Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.74K videos
9 files
768 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дәл қазір қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шығыс, Восход, Водный кенттерінің тоқсандық есеп беру кездесуін өткізуде
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының әкімі Н. Т. Нұрсағатовтың Шығыс, Водный, Восход кенттерінің тұрғындарымен өткен кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:

2023 жылы Семей қаласында жалпы ұзындығы 55 км  болатын 40 көше күрделі жөндеуден өтеді. Восточный кентіндегі Айғыз Көшкінбаева көшесіне 1,6 км болатын асфальтті жол салынады. Сондай-ақ, Усть- Каменогорская көшесінен ИТК колледжіне дейінгі кірме жолға орташа жөндеу жүргізу және қиыршық тас себу жұмыстары жүргізіледі. Водный мен Восход кенттеріндегі 2 км астам жолдар грейдерленіп, қиыршық тас себіледі.

Шығыс, Восход, Водный кентіндегі әлеуметтік нысандарға баратын жолдарға және мектептердің маңына бейнебақылау камералары мен жарықтандырулар орнатылады.

Шығыс, Восход,  Водный кенттеріне 8 бірлік жаңа металлды аялдамалар орнатылатын болады.

Бүгінгі таңда қала аумағында контейнерлік алаңдарды жайластыру жұмыстары жүргізілуде, 98 алаң жабдықталды, сондай-ақ 470 жаңа контейнер дайындалды. Шығыс кентіндегі учаскелерге 26 дана Водный мен Восход кентінде 20 дана қоқыс контейнерін жайластыру жоспарға алынды.

Восход пен Водный кентіндегі 11 көшеге жарықтандырулар жүргізіледі.
 
2023 жылы Восход және Водный кенттерінде ұзындығы 70 км болатын су құбыры желілерін салу және «Смычка» су қабылдағышынан Восход кентіне дейін су құбырын жүргізу жобасы іске асырылады. Шығыс кентіндегі Аюченко және Целинная көшелеріндегі су құбыры желілерін қайта жаңартып, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
 
Ағымдағы жылы қала ішінде 70 аула аумағы абаттандырылып, бірнеше қоғамдық кеңістік қолданысқа беріледі. Шығыс кентіндегі Декоративная көшесінде қоғамдық кеңістік салынады. Сондай-ақ, Водный мен Восход кенттерінде Workout тренажер алаңдары тұрғызылып, заманауи үлгіде жабдықталады.
 
Ағымдағы жылы Водный кентінде "Жайлы мектеп" жобасына сәйкес 600 оқушыға арналған орта мектеп құрылысы басталады. Құрылыс үшін ауданы 2,3 га жер учаскесі белгіленді. Сондай-ақ, 2023 жылдың жаз маусымында №12,34,47 мектептеріне күрделі жөндеу жүргізіледі.
 
Шығыс кентінің «5 Линия» көшесіндегі ағаштарды тәждеу, Водный кентіндегі зираттардың аумағын қоршау және абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.
 
#Семейқаласыәкімдігі