Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11.2K photos
2.86K videos
9 files
974 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏞️Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ салынып жатыр

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі бірқатар нысандарды аралады.

Аймақ басшысы әуелі Қарағайлы ықшам ауданында салынып жатқан жаңа саябақтың құрылыс барысымен танысты.


📶Аумағы кең саябақта серуен жолдары, сахна, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған алаңдар мен демалыс аймақтары қарастырылады. Саябаққа жасыл желек отырғызылып, заманауи талаптарға сай жабдықталмақ.

Мердігер компания өкілі Мереке Берікұлының айтуынша, аумағы 5 гектар болатын саябақтың 2,6 гектарына түрлі жасыл-желек отырғызылып, автоматты суғару жүйесі орнатылады. Саябақтың орталық алаңы киіз үй пішінінде жасалып, сахна қойылады.

🔴Саябақ туралы облыс әкіміне Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев баяндап, нысанның мәдени іс-шаралар өткізуге арналған кең қоғамдық кеңістік болатынын айтты. Жұмысты қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Қазіргі уақытта саябақ құрылысына 13 арнайы техника мен 20-ға жуық жұмысшы тартылған.

⚪️Облыс әкімі мердігер компания өкілдеріне сапаға мән беріп, құрылысты белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

«Бұл саябақ Қарағайлы ықшам ауданы ғана емес, Энергетик кенті тұрғындарының да серуендеуіне арналған үлкен демалыс орны болады. Семейді жасыл желекті қалаға айналдыру үшін осындай саябақтардың санын көбейтетін боламыз. Алдағы уақытта қаланың басқа саябақтарын да кезең-кезеңімен жаңартамыз. Саябақты қыркүйек айында, қала күнінің қарсаңында пайдалануға беруіміз керек», – деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏞️В микрорайоне Карагайлы строится новый парк

Сегодня с раннего утра аким области Абай Берик Уали объезжал ряд объектов в Семее. Первым он посетил стройплощадку нового парка в микрорайоне Карагайлы.

📶На просторной территории парка предусмотрены прогулочные дорожки, сцена, площадки для культурно-массовых мероприятий и зоны отдыха. Территория будет озеленена и оснащена в соответствии с современными стандартами.

⚪️По словам представителя подрядной организации Мереке Берикулы, на участке площадью 5 гектаров зелеными насаждениями будет покрыто 2,6 гектара. Также планируется установка автоматической системы полива. Центральная площадь парка будет оформлена в форме юрты, здесь же установят сцену.

🔴Исполняющий обязанности акима Семей Бекжан Бапышев доложил главе региона, что парк станет большим общественным пространством для проведения культурных мероприятий. Завершить строительство планируют в сентябре.

Сейчас на объекте задействованы 13 единиц спецтехники и около 20 рабочих.

🔺Аким области поручил подрядчикам обеспечить высокое качество работ и уложиться в установленный срок.

«Этот парк станет не только местом отдыха для жителей микрорайона Карагайлы, но и для жителей поселка Энергетик. Чтобы превратить Семей в зелёный город, мы будем увеличивать количество таких парков. В дальнейшем планируем поэтапную реконструкцию других городских парков. Парк должен быть введен в эксплуатацию ко Дню города в сентябре», — отметил Берик Уали.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
♻️Семей қаласының Қарағайлы ықшам ауданында жаңа саябақ салынып жатыр

——————-

♻️В микрорайоне Карагайлы строится новый парк

#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Облыс әкімі Семейдегі асфальт-бетон зауытының жұмысымен танысты

Облыс әкімі Берік Уәли жол жөндеу жұмыстарымен айналысатын «Гордорстрой» ЖШС-нің асфальт-бетон зауытында болды.

Мекеме аумағында екі асфальт бетон зауыты орналасқан. Біріншісі – сағатына 200 тонна өнім шығаратын биыл орнатылған АБЗ NLB3000 зауыты. Бұған дейін осы орында болған QLB 2000 зауыты бүгінде Аягөз ауданының Мәдениет ауылына көшірілген. Екіншісі – 2008 жылы орнатылған АБЗ ДС-185 зауыты. Сағатына 60 тонна өнім өндіреді.

Кәсіпорын техникалық базасын жаңартып, 40 миллион теңгеге 60-қа жуық жаңа техника мен құрылғылар сатып алған. Бұл жол жөндеу және құрылыс жұмыстарын тиімді әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

🏭Зауыт базасында құрылыс және жол-құрылыс материалдарының сапасын жедел анықтайтын аккредиттелген зертхана жұмыс істейді. Аумақта битум сақтауға арналған үш резервуар бар. Әрқайсысы 200 тоннадан. Сондай-ақ жалпы көлемі 120 тонна болатын битум қоймасы орналасқан.

💬Аймақ басшысы зауыт жұмысын оң бағалап, жол құрылысының сапасын арттыруда осындай кәсіпорындардың үлесі маңызды екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта облысымызда жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңіріміздегі жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 8052 шақырымды құрайды. Биыл аймақта 391 шақырым жол жөнделеді. Техникалық әлеуеті жоғары, жедел әрекет ететін зертханамен жабдықталған зауыттың облыс орталығында орналасқаны тиімді», – деді облыс әкімі.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM