Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
955 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
💥1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ертіс жағалауында мерекелік концерт өтті

Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ертіс өзенінің жағалауында ұйымдастырылған мерекелік концертке балалар мен ата-аналар жиналды.

Балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған шарада арнайы ойын алаңдары, шеберлік сағаттары мен түрлі ойын-сауық бағдарламалар ұйымдастырылды.

🤔Мерекелік іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, бүлдіршіндер мен ата-аналарды айтулы мерекемен құттықтады.

«Бұл күн – балаға деген шексіз махаббат пен жауапкершілікті жаңғыртатын, адамзаттың ең асыл құндылығы – балаларды қорғау қажеттігін еске салатын ерекше мереке. Семей қаласында балалардың бақытты әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін нақты жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру – биылғы басты назардағы міндеттердің бірі. Қала сыртындағы 9 сауықтыру лагерінде 5 мыңға жуық бала демалады», – деді Қуаныш Әбілдаев.


Шара аясында балалардың шығармашылығын дамыту мақсатында қолөнер, сурет және робототехника көрмелері ұйымдастырылып, түрлі аниматорлық қойылымдар мен флешмобтар өткізілді.

🟢1 маусымда Семей қаласында 14 түрлі орында кең ауқымды мерекелік бағдарламалар, концерттер мен фестивальдер өтті. Бұл күн балалардың жүзінен шаттық пен күлкі кетпеген, қуаныш пен жылулыққа толы ерекше күн болды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
💥1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ертіс жағалауында мерекелік концерт өтті Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Ертіс өзенінің жағалауында ұйымдастырылған мерекелік концертке балалар…
💥1 июня на набережной Иртыша состоялся праздничный концерт, приуроченный ко Дню защиты детей

В городе Семей 1 июня – Международный день защиты детей – был отмечен с особым размахом. На набережной реки Иртыш состоялся праздничный концерт, собравший множество детей и их родителей.

Праздничное мероприятие подарило маленьким горожанам море радости и положительных эмоций. Для них были организованы специальные игровые зоны, мастер-классы и разнообразные развлекательные программы.

🤔В празднике принял участие заместитель акима города Семей Куаныш Абильдаев, который поздравил детей и родителей с этим знаменательным днём.

«Этот день – особый праздник, напоминающий о необходимости защищать детей, самое ценное, что есть у человечества, и укрепляющий безграничную любовь и ответственность перед ними. В Семее ведётся системная работа по обеспечению счастливой и безопасной жизни детей. Одним из главных приоритетов в этом году стало качественное проведение летнего отдыха. В 9 загородных оздоровительных лагерях отдохнут около 5 тысяч детей», – отметил Куаныш Абильдаев.


В рамках мероприятия были организованы выставки изделий ручной работы, рисунков и робототехники, а также выступления аниматоров и флешмобы.

🟢В 1 июня в Семее на 14 различных площадках прошли масштабные праздничные программы, концерты и фестивали. Этот день стал по-настоящему особенным – наполненным радостью, теплом и детским смехом.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⛴️Семей бүлдіршіндері Ертіс өзенінде кемемен серуендеді

Семей қаласында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай бүлдіршіндерге арналған ерекше шара ұйымдастырылды.

Балалар Ертіс өзенінде кемемен серуендеп, шат-шадыман көңіл күйге бөленді. Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысты.

🥸Кеме үстінде балалар үшін көңілді аниматорлар ойындар ұйымдастырып, түрлі қызықты бағдарламалар өткізілді.

Мерекелік серуен барысында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, керемет көңіл күй сыйланды. Балалар үшін бұл күн есте қаларлық, қуаныш пен шаттыққа толы болды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⛴️Дети совершили праздничное путешествие по Иртышу на теплоходе

В городе Семей в рамках празднования Дня защиты детей для юных жителей был организован увлекательный речной круиз по реке Иртыш.

В мероприятии принял участие заместитель акима города Куаныш Абильдаев.

🥸На борту детей ждали весёлые аниматоры, занимательные игры и развлечения. Атмосфера была наполнена радостью, смехом и восторгом.

Кроме того, для малышей были подготовлены сладкие угощения, которые добавили празднику ещё больше ярких впечатлений.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семей бүлдіршіндері Ертіс өзенінде кемемен серуендеді
———
📍Дети совершили праздничное путешествие по Иртышу на теплоходе
«Жұлдызды сәт» фестивалі балаларға шаттық сыйлады

М. Әуезов атындағы алаңда балаларға арналған «Жұлдызды сәт» фестивалі өтті. Шара аясында түрлі фотозоналар орнатылып, аниматорлар бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Балалар ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, ерекше әсер алды. Мерекелік іс-шара көңілді әрі есте қаларлық өтті.

🔼Балалар – еліміздің болашағы. Сол себепті олардың алаңсыз балалық шағы мен жарқын келешегі үшін жағдай жасау – әрбіріміздің ортақ міндетіміз.

Осындай іс-шаралар балалардың шат-шадыман көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың жан-жақты дамуына және шығармашылық қабілеттерін ашуға септігін тигізеді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM