Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
789 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Семей аймағында Абай облысын құру туралы шешім қабылдағанына бір жыл болды.

Өз Жолдауында Президент: «Ең алдымен, Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес. Біз тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуға тиіспіз», - деп атап өткен болатын.

#Семейқаласыәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының орталығы Семей қаласының тұрғындарының пікірі

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Абай облысының орталығы Семей қаласының тұрғындарының пікірі #Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасынан:

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Абай облысын құру туралы шешім қабылдағанына бір жыл толды. Руханият пен өнердің, мәдениеттің ордасы болған қала ел тарихында алар орны айрықша екенін баршамызға мәлім. 25 жылдан кейін облыс орталығы мәртебесін қайта алған семейліктер үшін бүгінгі дата тарих бетінде алтын әріппен сақталады деп ойлаймын.

Өсиетті ел, қасиетті жер – Семейге әкім болу маған зор мәртебе деп білемін. Десек те, салмағы басым, артар жүгі ауыр жауапкершілік. Әлеуметтік желіде қаламыз туралы алып-қашпа әңгімелер жүр. Алайда шындықты бәріміз білеміз. Жыл сайын 10 000-нан астам шетелдік турист қаламызға келіп оның тарихына, мәдениеті мен әдебиетіне таңданыспен қарайды. Осын-ау, төрткүл әлемді өзіне қаратқан қаламызды, өмір сүруге ең қолайсыз қала деген уәжге келісе алмаймын!

Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан қаламыз, ежелден-ақ, сауданың транзит орталығы болған. Соңғы 9 ай ішінде қаламызға қызығушылық танытқан инвесторлардың саны көбейді. 2023 жылдың 2 айында шағын және орта бизнес субъектілерінен түсетін салық түсімдері мен төлемдерінің көлемі едәуір артып, өсу қарқыны 2022 жылдың ұқсас кезеңіне 112,0% құрады. Қазіргі таңда 2023 жылы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға адамдар тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар да бөлінеді. Биылғы жылы жүзеге асыруды көздеп отырған жұмыстардың жоспарын бұдан бұрын да айтқанмын.

Семей қаласы облыс орталығы болғандықтан, қаланың келбетін заманға сай икемдеп, инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік, экономикалық дамуына аса мән беріп, жұмыстар атқаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, қалалық әкімдік тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру үшін, бірнеше жоба әзірледі.

Рухы биік, мінезі өр,алашшыл азаматтардың кіндік қаны тамған киелі мекеніміздің болашағы жарқын болатындығына сенемін. Барша қала тұрғындарын еліміздің, облысымыздың, қаламыздың патриоты болуға шақырамын. Қаламыз көркейе берсін!
По тепловому котлу "РК-1" сообщаем следующее:

Сегодня, 16 марта в 10: 30 часов, в результате аварии со стороны ГКП «Семей Водоканал» произошла временная остановка котлов теплового источника «РК 1», что привело к снижению параметров теплоносителя.

Также временно остановлено горячее водоснабжение на следующих ЦТП: Народная, 905 стройка,14 микрорайон. Ориентировочное время окончания работ - 14:00 часов.


Приносим свои извинения за предоставленные неудобства.

#Семейқаласыәкімдігі
🧹 Семей қаласында қысқы кезеңнен кейін санитарлық тазалау жұмыстары басталды. Атап айтқанда, аялдамалар, көпірлер, тротуарлар, жол белгілері тазаланып, кір мен қардан тазартылған учаскелер белсенді түрде тазартылып жатыр. 30мың текше метрден астам су сорылды.

__________

🧹 В городе Семей стартовала работа по санитарной очистке после зимнего периода. В частности, производится уборка остановочных павильонов, мостов, тротуаров, дорожных разметок, очищенные от грязи и снега участки активно промываются.

#Семейқаласыәкімдігі
Уважаемые жители и гости города Семей!
 
🍅🧄🥦🥔Приглашаем Вас на сельскохозяйственную ярмарку 18 марта 2023 года посвященный празднованию Наурыз, которые пройдут на ОРЦ «Jolaman» ярмарка сельхозтоваропроизводителей города Семей, на ТЛЦ «Северный» ярмарка сельхозтоваропроизводителей Абайского района и на ОРР  «Baza-R» ярмарка сельхозтоваропроизводителей Аксуатского района.
 
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!
 
🥩Сіздерді 2023 жылғы 18 наурызда Наурыз мерекесіне арналған «Жоламан» КСО-да өтетін Семей қаласының ауылшаруашылығы тауарөндірушілерінің, «Северный» ЛСО-да Абай ауданының тауарөндірушілерінің және ОРР «База-Р» Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің жәрмеңкесіне шақырамыз.


 #Семейқаласыәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласы сайлауға дайын

Семей қаласының сайлау учаскелері ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының сайлауын өткізуге дайындалуда.

Сайлау күні қалада 149 сайлау учаскесі жұмыс істейді деп жоспарлануда. Оның ішінде -19 жабық сайлау учаскесі.Жабық сайлау учаскелері - қандай да бір себептермен жалпы сайлау учаскелеріне келе алмайтын және әскери бөлімдерде, ауруханаларда, құқық қорғау органдарының мекемелеріндегі және т. б. азаматтар үшін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланып, үйде дауыс бере алады. Айта кетейік, Семей қаласындағы сайлаушылар тізіміне 232 мыңнан астам адам енгізілген.

Сіз өзіңіздің сайлау учаскеңізді Семей қаласы әкімдігінің сайтынан біле аласыз.

Сайлау туралы анықтама телефондары: 8 (7222) 52-21-36; 8 (7222) 56-50-42.