Семей қаласының әкімдігі
2.89K subscribers
11.1K photos
2.84K videos
9 files
968 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде облыстық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

Семейде облыстық прокуратураның жаңартылған ғимараты ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов және сала өкілдері қатысты.

🔺Әр жылдары әртүрлі мекемеге тиесілі болған нысан 40 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Облыстық прокуратура қарамағына берілгеннен кейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен толық жөнделіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Ғимарат ішінде барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар орнатылған.

Салтанатты шарада облыс әкімі сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында «Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды» деп атап өткен болатын. Бас Прокурор Берік Ноғайұлының облысымызға жұмыс сапарына орай ашылып отырған ғимарат - құқықтық жүйенің дамуы мен тұрақтылық және болашаққа сенімнің символы деп білеміз. Себебі, сала қызметкерлері жұмысына қолайлы жағдай жасау «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін игі қадам. Облыс прокуратурасы ұжымы бұл ғимаратта қоғам өмірінің барлық салаларында азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет ететініне сенемін», - деді аймақ басшысы.


🏓Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, заң саласында ұзақ жылдар қызмет Фазыл Әділбаевтің құрметіне ғимарат қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

➡️Облыс әкімі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға сапалы қызмет көрсетілмек. Қазіргі таңда мұндай қызметке облыс бойынша 101 адам кезекте тұр.

➡️Айта кетейік, республика бойынша прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 15-і Абай облысына тиесілі. Медицина саласында үш жоба, ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 12 жоба қолға алынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Семее открылось новое здание областной прокуратуры

В городе Семей состоялось торжественное открытие обновлённого здания областной прокуратуры. В мероприятии приняли участие аким области Берик Уали, Генеральный прокурор Республики Казахстан Берик Асылов и представители отрасли.

🔺Здание, которое в разные годы принадлежало различным учреждениям, не видело капитальный ремонт более 40 лет. После передачи в ведение областной прокуратуры, оно было полностью отремонтировано за счёт средств, выделенных из республиканского бюджета, и оснащено в соответствии с современными стандартами. Внутри здания установлена вся необходимая техника и оборудование.

Во время торжественного мероприятия аким области выступил с речью, поздравив с открытием нового объекта.

«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на четвёртом заседании Национального курултая в Кокшетау сказал: “Мы всегда последовательно придерживаемся истории, традиций и ценностей современности. Важно укрепить в обществе законность и порядок, призывая к политическому прагматизму“. Открытие этого здания в рамках рабочего визита Генерального прокурора Берика Ногайулы в нашу область - символ развития правовой системы, стабильности и доверия к будущему. Создание комфортных условий для работников прокуратуры - важный шаг в духе идеи “Справедливый Казахстан”. Уверен, коллектив областной прокуратуры будет самоотверженно трудиться в этом здании, защищая права граждан во всех сферах», - сказал глава региона.


🏓В рамках мероприятия на стене здания установили памятную доску в честь ветерана Великой Отечественной войны и юриста с многолетним стажем Фазыла Адильбаева.

➡️Аким области вместе с Генеральным прокурором посетили строительную площадку психоневрологического медико-социального учреждения на 100 мест и приняли участие в церемонии закладки фундамента. Здание возводится на средства от активов, возвращённых государству прокуратурой. После ввода объекта в эксплуатацию будут созданы новые рабочие места и обеспечено качественное обслуживание для нуждающихся в социальной поддержке жителей региона. В настоящее время в очереди на подобную помощь по области числятся 101 человек.

➡️Отметим, что по республике прокуратурой реализуется 333 социальных проекта за счёт возвращённых государству активов. Из них 15 в области Абай, 3 проекта в сфере здравоохранения и 12 проектов по обеспечению питьевой водой.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде облыстық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

——————

В Семее открылось новое здание областной прокуратуры


🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Бекжан Бапышев «A Park» компаниясының жұмысымен танысты

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев 2016 жылы құрылған «A Park» компаниясының қызметімен танысты. Бұл мекеме – еліміз бойынша балалар ойын алаңдары мен сәулеттік пішін өндіретін отандық кәсіпорындардың бірі.

Компания балаларға арналған заманауи ойын кешендерін, спорттық жаттығу құрылғыларын, workout аймақтарды, әткеншектер мен айналмалы карусельдер, орындықтар сияқты түрлі өнімдерді шығарады.

Өндірісте ротоформалау әдісімен жасалған пластик бөлшектер қолданылады. Бұл әдіс күрделі пішінді, ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімді бөлшектерді жасауға мүмкіндік береді. Компания жас болса да, бүгінге дейін Қазақстанның түрлі өңірлерінде 50-ден астам жобаны сәтті жүзеге асырған.

«Біздің қаламызда осындай заманауи өндіріс орны бар екенін көпшілік біле бермейді. Мұндай кәсіпорындарды қолдап, бірлесіп жұмыс жасау – басты міндеттеріміздің бірі», - деді Бекжан Бапышев.


Бекжан Бапышев компания өкілдеріне алғысын білдіріп, қала аумағында балалар алаңдарын, спорттық аймақтарды және басқа да шағын сәулет нысандарын орнату бойынша бірлесіп жұмыс жасауды ұсынды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📌Бекжан Бапышев «A Park» компаниясының жұмысымен танысты Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев 2016 жылы құрылған «A Park» компаниясының қызметімен танысты. Бұл мекеме – еліміз бойынша балалар ойын алаңдары мен сәулеттік пішін өндіретін отандық…
📌Бекжан Бапышев ознакомился с деятельностью компании «A Park»

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев ознакомился с работой компании «A Park», основанной в 2016 году. Это одно из отечественных предприятий, производящих детские игровые площадки и малые архитектурные формы по всей стране.

Компания выпускает современные игровые комплексы для детей, спортивные тренажёры, воркаут-зоны, качели, карусели, скамейки и другие изделия.

В производстве используются пластиковые элементы, изготовленные методом ротационного формования. Этот способ позволяет создавать детали сложной формы, устойчивые к механическим повреждениям и неблагоприятным погодным условиям. Несмотря на молодость, компания успешно реализовала более 50 проектов в различных регионах Казахстана.

«Многие даже не знают, что в нашем городе есть такое современное производство. Поддержка таких предприятий и совместная работа с ними — одна из наших приоритетных задач», — отметил Бекжан Бапышев.


Он выразил благодарность представителям компании и предложил наладить сотрудничество по установке детских площадок, спортивных зон и других малых архитектурных форм на территории города.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM