Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🧹Семейде ұзаққа созылған қыстан кейін жолдарды, көпірлерді, қоғамдық кеңістіктерді, аулаларды және басқа да қалалық инфрақұрылым нысандарын санитарлық тазалау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Коммуналдық қызметтер аумақты қоқыстан, еріген қар суынан тазартуда, тротуарларды, асфальтты тазалаумен айналысуда.
_____________________________

🧹В Семее ведутся активные работы по санитарной очистке дорог, мостов, общественных пространств, дворов и других объектов городской инфраструктуры после затяжной зимы. Коммунальные службы очищают территорию от мусора, талой воды, тротуаров, асфальта, ограждений.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Нұрбол Нұрсағатов: Әр тұрғын қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуы керек

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын тұрақты түрде қаланың санитарлық тазалығы бойынша кәсіпорын басшыларымен тексеру жұмыстарын жүргізуде. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 35, 20 квартал аудандарына барып, қаланың санитарлық тазалығы туралы көшпелі кеңес өткізді.

Семей қаласының әкімдігі 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында қалада санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Осыған байланысты, қала басшысы тиісті кәсіпорындарға тазалық акциясы кезінде аумақты түгел тазалауды тапсырды.

💬 ”Осы сенбіден бастап әр мекеме ұжымдары, әрбір бизнес нысаны, көп қабатты үйлер тұрғындары өз аумақтарын тазалауға тиісті. «Теплокомэнерго» КГП маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қоқыс полигонына апаруды тапсырамын. Қандай да бір қоқыс кәсіпорындардың маңында болмауы керек. Семей қаласы ооблыс орталығы болғандықтан, әр тұрғын қаланың санитарлық тазалығына белсенді үлес қосуы керек”, -деді қала әкімі.

❗️Естеріңізге сала кетейік, осы сенбіден бастап тұрақты түрде сенбіліктер басталады. Сенбі күндері екі ай көлемінде ҚТҚ полигоны қоқысты тұрғындардан (жеке тұлғалар үшін) тегін қабылдайды.

📝 Семей қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Нурбол Нурсагатов: каждый житель должен внести активный вклад в санитарную чистоту города

В настоящее время акимом города ежедневно на постоянной основе проводится проверка с руководителями предприятий по санитарной очистке города. Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов посетил районы 35, 20 кварталов и провел выездное совещание по санитарной очистке города.

Акимат города Семей объявил двухмесячник по санитарной очистке с 1 апреля по 31 мая. В этой связи глава города поручил соответствующим предприятиям города провести уборку всей территории во время акции по уборке.

💬 ”Начиная с этой субботы каждый коллектив учреждения, каждый объект бизнеса, жители многоэтажек должны убирать свою территорию. Поручаю вывозить твердые бытовые отходы возле КГП «Теплокомэнерго» в мусорный полигон. Мусора не должно быть рядом с предприятиями. Поскольку город Семей является центром области, каждый житель должен активно вносить свой вклад в санитарную чистоту города”, - сказал аким города.

❗️Напомним, что с этой субботы регулярно начинаются субботники. По субботам в течение двух месяцев полигон ТБО бесплатно принимает мусор от жителей (для физических лиц).

📝 Пресс-служба акима города Семей
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Президент:

«Бізге орасан зор жауапкершілік жүктелген. Бұл – өткен тарихтың және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Келер ұрпақтың қандай мемлекетте өмір сүретіні біздің бүгінгі шешімдерімізге тікелей байланысты. Еліміздің мақсаты – айқын, бұл – Әділетті Қазақстанды құру. Мұның бәрі бір күнде жасалатын шаруа емес. Баршамыз табанды, еңбекқор, білікті, ұқыпты, тәртіпті болуымыз керек. Ең алдымен, отаншыл болуымыз қажет. Ұлттың және мемлекеттің мүддесі бәрінен биік тұруға тиіс. Әрине, қоғамның дамуы үшін пікір алуандығы қажет. Бірақ, елдік мәселелерге келгенде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білген жөн. Елімізді өркендету үшін еңбек ету – баршамыздың азаматтық борышымыз. Ендеше, Отан алдындағы осы перзенттік парызымызға әрдайым
адал болайық. Жұмыстарыңыз табысты болсын! Қазақстанымыз көркейе берсін!»

t.me/aqorda_resmi