Семей қаласының әкімдігі
3.01K subscribers
10.4K photos
2.77K videos
9 files
822 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін Семейде "Ару көктем" атты 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты кеш өтті.

🌸Қаламыздың көркеюі мен дамуына үлес қосып жүрген нәзік жанды әйелдер қауымы әр салада еңбек етуде. Бірі өз кәсібін ашып, бірі ауыр өндіріс орындарында жұмыс істесе, енді бірі мемлекетке қызмет етіп жатыр. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы, медицина және білім сияқты басқа да салалардың дамуына ат салысып жүрген аналар мен қыздар баршылық. Барлығы әртүрлі салада еңбек етсе де, әрқайсысының мүддесі халқына адал еңбек ету.

💬 ”Әр нәзік жандының тағдыры әртүрлі болғанымен, сіздердің барлықтарыңызға тән бір асыл қасиет бар, ол — өмірді жақсартып, әлемді әдемі етуге деген құштарлық. Бұл — тек сіздердің қолдарыңыздан ғана келеді. Сіздер бір отбасын ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер”, - деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қала әкімі өз құттықтау сөзінде қаламызға қалтқысыз қызмет жасап жүрген қарапайым жұмысшы әйелдер қауымының еңбегінің зор екендігін атап өтіп, бірнеше нәзік жандыға 100 000 теңге көлімінде қаржылай сертификаттар мен гүл шоқтарын табыстады.


Марапатталғандардың арасында агроном, әлеуметтік қызметкер, ұстаз, дәрігер, кітапханашы, полиция лейтенанты, радиотелефонист және сылақшы, кондуктор сынды қарапайым еңбек адамдары да бар.

Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты. Кеш барысында қаламыздың өнерпаздары өнер көрсетіп, аналардың құрметіне ән шырқады.

📍Естеріңізге сала кетейік, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар осы аптаның соңына дейін жалғасады.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее состоялся праздничный концерт «Ару көктем» в честь Международного женского дня. Представительниц прекрасного пола с наступающим праздником поздравил аким города Нурбол Нурсагатов и вручил им букеты и денежные сертификаты в размере 100 000 тг.

🌸На торжественном вечере, посвященном 8 Марта, присутствовали женщины, работающие в разных сферах, в том числе социальные работники, педагоги, врачи, библиотекари, сотрудницы полиции, агроном, радиотелефонист, штукатур и кондуктор.

💬 «Несмотря на хрупкость и нежность вашего создания, вы выполняете очень ответственную работу и всех вас объединяет желание сделать мир лучше и красивее. Вы совмещаете высокую ответственность перед обществом с семьей и воспитанием детей. У вас это прекрасно получается, и мы восхищаемся вами. С большим уважением и гордостью сегодня я хочу поздравить всех женщин с этим замечательным праздником. Желаю Вам и Вашим близким счастья, крепкого здоровья, процветания и неиссякаемой энергии для покорения новых вершин», отметил Нурбол Нурсагатов.

Праздничный концерт украсили выступления талантливых артистов Семея.

❗️Напомним, что мероприятия, посвященные Международному женскому дню, продлятся в Семее до конца этой недели.

#Семейқаласыәкімдігі
📚7 наурызда барлық сыныптар үшін сабақ штаттық режимде өтеді.
....................

📖7 марта занятия для всех классов пройдут в штатном режиме.

#Семейқаласыәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌸8 Наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаныңда барша нәзік жандылар қауымын құттықтай отырып Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Қалалық Мәдениет Сарайы "Ару Көктем 2023" концертінде тұсауы кесілген жаңа "Құтты болсын қыздар, 8 наурыз" атты авторлық әнді қабыл алыңыздар!

Сөзі: Баянғали Әлімжанов
Әні: Береке Слямқұл