Семей қаласының әкімдігі
2.88K subscribers
11.1K photos
2.85K videos
9 files
970 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🌉Семейдегі аспалы көпірдің бір бөлігінде асфальт төсеу жұмыстары аяқталды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семейдегі Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

📌Қазіргі таңда көпірдің сол жағалаудан оң жағалауға бағытталған бөлігіндегі жолға асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталды. Ескі асфальт, гидрооқшаулағыш қабаттар алынып, жаңа гидрооқшаулағыш материал және жаңа асфальтбетон жамылғысы төселді.

Аймақ басшысы жөндеу жұмыстарының сапасын бақылап, көпірдің асфальт төселген бөлігінде қозғалысты жылдамдатып ашуды тапсырды. Облыс әкімі Семей қалалық полиция басқармасына көлік өткелінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көпірдің конструкциялық элементтерін сақтау мақсатында салмағы 8 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысына шектеу қою қажеттігін айтты. Бұл үшін көпірдің екі жақ шетіне бекеттер қойылады.

«Біз жолаушыларға қолайлы болсын деп көпірдің үстіндегі жолды ғана емес, көпірге дейінгі 600 метр жол учаскесіне асфальт төседік. Осындай техникалық шешім қабылдадық. Жұмыстың межелі мерзімнен кешігуінің себебі – осы. Бұған тұрғындар түсіністікпен қарайды деп ойлаймыз», – деді аймақ басшысы.


📊Аспалы көпірдің жалпы ұзындығы 1100 метрді құрайды. Оның ішінде аспалы аралық – 750 метр, бетонды аралық – 350 метр. Ені – 26 метр. Асфальтты ауыстыру жұмыстарына 80-ге жуық жұмысшы мен 20-дан астам арнайы техника жұмылдырылған.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌉В Семее завершены работы по укладке асфальта на одной из сторон подвесного моста

Аким области Берик Уали ознакомился с ходом ремонтных работ на подвесном мосту через реку Иртыш в Семее.

В настоящее время полностью завершены работы по укладке асфальта на участке моста, ведущем с левого берега на правый. Старое асфальтовое покрытие и гидроизоляционные слои были демонтированы, после чего уложены новые гидроизоляционные материалы и асфальтобетонное покрытие.

📌Глава региона проконтролировал качество ремонтных работ и поручил ускорить открытие движения на участке моста, где завершена укладка асфальта. Также он отметил необходимость введения ограничения на проезд транспорта массой свыше 8 тонн, чтобы обеспечить безопасность движения и сохранить конструктивные элементы моста. Для этого на обоих концах моста будут установлены посты контроля.

«Мы приняли техническое решение уложить асфальт не только на самом мосту, но и на участке дороги длиной 600 метров, ведущем к нему. Именно поэтому произошла задержка сроков завершения работ. Надеемся на понимание со стороны жителей», – подчеркнул Берик Уали.


📈Общая длина подвесного моста составляет 1100 метров, из них подвесной пролет – 750 метров, железобетонный пролет – 350 метров. Ширина моста – 26 метров. В работах по замене асфальта были задействованы около 80 рабочих и более 20 единиц спецтехники.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬Полиция қызметкерлерін құттықтады

Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерін құттықтады кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Сіздер өз қызметтеріңізде кәсібилік пен жауапкершілікті жоғары деңгейде ұштастыра отырып, полиция мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тиімді байланысты қалыптастыруға, қоғам мен құқық қорғау органдарының арасындағы сенімді нығайтуға айрықша үлес қосып келесіздер» - деді орынбасар.


Сіздерге зор денсаулық, мол табыс және толағай жетістіктер тілейміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
💬Полиция қызметкерлерін құттықтады Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерін құттықтады кәсіби мерекесімен құттықтады. «Сіздер өз қызметтеріңізде кәсібилік пен жауапкершілікті жоғары деңгейде ұштастыра…
Акимат города Семей поздравили сотрудников полиции

Заместитель акима города Семей Куаныш Абильдаев поздравил сотрудников Городского управления полиции с профессиональным праздником.

«Вы в своей работе демонстрируете высокий уровень профессионализма и ответственности, вносите особый вклад в укрепление эффективного взаимодействия между полицией и средствами массовой информации, а также в развитие доверительных отношений между обществом и правоохранительными органами», — отметил заместитель акима.


Желаем вам крепкого здоровья, больших успехов и новых достижений!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💬ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мемлекеттік қызмет – ел мен халық алдындағы зор жауапкершілік. Бұл — тәртіп пен талап, жанқиярлық пен жанашырлықты қажет ететін мәртебелі міндет.

Сіздердің күнделікті елеусіз еңбектеріңіз – ел дамуының іргетасы, халық сенімінің негізі. Әр құжаттың артында — адам тағдыры, әр шешімнің түбінде – тұтас қоғамның мүддесі жатыр.

Сіздерге зор денсаулық, отбасылық амандық, қажымас қайрат пен кәсіби табыс тілейміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
💬ҚҰРМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Мемлекеттік қызмет – ел мен халық алдындағы зор жауапкершілік. Бұл — тәртіп пен талап, жанқиярлық пен жанашырлықты қажет ететін…
💬УВАЖАЕМЫЕ ГОСУДАРСТВЕННЫЕ СЛУЖАЩИЕ!

От всей души поздравляем вас с профессиональным праздником —
Днём государственного служащего!

Государственная служба — это высокая ответственность перед страной и народом. Это труд, требующий дисциплины, самоотдачи и искренней преданности своему делу.

Ваш повседневный, на первый взгляд незаметный, но очень важный труд — основа стабильности и развития государства. За каждым подписанным документом — судьбы людей, за каждым принятым решением — интересы общества.

Желаем вам крепкого здоровья, семейного благополучия, неиссякаемой энергии и профессиональных успехов!
Пусть ваш труд будет по достоинству оценён, а доверие граждан — прочным!

С праздником!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖊️БАҚ күні: ақпарат қызметкерлері марапатталды

Семей қаласы әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Ерекше форматта ұйымдастырылған бұл кездесуге қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.

Мерекелік жиын барысында қаланың медиа кеңістігінде қажырлы еңбек етіп жүрген ақпарат саласының мамандарына құрмет көрсетіліп, олардың ел игілігі жолындағы еңбектері ерекше атап өтілді.

Сөз алған Қуаныш Әбілдаев қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікір қалыптастырудағы рөлі мен тарихи маңызына арнайы тоқталды.

«Бүгінде Алаштың астанасының медиа кеңістігінде 40-тан астам бұқаралық ақпарат құралы жұмыс жасайды. Қаланың баспасөз тарихында «Семей таңы» газетінің алар орны ерекше. Тамыры тереңде жатқан бұл басылым – 1917-1918 жылдары шыққан «Сарыарқа» газетінің жалғасы. Бүгінде екі тілде – «Семей таңы» және «Вести Семей» атауымен жарық көріп келеді. Бұл басылым Семей журналистерінің ұстаханасына айнала білді. Семей телеарнасының тарихы – өз алдына бір шежіре. Биыл бұл арнаның құрылғанына 60 жыл толып отыр. Жарты ғасырдан астам уақыт бойы телеарна аймақтың басты ақпарат көзі болып келеді. Арна ұжымы жаңа дәуірдің талаптарына бейімделіп, сапалы контент жасау арқылы көрермен сенімінен шығып жүр. Ал ТВК-6 телеарнасы – 90-жылдардың басында құрылған, алғашқы тәуелсіз ақпарат құралымыздың бірі. Бүгінде бұл медиақұрылым тек телеарнамен шектелмей, екі бірдей газет шығарып отыр. Ақпарат таратуда кешенді, көп форматты тәсілді ұстанған ТВК-6 – өңірлік медианарықтағы ерекше орынға ие», – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары.


Салтанатты жиын барысында бірқатар БАҚ өкілдері Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ, қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, көңіл күйді көтерген ән шашу мен өнерпаздардың тартуы кештің көркін аша түсті.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM