Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
746 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары! Семей қаласының әкімдігі «Туған қалам Семейім» байқауының басталғандығы туралы хабарлаймыз, оған кез келген адам қатыса алады.

Не істеу керек?

Семейдегі сүйікті орныңыздың әдемі суретін түсіріп, оны Instagram парақшаңызға #туғанқаламСемейім хэштегімен жүктеңіз.
Біз ең үздік жұмыстарды өзіміздің ресми парақшамызда бөлісетін боламыз, содан кейін жеңімпаздарды лүпіл мен пікірлер саны бойынша анықтаймыз.

Жеңімпаздар Республика күніне орай, 2022 жылдың 25 қазанында жарияланады, қаланың үздік 3 фотосуретінің авторлары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары! Семей қаласының әкімдігі «Туған қалам Семейім» байқауының басталғандығы туралы хабарлаймыз, оған кез келген адам қатыса алады. Не істеу керек? Семейдегі сүйікті орныңыздың әдемі суретін түсіріп, оны Instagram парақшаңызға…
Дорогие семейчане и гости города! Акимат города Семей объявляет о начале конкурса «Туған қалам Семейім», участие в котором может принять любой желающий.

Что нужно делать?

Сделать красивое фото вашей любимой локации в Семее и загрузить его на свою страницу в Instagram с хэштэгом #туғанқаламсемейім

Лучшими работами мы поделимся у себя на страничке и затем определим победителей по количеству лайков и комментариев. Победители будут объявлены ко Дню Республики, 25 октября 2022 года, авторы 3-х лучших фото города будут награждены ценными призами.

#Семейқаласыәкімдігі
Дәл қазір Нұрбол Нұрсағатовтың қала әкімі лауазымындағы алғашқы тұрғындармен кездесуі Цементшілер кенті, Нахаловка шағын ауданы, Бобровка кенті, Западный және Мұрат саяжайының тұрғындарымен өтіп жатыр.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасы аясында халықпен әкімдік арасындағы байланысты арттыру үшін қаланың шеткері аумақтарында орналасқан елді мекендерінде қала әкімінің өкілдері қызмет атқаратын болады. Аталмыш мәселе бойынша кандидаттар қарастырылуда. Қала әкімінің өкілдері бекітілген елді мекендерде тұрақты түрде халықпен тығыз қарым-қатынас орнату үшін қызмет етеді.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың жаңадан тағайындалған әкім лауазымындағы алғашқы тұрғындармен кездесуі Цементшілер кенті, Нахаловка шағын ауданы, Бобровка кенті, Западный және Мұрат саяжайында өткізілді.

Нұрбол Нұрсағатов қаламыздың тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту барысында көптеген жұмыстар алда күтіп тұрғандығын атап өтті.
Сонымен қатар, осы бағытта қаламыздың барлық коммуналдық және мердігерлік ұйымдар белсенді жұмыс атқарулары тиіс екендігін айтты.
По поручению акима города Нурбола Нурсагатова для повышения эффективности работы в населенных пунктах, расположенных на окраинах, в поселках будут работать муниципальные представители акима города. На эти должности в настоящее время рассматриваются кандидаты. Представители акима города на постоянной основе будут работать в закрепленных населенных пунктах для тесного взаимодействия с населением.

Об этом Нурбол Нурсагатов сообщил сегодня во время первой встречи с жителями поселка Цементник, микрорайона Нахаловка, поселка Бобровка, дачных массивов Западный и Мурат.

Нурбол Нурсагатов рассказал, что в ходе развития жилищно-коммунальной и транспортной инфраструктуры города предстоит большая работа.
Кроме того, он отметил, что в этом направлении должны активно работать все коммунальные и подрядные организации нашего города.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
#Семейқаласыәкімдігі
В ходе встречи акима города Нурбола Нурсагатова в поселке Цементник, микрорайоне Нахаловка, поселке Бобровка, дачных массивах Западный и Мурат были рассмотрены вопросы состояния дорог, уличного освещения, санитарной очистки территории. Нурбол Нурсагатов отметил, что в первую очередь необходимо найти пути решения этих проблем.

В текущем году выделены средства на развитие дорожной инфраструктуры города. В том числе: проведены работы по текущему ремонту дорог ул. Щорса, ул. Созидательная, и внутренних массивов Бобровка и Мурат (по маршруту движения общественного транспорта).
Проведен средний ремонт 3 км дороги, ведущей к поселку Мурат.

Основным фактором повышения качества жизни населения является развитие социальной, жилищно-коммунальной и транспортной инфраструктуры. Проведение работ по инженерно-коммуникационному оборудованию земельных участков для освоения территорий под индивидуальное жилищное строительство разделено на 3 этапа.

За последние 3 года наблюдается положительный результат обеспечения населения города централизованным водоснабжением (91,5%). Кроме того, предусмотрены средства на строительство и реконструкцию 16 объектов водоснабжения, в том числе на строительство сетей водоснабжения в поселке Бобровка.

В ходе встречи аким города ответил на вопросы жителей и дал поручения руководителям ответственных отделов и служб по озвученным вопросам.
Семей қаласының әкімдігі
#Семейқаласыәкімдігі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Цементшілер кенті, Нахаловка шағын ауданы, Бобровка кенті, Западный және Мұрат саяжайындағы кездесуі барысында жолдардың жағдайы, көшелерді жарықтандыру, санитарлық тазалық мәселелері қаралды. Нұрбол Нұрсағатов бірінші кезекте сол мәселелердің шешімін табуға жол ашу керектігі туралы айтты.

Ағымдағы жылы қаланың жол инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлінген. Оның ішінде: Щорс көшесі, Созидательная көшесі, Бобровка және Мұрат (қоғамдық көлік қатынасының қозғалыс бағыты бойынша) ішкі алаптарының жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.
Мұрат кентіне апаратын жолдың 3 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың негізгі факторы әлеуметтік, тұрғын үй-коммуналдық және көлік инфрақұрылымын дамыту болып табылады. Жеке тұрғын үй құрылысына арналған аумақтарды игеру үшін жер учаскелеріне инженерлік-коммуникациялық жабдықтау жұмыстарын жүргізу 3 кезеңге бөлінген.
Соңғы 3 жылда қала тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтамасыз етудің оң нәтижесі байқалады (91,5%).

Одан бөлек, 16 сумен жабдықтау нысанын салу және реконструкциялау, оның ішінде Бобровка кентінде сумен жабдықтау желілерін салу үшін қаражат қарастырылған.
Қала әкімі кездесу барысында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, жауапты бөлім басшыларына айтылған мәселелер бойынша тапсырмалар берді.
⚡️. Бұдан былай Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен қаланың шеткері аумақтарындағы елді мекендерде қала әкімінің өкілдері қызмет ететін болады.

#Семейқаласыәкімдігі