Семей қаласының әкімдігі
3.02K subscribers
10.3K photos
2.76K videos
9 files
792 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
⚡️Дәл қазір қала әкімі Таткрай, Казкрай және қаланың орталығындағы тұрғындарымен кездесу өткізуде
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Биыл 32 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеттеріне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

📍Бұл туралы бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігінің тұрғындарымен өткен кездесуінде мәлімдеді.

💬 ”Биыл қала әкімдігі қаланың сыртқы келбетіне ерекше көңіл бөледі. 2023 жылы қаланың сыртқы келбетін жақсарту үшін тұрғын үй шаруашылығын дамыту жөніндегі жұмыстар шеңберінде 32 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады”, -деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

🏙Қасбеттерді жөндеу жұмыстары әртүрлі көшелердегі тұрғын үйлерге жүргізіледі. Сондай-ақ, биыл бірнеше көпқабатты тұрғын үйлердің қабырғаларына муралдар бейнеленетін болады.

💬. “Тұрғын үйлердің сыртына Семей қаласының туристік келбетін бейнелейтін және қалаға ерекше көрік беретін муралдарды салуды жоспарлаудамыз. Мысалы, Ш. Құдайбердіұлы, Б. Момышұлы, Қ. Сәтбаев көшелеріндегі үйлерге сол ұлы тұлғалардың бейнелері бар муралдар салынады. Сонымен қатар, №1 шағын аудандағы бірнеше үйдің қабырғаларына Абай облысының көрікті жерлерінің суреттері бейнеленеді”, -деді қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.
В 2023 году в Семее будет проведен ремонт фасадов 32 многоэтажных жилых домов.

📍 Об этом сообщил аким города Нурбол Нурсагатов на встрече с населением.

💬 «В этом году акимат города планирует уделить особое внимание внешнему облику города, благоустройству и развитию ЖКХ, в рамках финансирования. Текущий ремонт фасадов поможет преобразить вид зданий», отметил аким города Нурбол Нурсагатов.

🏙 Реставрация фасадов будет проводиться на разных улицах города, кроме того на нескольких МЖД появятся муралы.

💬 «Несколько многоэтажных домов будут украшены муралами, отражающими особенности и туристический облик города. Например, на пр. Шакарима, ул. Момышулы и Сатпаева будут нанесены муралы с изображениями великих личностей, в честь которых были названы данные улицы. В 1-м мкр. на нескольких домах будут нанесены изображения туристических мест области Абай, что придаст отдельный колорит городу», добавил аким.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Таткрай, Казкрай және қаланың орталық бөлігіндегі тұрғындармен кездесу өткізді.
 
✔️Жиын басталмас бұрын қала әкімінің орынбасарлары және бөлім басшылары кент тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап кеңес берді. Кездесуде ең алдымен қала әкімі 2022 жылы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасап, ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстарды көпшілікке таныстырды.
 
Қала әкімінің баяндамасы аяқталғаннан кейін, тұрғындар өздерін толғандыратын сұрақтарды да қойды. Сұрақтардың ішінде көктемгі су тасқынының алдын- алу, қаңғыбас иттерді аулау, қосымша қоғамдық көлік маршруттарын қосу, жолдарды асфальттау сынды мәселелер қойылды.
 
💬 "Қойылған сұрақтарыңыз өте орынды. Бірақ барлық жұмыстар кезең- кезеңімен жүзеге асады. Әкімдік тарапына келіп түскен барлық сұрақтар, ескертулер, ұсыныстар талданады, бірде-бір мәселе қараусыз қалмайды. Кездесу қорытындысы бойынша проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіледі”, - деді Нұрбол Нұрсағатов.
 
📍Естеріңізге сала кетейік, қала әкімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес халықпен тұрақты түрде кездесулер өткізуде.
Аким Семея Нурбол Нурсагатов провел отчетную встречу с жителями районов Таткрай, Казкрай и Центральной части города.
 
До начала встречи по личным вопросам жители могли обратиться к заместителям акима, а также к руководителям отделов акимата города Семей.

📍Жители также задавали вопросы и рассказывали о наиболее важных проблемах данных населенных пунктов, среди которых предстоящие паводки, запуск дополнительных маршрутов автобусов, асфальтирование улицы и др.
 
💬 «Озвученные вопросы являются важными для города. Все работы будут выполняться поэтапно. Ни одна проблема, о которой мы сегодня говорили, не останется без внимания, по итогам нашей встречи будет составлен план мероприятий», отметил Нурбол Нурсагатов.