Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
945 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде Республика күніне орай арнайы мерекелік бағдарлама дайындалды

25 қазанда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттер, спорттық ойындар, Арбатта ойын-сауықтық бағдарлама, көрмелер, жағалаудағы аниматорлармен шоу бағдарлама, қаланың шеткері аумақтарында мерекелік концерттер ұйымдастырылады.

Сондай-ақ, қаланың мұражайлары мен кітапханалары ашық есік күнін өткізеді.

Мерекелік бағдарлама орталық алаңда жалғасады.
Сағат 19:00-де Қазақстан эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен гала концерт өтеді.
Сағат 22: 00-де мерекелік отшашу қала тұрғындарын қуантатын болады.
Сонымен қатар, 22-23 қазан аралығында қала тұрғындары үшін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

#Семейқаласыәкімдігі
В честь Дня Республики в Семее подготовлена насыщенная праздничная программа

25 октября для гостей и жителей города будут проходить концерты, спортивные игры, развлечения для всей семьи на городском арбате, выставки, шоу программа с аниматорами на Набережной, концерты в окраинных жилых массивах. Также музеи и библиотеки города проведут для всех желающих День открытых дверей.

Праздничная программа продолжится на центральной площади – в 19:00 здесь состоится Гала концерт с участием звезд казахстанской эстрады, в 22:00 прогремит праздничный фейерверк.
Кроме того, 22-23 октября для горожан будет организована сельскохозяйственная ярмарка.
Подробнее в карусели

#Семейқаласыәкімдігі
👍3
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🦺 Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың
Құтқарушылар күніне арналған құттықтау сөзі:
 

💬 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылды. Осы құжат негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді. Төтенше жағдайлар саласы үлкен жауапкершілікті талап етеді. Қауіпті қызмет кез келген тосын жағдайдың алдын алып, зардабын жоюға үлкен күш жұмсайды. Апатқа ұшырағандарды құтқарып, алғашқы жәрдем көрсетеді. Күн сайын қандай қиыншылыққа тап келсе де, ТЖ қызметкерлері мейірімділігі мен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісуде.Бүгінде Қазақстан ТЖМ қызметкерінің беделі жоғары екеніне дау жоқ. Осы жұмыстың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер.
Қандай қайғылы, қасіретті оқиға болмасын, бар күш-жігерін салып құтқару жұмыстарын жүргізетін құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймын. Мереке күні жұмыстарыңызға табыс, жанұяларыңызға амандық және зор денсаулық тілеймін. Сіздердің ауыр еңбектеріңіз Сіздер құтқарған адамдардың алғыстарымен бағаланып, тәуелсіз Қазақстанымыздың гүлденуіне үлес қоса беріңіздер!

#Семейқаласыәкімідігі
Семей қаласының бас жоспары әзірленеді

📝 Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Семей қаласы Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе сияқты сауда-логистикалық, инвестициялық орталыққа айналып, өмір сүруге ыңғайлы қала болуға тиіс.

Осы орайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев 2035 жылға дейінгі даму кезеңін қамтитын Семей қаласының бас жоспарын дайындауды қала әкімдігі мен салалық басқарма басшыларына тапсырды.

Семейдің географиялық жағдайы оның жоғары транзиттік әлеуетке ие болу мүмкіндігін, сондай-ақ оны Павлодар-Семей-Өскемен өнеркәсіптік белдеуінің инновациялық орталығы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Семей - мәдени-тарихи маңызға ие қала. Сондай-ақ жаңа мәртебе ала отырып, Семей болашақта еліміздің креативті қалаларының біріне айналуы мүмкін. Семей қалалық кеңістігін жоспарлаудың заманауи тәсілдерін пайдаланған кезде Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан халқы үшін тартылыс нүктесіне айналады.

#АбайОблысыныңӘкімдігі