Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.2K photos
2.85K videos
9 files
973 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтті

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев кезекті рет тұрғындарды жеке қабылдауын өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар электр желісі, жол жөндеу, тұрғын үй, жер, абаттандыру, жұмыспен қамту мәселелерін көтерді.

«Бүгінде азаматтарды қабылдағаннан кейін тұрғындардың жағдайымен және көтерілген мәселелерімен тереңірек танысу мақсатында көшпелі кеңестер өткізіп келемін. Себебі қабылдауда айтылған жайттар назардан тыс қалмауы тиіс. Осы бағытта тиісті бөлімдер де әр мәселені жіті бақылауда ұстауы қажет», - деді Бекжан Бапышев.


🔔Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 107 кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.

Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прошла очередная встреча с жителями города

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев в очередной раз провел личный прием граждан. В ходе встречи жители поднимали вопросы, касающиеся электросетей, ремонта дорог, жилья, земельных участков, благоустройства и трудоустройства.

«После приёма граждан продолжаю проводить выездные совещания, чтобы более детально ознакомиться с ситуацией на местах и проблемами жителей. Важно, чтобы ни один вопрос, озвученный на приеме, не остался без внимания. В этой связи поручаю ответственным подразделениям держать каждый вопрос под строгим контролем», - отметил Бекжан Бапышев.


🔔Напоминаем, чтобы записаться на личный прием, необходимо обратиться в здание акимата города Семей (улица Мәңгілік Ел, 4), кабинет №107, и оставить письменное заявление.

Дополнительную информацию можно получить по телефону: 52-35-08.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍 Кезекті азаматтарды жеке қабылдау өтті
———
📍 Прошла очередная встреча с жителями города
⚡️Орталық мешіт қайта жарықтандырылды

Семей қаласындағы Абай Құнанбайұлы атындағы орталық мешітті сәулеттік жарықтандыру жұмыстары аяқталды.

➡️Еске сала кетейік, осыған дейін Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында мешіт қайта абаттандырылатынын хабарлаған болатынбыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғаса бермек.
———
⚡️Центральная мечеть вновь освещена

В городе Семей завершены работы по архитектурной подсветке центральной мечети имени Абая Кунанбаева.

➡️Напомним, ранее сообщалось, что в преддверии 180-летнего юбилея Абая Кунанбаева мечеть будет благоустроена. Работы в этом направлении будут продолжены.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейге Маңғыстау облысының делегациясы келді

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли өңірімізге Маңғыстау облысынан арнайы келген делегация мүшелерімен кездесті. Кездесуге Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов, облыс әкімінің орынбасары Тілеген Әбішев, қоғамдық кеңес төрағасы Бекмұрат Жүсіпов және мемлекеттік қызмет ардагері Даржок Сейбағытов қатысты.

✔️Облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Акция аясында еліміздің әр өңірі Абай облысына бір нысаннан тарту етеді.

➡️Кездесуде облыс әкімі Маңғыстау облысының игі бастамаға алғаш болып қолдау танытқаны үшін алғысын жеткізді.

«Маңғыстау облысы әкімдігі акцияға қолдау білдіріп, облыс орталығы Семей қаласына Достық үйін салып беру үшін арнайы делегация жіберіп отыр. Өздеріңізбен жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Бүгінгі кездесу еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Маңғыстау мен Абай облысы батыс пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін көрсетті. Маңғыстау халқына, Мемлекет басшысының бастамасын алғашқы болып қолдаған Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Игілікұлына айрықша алғыс айтамыз» деді аймақ басшысы.


⚡️Облыс әкімі «Абайға құрмет» акциясын еліміздің барлық өңірлері қызу қолдап жатқанын, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Павлодар, Жетісу, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Ақмола облыстары мен Шымкент, Алматы, Астана қалалары тиісті жұмыстарды бастап кеткенін айтты.

Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов мұнайлы өлке жұртының сәлемін жеткізді.

«Көршісі шаруа бастап жатса, қасынан құр өтіп кетпейтін қазақпыз ғой. Әр облыстың тарту жасауы өте дұрыс қабылданған шешім деп есептейміз. Өйткені бұл нысандар халықтың игілігіне жұмыс істейтін болады. Игі бастамаларыңызға сәттілік тілейміз» деді ол.


📍Кездесуден кейін маңғыстаулық делегация 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданы салынатын құрылыс алаңына барды. Облыс әкімі қонақтарға жаңа ықшам ауданның жобасын таныстырды.

«Бұл жаңа ықшам ауданды 17 мамырда облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда таныстырғанбыз. Маңайы қарағайлы орман, таза ауа, Ертіс өзенінен 44 метр биіктікте орналасқан. Жаңа ықшам аудан Семей қаласының жаңа келбеті болатыны анық. «Абайға құрмет» акциясы аясындағы ғимараттар негізінен осы ауданда салынады. Қазіргі таңда дайындық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Киелі Маңғыстау жерінен, Бекет ата елінен келген азаматтардың бірінші болып келіп, құрылыс алаңын көріп жатқанын жақсылыққа жорып тұрмыз» деді аймақ басшысы.


🔴Мың гектардан астам аумақты қамтитын ықшам ауданда тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтереді. Жоба аясында болашақта жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, Инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM