Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
873 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы өтті

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шәкәрімов және қалалық мәслихат депутаттары қатысты. Сондай-ақ, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен БАҚ өкілдері шақырылды.

Мәслихат отырысында төмендегідей сұрақтар қаралды:

1. Семей қаласы мәслихатының 2022 жылғы 20 желтоқсандағы № 37/260-VII «Семей қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2. Семей қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері апараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2023 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы;
3. Семей қаласы мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №39/275-VII «Бюджеттік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 63/458-VI шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы;
5. Қаланың терроризмге қарсы комиссиясының дербес құрамы туралы;
6. Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы;
7. Қала әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы туралы;
8. Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің құрамын бекіту туралы;
9. Абай облысының Семей қаласын басқару схемасы туралы;
10. Семей қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 4 ақпандағы № 244 және Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1ақпандағы № 3/17-VII «Семей қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Семей қаласының әкімдігі
Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессия отырысы өтті Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, қалалық мәслихат төрағасы Данияр Шәкәрімов және қалалық мәслихат депутаттары…
Сегодня в здании городского акимата состоялась внеочередная сессия городского маслихата. В заседании сессии приняли участие аким города Нурбол Нурсагатов, председатель городского маслихата Данияр Шакаримов и депутаты городского маслихата. Также были приглашены руководители отделов акимата города и представители СМИ.

На заседании маслихата рассмотрены следующие вопросы:

1. О внесении изменений и дополнений в решение маслихата города Семей от 20 декабря 2022 года № 37/260- VII «О бюджете города Семей на 2023-2025 годы»;
2. О предоставлении мер социальной поддержки на 2023 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты города Семей;
3. О внесении изменений в решение маслихата города Семей от 16 января 2023 года № 39/275-VII «Об утверждении состава бюджетной комисии»;
4. О внесении изменений и дополнения в решение маслихата города Семей от 8 января 2021 года № 63/458–VI «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»;
5. О персональном составе Антитеррористической комиссии города;
6. О персональном составе межведомственной комиссии по профилактике правонарушений;
7. О составе межведомственной комиссии по противодействию коррупции при акимате города;
8. Об утверждении состава акимата города Семей области Абай;
9. О схеме управления города Семей области Абай;
10. О внесении изменений и дополнений в совместное постановление акимата города Семей от 4 февраля 2021 года № 244 и решение маслихата города Семей от 1 февраля 2021 года № 3/17-VII «О льготном проезде отдельных категорий граждан города Семей для проезда на внутригородском общественном транспорте (кроме такси).
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ағымдағы жылы Жамақаев көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді. Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

💬 "Аталған қоғамдық кеңістікті абаттандыру үшін қала орталығында үлкен алаң бөлінген. Жаңа алаң заманауи стандарттарға сәйкес жабдықталуы керек. Ең бастысы балалар мен егде жастағы адамдар да бірдей демала алатын орта қалыптастыруымыз керек. Сондай - ақ, сквер бойындағы үйлердің қасбеттерін сырлау бойынша кешенді жұмыстар жүргізілетін болады", - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

❗️ Айта кетейік, биыл Семейде қаланың орталығында да, шетінде де бірнеше қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.
Қазіргі таңда қоғамдық кеңістікттердің эскиздік сызбалары дайындалу үстінде.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Новый сквер появится по улице Жамакаева

Нурбол Нурсагатов провел выездное совещание по обустройству общественных пространств, которые будут введены в эксплуатацию в текущем году. Глава города совместно с ответственными сотрудниками акимата обсудили план строительства сквера на территории от поликлиники по ул. Жамакаева до заправки по ул. Чайковского.

💬 «Для благоустройства данного общественного пространства выделена большая площадь в центре города. Новый сквер должен быть оснащен в соответствии с современными стандартами и, самое главное, быть комфортным для отдыха как маленьких, так и взрослых горожан. Также будет проведена комплексная работа по покраске фасадов домов вдоль сквера», - отметил аким города Нурбол Нурсагатов.

❗️ Отметим, что в этом году в Семее планируется благоустройство нескольких общественных пространств как в центре так и на окраинах города. В настоящее время готовятся эскизные чертежи общественных пространств.
Құрметті Семей қаласының тұрғындары! Қадірлі мұсылман қауымы!

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының аяқталуымен келіп жеткен Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Ораза айт – мейірімділік пен игіліктің, бірлік пен татулықтың, ізгілік пен қайырымдылықтың мерекесі. Бұл мейрам бүкіл халықты рухани тазаруға, бір-біріне қамқорлық көрсетуге ұйытады.

Алла Тағала ұстаған оразамызды, дұға-тілектерімізді, қасиетті айда жасаған әрбір қайырлы амалдарымызды, берген садақаларымызды қабыл етсін!

Отбасыларыңызға амандық пен құт-береке тілеймін!

Зор ықыласпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде.

Өкінішке орай бүгінгі күні қалада аула сыртындағы аумақтарда, ретсіз орнатылған көптеген ұқсас ғимараттар бар. Бұдан бұрын жер қатынастары бөлімі заңсыз орнатылған дүңгіршектер мен гараждардың иелеріне нысандарды өз бетінше алып кету туралы хабарламалар жіберген болатын. Қазіргі таңда заңсыз жерде орналасқан гараждар мен дүңгіршектерді сүру жұмыстары жүргізілді.

Осы жұмыс аясында жер қатынастары бөлімінің мамандары заңсыз орнатылған павильондар мен металл гараждарды анықтау және алып тастау жұмыстарын жалғасуда. Өскемен көшесін тексеру барысында бірнеше заңсыз уақытша орнатылған нысандар анықталды. Жұмыс барысында аталған нысандар (дүңгіршіктер, металл гараж) алынып тасталды.
Проводится постоянный мониторинг незаконно установленных киосков, гаражей.

К сожалению, на сегодняшний день в городе осталось еще много подобных строений, которые были самовольно и хаотично установлены на внтуридворовых территориях, на улицах.

Большинство из них портят внешний облик города и появились во дворах без разрешительных документов. Ранее владельцев незаконно установленных киосков и гаражей предупреждали о самовольном вывозе конструкций. Теперь приступили к принудительному демонтажу, потому что портят вид города. На их местах можно организовать парковки или установить игровые детские площадки.

В рамках данной работы, специалистами отдела земельных отношений продолжаются работы по выявлению и устранению незаконно установленных павильонов и металлических гаражей. В ходе обследования ул. Усть-Каменогорская были выявлены несколько объектов временного сооружения. В ходе работы вышеуказанные объекты (павильоны, металлические гаражи) были демонтированы.
Forwarded from UKIMET
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Абай облысына сапары барысында Шүлбі ГЭС-інің жұмысын тексеріп, өңірдегі бірқатар ірі өндірістік кәсіпорынның қызметімен танысты⬇️

1️⃣ Қуаты 702 МВт Шүлбі гидроэлектростанциясы Шүлбі кентінің жанындағы Ертіс өзенінде орналасқан.

🔝 Ол қуаты жағынан Ертіс ГЭС каскадындағы үшінші және Қазақстандағы ең ірі станция болып табылады.

⚡️ Қазіргі уақытта ГЭС-те негізгі жабдықтың жағдайын нақты уақыт режимінде бақылауға және ақауларды ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік беретін кеңейтілген диагностиканың пилоттық жобасы іске асырылуда. Жоба жоспардан тыс тоқтап қалу жағдайларын азайтуға және станцияның апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған.

«Станса басшылығы Шүлбі ГЭС-інің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және оны жаңғырту үшін бар күшін салуы тиіс. Стансаның қуаттылығын арттыру жөніндегі жоспарлар іске асыра отырып, жақсы нәтижелерге ұмтылу қажет. Бұған қоса, жалақы мәселесін шешу керек, біз «Самұрық-Энерго» алдына осындай міндет қоямыз», — деді Әлихан Смайылов.

⚡️ Үкімет басшысының назарына энергетика және су саласындағы жобалар, соның ішінде 3-ЖЭО, Шүлбі ГЭС қуатын 350 МВт-қа арттыруға мүмкіндік беретін Ертіс өзеніндегі контрреттегіш және жаңа қосалқы станциялардың жобасы ұсынылды.

2️⃣ Бұдан кейін Әлихан Смайылов жылына 10 тоннадан астам концентраттағы алтын өндіретін Жарма ауданында орналасқан Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорнында (Polymetal) болды.

⌨️ Мұнда орналасқан кен-байыту фабрикасының жабдықтары заманауи өлшеуіш құралдарымен және жергілікті автоматикамен жабдықталған.

⚡️ Қазіргі уақытта кәсіпорында 1500-ден астам штаттық қызметкер жұмыс істейді.

⚡️ 2022 жылы зауыт жылына 2,2 млн тонна кен өңдей алатын қуатқа шықты.

⚡️ Әрі қарай бірыңғай тау-кен өндіру және өңдеу кешенінің өнімділігін жылына 2,4 млн тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

«Бизнестің проблемаларын жедел шешіп, оның дамуын тежейтін кедергілерді анықтау керек. Бұл салық салуға, кейбір әкімшілік мәселелерге, мысалы, рұқсатнама немесе басқа құжаттарды беруге қатысты болуы мүмкін. Іскерлік белсенділіктің артуын ынталандыру үшін бұл процестерді оңтайландыру қажет», — деп атап өтті ол.

3️⃣ Сондай-ақ Премьер-Министр май өндіретін «Qazaq Astyq Group» ЖШС-ның жұмысымен танысты.

⚡️ Зауыт тәулігіне 1000 тоннаға жуық күнбағыс тұқымын немесе 800 тонна рапс немесе зығыр тұқымын өңдей алады.

🛒 Алдағы уақытта дайын өнім ішкі нарыққа және көршілес елдерге жөнелтіледі.

⚡️ Бүгінде мұнда тазартылған май шығаруға мүмкіндік беретін құны 7 млрд теңге болатын жаңғырту жобасы әзірленуде. Оны жүзеге асыруға қажетті қаржының басым бөлігін мемлекеттік қолдау тетіктері арқылы тарту жоспарланған.

💬 Әлихан Смайылов әкімдікке ішкі нарықты негізгі азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етіп, экспорттағы үлесті арттырып отырған осындай өңдеуші кәсіпорындарға белсенді түрде көмек беру керектігін атап өтті.

📱 https://t.me/KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM