 “Баршаңызды жадыраған жаздың алғашқы мерекесі – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Дана халқымызда «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» деген ұлағатты сөз бар. Құрметті менің жас достарым, болашақтарыңыз жарқын болсын. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін”,- деді қала әкімі Н. Нұрсағатов.
✅Түске тақау “Абай облысы Семей қаласының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де күндізгі бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Балалық шақ - ертегі әлемі!” атты мерекелік шара өтті.
Мерекелік іс-шараға ертегі кейіпкерлері келіп балалармен ойындар ойнап, би билеп іс-шараны қызықты әрі жоғары деңгейде өткізді.
🎉Мерекелік бағдарламалар тәулік ішінде жалғасатынын хабарлаймыз. 14:00- 17:00 аралығында Қарағайлы шағын ауданында, Әуезов алаңында, жағалауда, Арбатта мерекелік іс-шаралар өтеді.