Семей қаласының әкімдігі
3.08K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
731 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 70 жасқа толды

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

⚡️Қ.К. Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

⚡️Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әртүрлі мемлекеттік саяси қызметтерді атқарған.

🗣Президенттің баспасөз қызметі бұл күні ешқандай іс-шара өткізілмейтінін мәлімдеді.

✈️Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

#АбайОблысыныңӘкімідігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM