Семей қаласының әкімдігі
3.06K subscribers
10K photos
2.73K videos
9 files
726 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🦺 Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың
Құтқарушылар күніне арналған құттықтау сөзі:
 

💬 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Күн сайын қандай қиыншылыққа тап келсе де, ТЖ қызметкерлері мейірімділігі мен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісуде.Бүгінде Қазақстан ТЖМ қызметкерінің беделі жоғары екеніне дау жоқ. Осы жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер.
Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізетін құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Мереке күні жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға амандық және зор денсаулық тілеймін. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне үлес қоса беріңіздер!

#Семейқаласыәкімідігі
Республика күніне орай, бүгін Семейде "Авиценна" жоғары медицина колледжінің жаңа оқу ғимараты пайдалануға берілді

_____

В преддверии празднования Дня Республики в Семее состоялось открытие нового учебного корпуса высшего медицинского колледжа «Авиценна»

#семейқаласыәкімідігі