Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.94K photos
2.7K videos
9 files
705 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы


Құрметті отандастар!


Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Еліміздің егемендігі баянды болсын!

t.me/bort_01
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Республики


Дорогие соотечественники!

Поздравляю вас с Днем Республики!

Декларация о государственном суверенитете Казахстана открыла путь к нашей священной Независимости. Поэтому этот документ имеет историческое значение.

С нынешнего года мы по-новому отмечаем День Республики, который получил статус национального праздника. Уверен, это начинание получит широкую поддержку в обществе и станет доброй традицией. День Республики – яркий праздник, призванный возвысить дух народа, укрепить государственность, упрочить наше единство и солидарность.

Мы приступили к построению Справедливого Казахстана. Эта высокая цель может быть достигнута только при активном участии всех казахстанцев, потому что главная опора и самое большое богатство государства – это граждане! По случаю возрожденного национального праздника в регионах состоится церемония поднятия государственного флага. Это важное мероприятие, направленное на укрепление патриотизма, духа нашего народа, национального самосознания. Наш небесно-голубой стяг олицетворяет такие ценности, как суверенитет, свобода, единство и мир.

Мы верны заветам предков, которые всегда высоко несли наше знамя. Поэтому церемония поднятия флага продемонстрирует глубокий смысл национального праздника. У нас нет другой Отчизны, кроме Казахстана. У нас ясные устремления и общие цели. Мы всегда будем свято чтить Независимость и укреплять нашу государственность. У нас одна Родина, одно государство, один народ!

Вместе мы построим Справедливый Казахстан! Еще раз поздравляю вас с Днем Республики! Желаю всем крепкого здоровья и благополучия! Пусть крепнет суверенитет нашей страны!

t.me/bort_01
Семейліктер ұлттық мереке - Республика күнін тойлауды бастады.

Мемлекеттік мереке "Спартак" стадионында Ту көтеру рәсімімен басталды. Шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысып, семейліктерді ұлттық мерекемен құттықтады.
Артынша Арбатта "Қыран елім - Қазақстан" атты концерттік бағдарламамен жалғасты.
Семейліктер бұл күнді өз деңгейінде атап өтпек. Бірнеше концерттік бағдарламалар мен патриоттық челендждер ұйымдастырылып жатыр.


Семейчане начали праздновать День Республики

Национальный праздник стартовал с церемонии поднятия флага на стадионе «Спартак». Аким города Нурбол Нурсагатов обратился к горожанам с приветственным словом. Празднование продолжается на Арбате концертом «Қыран елім -Қазақстан”. В разных точках города для горожан организованы конкурсы, челленджи на патриотическую тему.
Напомним, что в честь Дня Республики в Семее подготовлена насыщенная праздничная программа.
Сегодня для гостей и жителей города будут проходить концерты, спортивные игры, развлечения для всей семьи на городском арбате, выставки, шоу программа с аниматорами на Набережной, концерты в окраинных жилых массивах. Также музеи и библиотеки города проведут для всех желающих День открытых дверей.
Праздничная программа продолжится на центральной площади – в 19:00 здесь состоится Гала концерт с участием звезд казахстанской эстрады, в 22:00 прогремит праздничный фейерверк.
Семейчане начали праздновать День Республики

#Семейқаласыәкімдігі
Құрметті жерлестер!
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке болып бекітілді. Бұл күн - өткенімізді саралап, бүгінімізді бағалап, болашаққа батыл қадам басар ұлы күн. Әділетті Қазақстанның жаңа тарихында ұлттық мерекеміз ұлықталып, мәртебеміз өсіп, мерейіміз тасып жатыр.

Ерке Ертістің екі жағын жайлаған өсиетті ел, қасиетті жер Семей қаласы үшін бұл мерекенің мәнімен маңызы ерекше. Елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символына айналған бұл мереке – Қазақстан Республикасының әлем алдында өз еркіндігі мен бостандығын жария етіп, ата-бабамыздың сан ғасырлық арманы жүзеге асқан күн.

Олай болса, осы орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіздерді 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Дендеріңізге саулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін! Әр отбасына бақ пен береке ұяласын.
ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Ізгі ниетпен: Семей қаласының әкімі
Нұрбол Нұрсағатов
Семейліктер бұл күнді өз деңгейінде атап өтуде. Бірнеше концерттік бағдарламалар мен патриоттық челендждер ұйымдастырылып жатыр.

В разных точках города для горожан организованы конкурсы, челленджи на патриотическую тему.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қайырымдылық акциясы аясында 60 отбасыға азық-түлік таратылды

Қаланың көп балалы және аз қамтылған отбасыларына Республика күні мерекесіне орай, "Жаңашыр жүрек" акциясы аясында көмек көрсетілді.

Азық-түлікті әлеуметтік осал топтарға, көп балалы отбасыларға, жалғызбасты зейнеткерлерге, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілді. Акцияға Семей қаласы әкімі аппаратының бөлімдері, сондай-ақ жергілікті жеке кәсіпкерлер қатысты. Жалпы, қаланың 60 отбасына көмек көрсетілді.

60 семей получили помощь в рамках благотворительной акции

Многодетные и малообеспеченные семьи города получили помощь в рамках акции «Жанашыр жүрек», приуроченной к празднованию Дня Республики. Помощь с доставкой продуктов была оказана семьям, воспитывающим детей-инвалидов, многодетным семьям, одиноким пенсионерам, а также другим горожанам, которые в данный период времени испытывают трудности. В акции приняли участие отделы аппарата акима города Семей, а также местные индивидуальные предприниматели. В общем помощь оказана 60-ти семьям города.

#Семейқаласыәкімдігі