Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың төрағалығымен қала әкімдігінде кезекті аппараттық кеңес өтті. Жиында қала тазалығы, кәріз құдықтарының қақпақтарын жабу, санитарлық ағаш кесу және рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою мәселелері қаралды.
Кеңес барысында Бекжан Бапышев қала аумағындағы ашық қалған кәріз құдықтарының қақпақтарын шұғыл түрде жабуды тапсырды.
«Құдықтарды жабу – ең алдымен, қала келбеті үшін емес, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қажет. Дөңгелек қойып, лента тартумен мәселе шешілмейді. Ағаш кесу де осы секілді – мұқият әрі қауіпсіздік талаптарына сай орындалуы тиіс жұмыс», – деді қала әкімінің міндетін атқарушы.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Под председательством исполняющего обязанности акима города Семей Бекжана Бапышева в акимате прошло очередное аппаратное совещание. В ходе встречи были рассмотрены вопросы санитарного состояния города, закрытия люков, санитарной обрезки деревьев, а также ликвидации несанкционированных свалок.
В ходе совещания Бекжан Бапышев поручил в кратчайшие сроки закрыть все открытые канализационные люки на территории города.
«Закрытие люков важно не столько для эстетики города, сколько для обеспечения безопасности горожан. Установкой шин и оградительными лентами проблему не решить. То же касается и обрезки деревьев – это работа, которая должна выполняться тщательно и с соблюдением всех требований безопасности», - отметил исполняющий обязанности акима.
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Бүгін облыс әкімі Берік Уәли таңғы сағат 7-ден бастап Семейдегі жылу желілері, жылу қазандықтары мен аулаларда жүргізіліп жатқан жұмыстармен, проблемалық мәселелермен танысты.
Аталған жоба аясында ұзындығы 1,8 шақырым болатын, 1988 жылдан бері жөндеу көрмеген ескі жылу желілері толық жаңартылады. Құбыр диаметрі 530 мм-ден 630 мм-ге дейін ұлғайтылады. Жоба іске асқанда қаладағы жылу жүйелерінің тозу деңгейі 1,4 пайызға төмендейді.
Аймақ басшысы мердігерлерге жұмысты уақтылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
«Жұмысты жүргізгенде бұрын жасалған ойын алаңдарына зақым келтірмей, жылу желісінің жанынан өткізгендеріңіз дұрыс шешім болған екен. Бұл жылу желісінің ауыстырылмағанына 35 жылдан асыпты. Мұндағы жұмысты жылу маусымы басталғанға дейін аяқтап, пайдалануға беру керек», - деді облыс әкімі.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Аким области Берик Уали с раннего утра – с 7 часов – ознакомился с ходом ремонтных работ на тепловых сетях, котельных и во дворах Семея, а также с актуальными проблемами в этой сфере.
В рамках проекта полностью обновляются старые теплосети протяженностью 1,8 км, не ремонтировавшиеся с 1988 года. Диаметр труб увеличивается с 530 мм до 630 мм. Реализация проекта позволит снизить износ городских теплосетей на 1,4%.
Глава региона поручил завершить работы в срок и с соблюдением всех стандартов качества.
«Важно, что при проведении работ не были повреждены ранее установленные детские площадки. Правильным решением было проложить теплосеть в обход, рядом с основным участком. Эти тепловые сети не менялись более 35 лет. Работы здесь необходимо завершить и ввести в эксплуатацию до начала отопительного сезона», – отметил Берик Уали.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏗️Облыс әкімі Семейдегі 1988 жылдан бері жаңартылмаған жылу желісіндегі жөндеу жұмыстарымен танысты
———————
🏗️Аким области ознакомился с ремонтом теплосетей в Семее, не обновлявшихся с 1988 года
#АбайОблысыныңӘкімдігі
Facebook | Instagram | gov.kz
———————
🏗️Аким области ознакомился с ремонтом теплосетей в Семее, не обновлявшихся с 1988 года
#АбайОблысыныңӘкімдігі
Facebook | Instagram | gov.kz
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Облыс әкімі қаланы аралау барысында Семейдегі аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.
Биыл «Аулаішілік аумақтарды ағымдағы жөндеу» бағдарламасы аясында шаһардағы 22 аулада абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Олардың тең жартысы сол жағалауда, қалғаны оң жағалауда орналасқан. Жоба аясында ашық спорт алаңдарын, балалар ойын алаңдарын және шағын сәулеттік формаларды орнату көзделген. Бұдан бөлек халық қатысатын бюджет аясында қосымша 13 аула абаттандырылады.
Тұрғындар аулаларының жаңа кейіпке еніп жатқаны үшін алғыс айтып, ризашылықтарын жеткізді.
«Ауламыздың жаңарып жатқанына өте қуаныштымыз. Бұл сәтті көп жыл күттік. Балаларымыз ойнайтын алаңқайлар салынып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасалып жатқаны үшін алғысымызды айтамыз. Сонымен қатар, осы аумақтағы ескі гараждардың орнына автотұрақ салынса деген өтінішіміз бар», – деді осы үйдің тұрғыны Марат Дулуганов.
«Қазіргі таңда Семейдегі 35 ауланы абаттандыруды жоспарлап отырмыз. Жыл соңына дейін бұдан бөлек тағы 5 аула мен 5 қоғамдық кеңістікті, яғни, арбаттарды, шағын саябақтарды жасаймыз. Келесі жылы қаладағы 150 ауланы абаттандыратын боламыз. Осылайша кезең-кезеңімен облыс орталығындағы бүкіл аулаларды жаңартамыз. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындармен кездесіп, өтініш-тілектерін ескеріп, осы жұмыстардың барлығын қадағалап, басы-қасында жүруі керек», – деді аймақ басшысы.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1