Семей қаласының әкімдігі
2.9K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
961 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Облыс әкімі инвесторлармен кездесті

Облыс әкімі Берік Уәли бүгін шет елдік инвесторлармен кездесті. Кездесуде қытайлық «China Global Sourcing Group» компаниясы өкілдерімен екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

🗣Аймақ басшысы облыстың әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстырып, өңірде көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға болатынын атап өтті.

«Инвестиция тарту мақсатында өткен айда Абай облысының делегациясы Қытайдың Шыңжаң ұйғыр автономиялық өлкесіне жұмыс сапарымен барып, халықаралық «Үлкен Алтай» субөңірлік ынтымақтастық конференциясына қатысып қайттық. Шара аясында қытай инвесторларымен құны 1,5 млрд АҚШ долларын құрайтын 15 ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Осы сапардың нәтижесінде өткен аптада Семей қаласындағы өндірістік аймақта чиптер мен электронды қондырғыларды өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Екі елдің Мемлекет басшылары арасындағы достық қарым-қатынастың арқасында енгізілген визасыз режим (30 күн) – бизнес, соның ішінде туризм саласындағы байланыстарды дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Біз инвесторлармен жұмыс істеуге, оларға тиісті жағдай жасауға дайынбыз», – деді облыс әкімі.


🔺Өз кезегінде «China Global Sourcing Group» компаниясының өкілі Цуй Айго Семей қаласында салынатын жаңа ықшам ауданға қызығушылық танытып, осы бағытта бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

«Семей қаласының көлік-логистикалық әлеуеті зор. Біз «Смарт сити» жобасы аясында қаланың инфрақұрылымын жақсартуға өз үлесімізді қосқымыз келеді. Жобамен мұқият танысып, сіздерге нақты ұсыныстарымызды жолдайтын боламыз», - деді Цуй Айго.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Аким области встретился с инвесторами

Сегодня аким области Берик Уали провёл встречу с иностранными инвесторами. В ходе встречи были обсуждены вопросы двустороннего сотрудничества с представителями китайской компании «China Global Sourcing Group».

🗣Глава региона рассказал о потенциале и возможностях области, подчеркнув, что в регионе возможно совместное осуществление инвестиционных проектов в сферах транспортно-логистики, сельского хозяйства и туризма.

«С целью привлечения инвестиций в прошлом месяце делегация области Абай в рамках рабочего визита посетила Синьцзян-Уйгурский автономный район Китая и приняла участие в международной конференции субрегионального сотрудничества «Большой Алтай». В рамках мероприятия было подписано 15 меморандумов о сотрудничестве с китайскими инвесторами на общую сумму 1,5 млрд долларов США. В результате этой поездки на прошлой неделе в индустриальной зоне города Семей началось строительство завода по производству чипов и электронных устройств. Благодаря дружеским отношениям между главами наших государств был введён безвизовый режим сроком на 30 дней, что открывает большие возможности для развития деловых, в том числе туристических связей. Мы готовы работать с инвесторами и создать для них соответствующие условия», - отметил аким области.


🔺В свою очередь, представитель компании «China Global Sourcing Group» Цуй Айго выразил заинтересованность в строительстве нового жилого района в городе Семей и заявил о готовности к совместной работе в этом направлении.

«Город Семей обладает высоким транспортно-логистическим потенциалом. Мы хотим внести свой вклад в развитие городской инфраструктуры в рамках проекта «Умный город». Мы внимательно ознакомимся с проектом и направим вам конкретные предложения», - сказал Цуй Айго.


ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚃Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытының» жұмысымен танысты

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытына» барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 1969 жылы негізі қаланған бұл зауыт – еліміздегі ірі өнеркәсіп орындарының бірі және шынжыр табанды көліктер мен оларға арналған қосалқы бөлшектерді шығаруға маманданған. Кәсіпорын машина жасау өндірісінің толық циклін жүзеге асыра алады.

Дегенмен бүгінде зауыттың өндірістік әлеуеті жоғары болғанымен, маман тапшылығына байланысты толық қуатында жұмыс істеп тұрған жоқ. Қазіргі таңда кәсіпорында 87 адам еңбек етеді, ал штаттық бірлік саны – 146. «Семей машина жасау зауыты» АҚ 2004 жылдан бері жүк вагондарына арналған люк қақпақтары, торлы және бойлық борттар, түрлі металл конструкциялар шығарады.

«Қаладағы өндіріс орындарын қолдау – біздің басты басымдықтарымыздың бірі. Осындай кәсіпорындар өңір экономикасының дамуына айрықша үлес қосады. Біз Семейіміздің өндірісімен әрқашан ынтымақтастыққа дайынбыз», – деді Бекжан Бапышев.


Сапар барысында қала аумағына арналған қоқыс контейнерлері мен жәшіктерін шығару мәселесі де қаралды. Бұл бастама, бір жағынан, зауыттың өндірістік жүктемесін арттырса, екінші жағынан, қаланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға сеп болмақ.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Семей қаласының әкімдігі
🚃Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытының» жұмысымен танысты Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев «Семей машина жасау зауытына» барып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. 1969 жылы негізі қаланған бұл зауыт – еліміздегі ірі өнеркәсіп…
🚃Бекжан Бапышев ознакомился с работой Семипалатинского машиностроительного завода

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев посетил АО «Семипалатинский машиностроительный завод» и ознакомился с производственным процессом. Основанный в 1969 году, завод является одним из крупных промышленных предприятий страны, специализирующимся на выпуске гусеничной техники и запасных частей к ней. Предприятие располагает полным циклом машиностроительного производства.

Несмотря на высокий производственный потенциал, завод в настоящее время не работает на полную мощность из-за нехватки квалифицированных кадров. На сегодняшний день на предприятии трудятся 87 человек при штатной численности в 146 единиц. С 2004 года АО «Семипалатинский машиностроительный завод» выпускает люковые крышки, решетчатые и продольные борта для грузовых вагонов, а также различные металлические конструкции.

«Поддержка промышленных предприятий в городе — одно из наших главных приоритетных направлений. Такие заводы вносят весомый вклад в развитие региональной экономики. Мы всегда открыты к сотрудничеству с производственным сектором Семея», — отметил Бекжан Бапышев.


В ходе визита также была рассмотрена возможность выпуска контейнеров и урн для бытовых отходов, предназначенных для нужд города. Эта инициатива, с одной стороны, позволит загрузить производственные мощности завода, а с другой — укрепит материально-техническую базу города.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде облыстық прокуратураның жаңа ғимараты ашылды

Семейде облыстық прокуратураның жаңартылған ғимараты ашылды. Іс-шараға облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов және сала өкілдері қатысты.

🔺Әр жылдары әртүрлі мекемеге тиесілі болған нысан 40 жылдан астам уақыт бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Облыстық прокуратура қарамағына берілгеннен кейін республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен толық жөнделіп, заманауи талаптарға сай жабдықталды. Ғимарат ішінде барлық қажетті техника мен құрал-жабдықтар орнатылған.

Салтанатты шарада облыс әкімі сөз сөйлеп, жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Көкшетауда өткен Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында «Біз тарих, дәстүр және қазіргі заман құндылықтарын әрдайым бірдей ұстанып келеміз. Жұртты саяси прагматизмге шақырып, қоғамда Заң мен тәртіпті орнықтыру маңызды» деп атап өткен болатын. Бас Прокурор Берік Ноғайұлының облысымызға жұмыс сапарына орай ашылып отырған ғимарат - құқықтық жүйенің дамуы мен тұрақтылық және болашаққа сенімнің символы деп білеміз. Себебі, сала қызметкерлері жұмысына қолайлы жағдай жасау «Әділетті Қазақстан» идеясымен үндесетін игі қадам. Облыс прокуратурасы ұжымы бұл ғимаратта қоғам өмірінің барлық салаларында азаматтарымыздың құқықтарын қорғау жолында аянбай қызмет ететініне сенемін», - деді аймақ басшысы.


🏓Шара аясында Ұлы Отан соғысының ардагері, заң саласында ұзақ жылдар қызмет Фазыл Әділбаевтің құрметіне ғимарат қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

➡️Облыс әкімі Қазақстан Республикасының Бас прокурорымен бірге 100 орынға арналған психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекеменің құрылыс алаңына барып, іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Ғимарат прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен бой көтеруде. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға сапалы қызмет көрсетілмек. Қазіргі таңда мұндай қызметке облыс бойынша 101 адам кезекте тұр.

➡️Айта кетейік, республика бойынша прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен 333 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Оның 15-і Абай облысына тиесілі. Медицина саласында үш жоба, ауыз сумен қамтамасыз етуге байланысты 12 жоба қолға алынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Семее открылось новое здание областной прокуратуры

В городе Семей состоялось торжественное открытие обновлённого здания областной прокуратуры. В мероприятии приняли участие аким области Берик Уали, Генеральный прокурор Республики Казахстан Берик Асылов и представители отрасли.

🔺Здание, которое в разные годы принадлежало различным учреждениям, не видело капитальный ремонт более 40 лет. После передачи в ведение областной прокуратуры, оно было полностью отремонтировано за счёт средств, выделенных из республиканского бюджета, и оснащено в соответствии с современными стандартами. Внутри здания установлена вся необходимая техника и оборудование.

Во время торжественного мероприятия аким области выступил с речью, поздравив с открытием нового объекта.

«Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев на четвёртом заседании Национального курултая в Кокшетау сказал: “Мы всегда последовательно придерживаемся истории, традиций и ценностей современности. Важно укрепить в обществе законность и порядок, призывая к политическому прагматизму“. Открытие этого здания в рамках рабочего визита Генерального прокурора Берика Ногайулы в нашу область - символ развития правовой системы, стабильности и доверия к будущему. Создание комфортных условий для работников прокуратуры - важный шаг в духе идеи “Справедливый Казахстан”. Уверен, коллектив областной прокуратуры будет самоотверженно трудиться в этом здании, защищая права граждан во всех сферах», - сказал глава региона.


🏓В рамках мероприятия на стене здания установили памятную доску в честь ветерана Великой Отечественной войны и юриста с многолетним стажем Фазыла Адильбаева.

➡️Аким области вместе с Генеральным прокурором посетили строительную площадку психоневрологического медико-социального учреждения на 100 мест и приняли участие в церемонии закладки фундамента. Здание возводится на средства от активов, возвращённых государству прокуратурой. После ввода объекта в эксплуатацию будут созданы новые рабочие места и обеспечено качественное обслуживание для нуждающихся в социальной поддержке жителей региона. В настоящее время в очереди на подобную помощь по области числятся 101 человек.

➡️Отметим, что по республике прокуратурой реализуется 333 социальных проекта за счёт возвращённых государству активов. Из них 15 в области Абай, 3 проекта в сфере здравоохранения и 12 проектов по обеспечению питьевой водой.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM