Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
873 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов балалар үйіне барды

Абай облысы білім басқармасының "№8 балалар үйі" КММ-де Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен Алғыс айту күніне арналған іс-шара өтті.

🎉🎈Іс - шара барысында қаламыздың аниматорлары, ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылыммен өнер көрсетті. Сонымен қатар, мекеме тәрбиеленушілерін мерекелік дастархан мен түрлі тәттілермен қуантты.

💬 “Жастар-мемлекеттің негізгі тірек күші, қоғамның маңызды бөлігі. Егер елде мықты, мақсатты жастар болса, онда болашағымыз да тұрақты болады. Сондықтан тәуелсіз елде тұратын бүгінгі жас ұрпақ- ертеңгі күнге деген үмітіміз. Сіздерге артар үмітіміз зор”,- деді қала әкімі Н. Нұрсағатов.

Сондай-ақ, әкімдік атынан балалар арасында спортты одан әрі дамыту үшін спорттық жабдықтар берілді.
Здание детского дома благоустроенное типовое приспособленное, четырёхэтажное кирпичное, соединённое тёплым переходом со столовой. В помещениях детского дома установлена пожарная сигнализация и звуковое оповещение и камеры видеонаблюдения. Территория благоустроена, эстетично оформлена в соответствие с современными направлениями дизайна. На территории детского дома находятся: искусственное футбольное поле, спортивная и детская площадки, волейбольная и баскетбольная площадки, хоккейное поле.

На первом этаже здания  расположены кабинеты административно - хозяйственной службы: административный блок, бухгалтерия, методический и медицинский кабинет, изолятор, кабинет педагога психолога,  кабинет социального педагога, кабинет социально – бытовой адаптации, столовая и пищеблок, прачечная,  тренажерный зал,  борцовский зал, кабинет  ручного труда для девочек, кабинет технического труда для мальчиков и складские помещения.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Дәл қазір қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Суық бұлақ, Жоламан, Кирпичный кенттерінің тұрғындарымен кездесу өткізуде.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының әкімі Н. Т. Нұрсағатовтың Суық бұлақ, Жоламан, Кирпичный кенттерінің тұрғындарымен өткен кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:

Цветочная, Школьная көшелеріндегі жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. №2-школьный тұйық көшесі, Рехтика көшесі бойында қиыршық тас пен ПГС төселген жолдар қайтадан орташа жөндеуден өткізіледі.

Суық бұлақ, Жоламан, Кирпичный  кентіндегі әлеуметтік нысандарға баратын жолдарға және мектептердің маңына облыстық бюджет есебінен бейнебақылау камералары орнатылады.

Жоламан кентіндегі Кірпіш зауыты маңындағы қоқыс полигондары, Суық бұлақ кентіндегі Ертіс өзені жағалауындағы орман алқабынан  қоқыс үйінділерін тазалау жұмыстары жүргізіледі.

Суық бұлақ кентіндегі №2-школьный тұйық көшесінің сыртқы аумағына   50 метр қар ұстағыш қоршау орнатылады.

Суық бұлақ кентіндегі учаскелерде 30 дана және Жоламан, Кирпичный кенттерінде 30 дана қоқыс контейнерлері қойылады.

Суық бұлақ кентіндегі  істен шыққан жарықтандырулар ағымдағы жөндеуден өтіп, Сырлыбаев көшесіне 800 метр, Рехтика көшесіне 900 метр жаңадан жарықтандырулар орнатылып, істен шыққан шамдар ішінара ауыстырылатын болады.

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында Школьная көшесінің бойына және № 21 орта мектептің жанында  Workout тренажер алаңы орнатылады.

№ 48 орта мектептің қазандығы, № 41 орта  мектептің бастауыш сынып кабинеттері және № 42 орта мектептің жатақханасының санитарлық тораптарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар, № 21 орта мектептің – гараждарын және ауыз сумен жабықтау жүйелері күрделі жөндеуден өткізіледі.

Кирпичныйдағы көпқабатты тұрғын үйлерді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу үшін,  (ПСД)жобалық сметалық құжаттама әзірленіп жатыр.
 
#Семейқаласыәкімдігі