Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.97K photos
2.72K videos
9 files
713 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
Семей қаласында жаңа цифрлық кеңсе пайдалануға берілді

Бүгін Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Семей қаласындағы Халыққа арналған жаңа цифрлық кеңсенің салтанатты ашылуы рәсіміне қатысты.

New CON-ның орналасқан жері кездейсоқ таңдалмады. Аталған бірегей кеңсе халық саны 70 мыңнан асатын Қарағайлы, Энергетик шағын аудандарындағы азаматтарды қамтитын болады. Бүгінгі күнге дейін Семей қаласының осы бөлігіндегі тұрғындарға орталықта орналасқан ХҚКО қызмет көрсетті.

New CON-ның кіреберіс тобына постаматтар орнатылғаннан кейін дайын құжаттар 24/7 режимде берілетін болады.

Бөлімде тәулік бойы бейнебақылау және күндізгі уақытта күзет жүргізіледі. Ғимарат өрт және күзет дабылына қосылған.

t.me/abaiaqparatkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Дарынды балалар марапатталды

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша қала мектептерінің дарынды 500-ден астам оқушыларының дәстүрлі шеруіне қала әкімінің орынбасары Мұқатаев Жәнібек Қайратұлы, қалалық мәслихат депутаттары, педагогикалық еңбек ардагерлері, Семей мемлекеттік Шәкәрім университетінің профессорлық - оқытушылық құрамы, ата-аналар қауымдастығы, қалалық педагог қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының басшысы қатысты.

Ғылым негіздері бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде 83 оқушы, республикада 243 оқушы, ғылыми жоба бойынша облыста 71 оқушы, республикада 4 оқушы, халықаралық деңгейде 4 оқушы, спорттық сайыстар мен шығармашылық конкурстардың республикалық кезеңінде 85 оқушы, халықаралық спорттық жарыстарда 43 оқушы марапатталды.

Қатысушылар қаланың дарынды оқушыларына ықыласты тілектері мен жетістіктеріне табыс тілеп, болашақта да үлкен жеңістер тілейтінін айтты. Сонымен қатар қаламыздың кәсіподақ ұйымының басшысы Жанат Ахметжанқызы осы дарынды балаларды дайындаған ұстаздарды марапаттап, арнайы сыйлықтарын табыстады. Оқу жылы барысында мектеп оқушыларын ғылыми жобалар сайысына дайындап, мектептер бірлесе жұмыс атқарған Шәкәрім университетінің ғалымдарына қала әкімінің алғыс хаты табысталды. Шара мерекелік концертке ұласты.