Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
955 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✔️Облыс әкімі «SEMEI» телеарнасының жұмысымен танысты

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «SEMEI» телеарнасының жұмысымен танысты.

📌Телеарна алғаш рет 1965 жылдың 1 қыркүйегінде эфирге шығып, республика бойынша төртінші, Одақ бойынша 116-шы телестудия ретінде жұмысын бастады.

2022 жылы Абай облысы қайта құрылғаннан кейін арнаның жаңа тынысы ашылды. Бүгінде «SEMEI» телеарнасы тәулігіне 14 сағат хабар таратып, 30-ға жуық авторлық бағдарламаны көрермен назарына ұсынып келеді. Цифрлық медианы дамыту мақсатында «Digital SEMEI» бөлімі ашылған. Жаңалықтар қызметі күніне 5 рет ақпарат таратады. Қазіргі таңда мұнда 50-ден астам адам еңбек етеді.

Облыс әкімі аудиторияларды, жаңалықтар студиясын, монтаж бөлімдерін аралап, телеарна ұжымымен кездесіп, пікірлесті. Журналистер аймақ басшысына өздерінің ұсыныс-пікірлерін айтты.

«SEMEI» телеарнасының тарихы терең. Биыл 60 жылдық мерейлі белесті атап өткелі отырсыздар. Өңірдегі, елдегі жаңалықтарды бірінші болып жұртшылыққа жеткізуге асығатын телеарнада білікті мамандар жұмыс істейді. Ұжымға келген жаңа басшылық креативті, танымдық дүниелерді көрерменге ұсынып жатыр. Жақында облыстың алдағы даму жоспарын жариялағанда телеарна ғимараты маңында журналистер аллеясын салу туралы айтқан болатынмын. Бұл жұмысты бастаймыз. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныс-тілектеріңізді ескеріп, тиісті қолдау көрсетеміз» деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧠Семейде «Еңбекші жастар – 2025» фестивалі өтті

Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекші жастар – 2025» қалалық фестивалі өтті.

Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, жастарды техникалық және жұмысшы кәсіптерге баулу, сондай-ақ еңбекке деген оң көзқарас қалыптастыру.

Іс-шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Ғапуов, колледж студенттері мен өңірдің еңбекші жастары қатысты.

«Жастардың еңбекке деген ықыласы, кәсіби шыңдалуға ұмтылысы – қаламыздың дамуының кепілі. Бүгінгі фестиваль – жұмысшы мамандықтардың қоғамдағы беделін арттыруға бағытталған маңызды қадам», – деді Қуаныш Әбілдаев.


Фестиваль аясында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған аймақтағы 20-дан астам ірі кәсіпорын мен жұмыс беруші мекемелер қатысып, жастарға тұрақты жұмыс пен тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін ұсынды.

Сондай-ақ, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген еңбекші жастарға қала әкімінің орынбасары алғыс хаттар табыстады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🧠Семейде «Еңбекші жастар – 2025» фестивалі өтті Семей қаласындағы Электротехникалық колледж базасында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Еңбекші жастар – 2025» қалалық фестивалі өтті. Басты мақсат – еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау…
🧠В Семее прошел фестиваль «Еңбекші жастар – 2025»

На базе Электротехнического колледжа города Семей в рамках Года рабочих профессий состоялся городской фестиваль «Еңбекші жастар – 2025».

Основная цель мероприятия — популяризация востребованных на рынке труда профессий, привлечение молодежи к техническим и рабочим специальностям, а также формирование позитивного отношения к труду.

В фестивале приняли участие заместитель акима города Семей Куаныш Абильдаев, руководитель городского отдела внутренней политики Айбек Гапуов, студенты колледжей и представители трудовой молодежи региона.

«Интерес молодежи к труду и стремление к профессиональному росту — это основа развития нашего города. Сегодняшний фестиваль — важный шаг к повышению престижа рабочих профессий в обществе», — подчеркнул Куаныш Абильдаев.


В рамках фестиваля была организована ярмарка вакансий, в которой приняли участие более 20 крупных предприятий и организаций, представивших молодежи предложения по трудоустройству и стажировкам.

Также благодарственными письмами были награждены представители трудовой молодежи, вносящие весомый вклад в социально-экономическое развитие Семея.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семейде «Еңбекші жастар – 2025» фестивалі өтті
———
📍В Семее прошел фестиваль «Еңбекші жастар – 2025»
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Семейде салық органдары кәсіпкерлерді ақпараттандыру жұмыстарын күшейтті

Семей қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кәсіпкерлерге салық заңнамасын түсіндіру мақсатында «Ақшың», «Мереке», «Жансая» базарларына және «Апрель», «Қазына» сауда үйлері мен өзге де сауда орындарына барып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Негізгі мақсат – кәсіпкерлерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің маңыздылығын, кассалық аппараттарды дұрыс пайдалануды және тұтынушыға түбіртек беру міндетін жеткізу. Сонымен қатар, салық салу режимдері мен салық есептеу және төлеуді жеңілдететін «E-Salyk Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілуде.

Мамандар үш компонентті интеграцияланған жүйені қолданудың артықшылықтары туралы да мәлімет беруде.

Салық қызметкерлері қаржылық операциялардың ашықтығын арттыруға бағытталған «Бәйге» акциясы туралы да еске салады. «Amian» қосымшасы арқылы қатысқан азаматтар 100 000 теңге ұту мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар, «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясы жалғасуда. Бұл шара аясында тұтынушылар түбіртек талап ету арқылы бағалы сыйлықтар ұтып ала алады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы қала кәсіпкерлерін салық заңнамасын қатаң сақтауға, салықты уақытылы төлеуге және салықтық міндеттемелерін адал орындауға шақырады. Бұл – салық мәдениетін көтерудің және ашық экономиканы қалыптастырудың маңызды шарты.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
⚡️Семейде салық органдары кәсіпкерлерді ақпараттандыру жұмыстарын күшейтті Семей қаласының Мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары кәсіпкерлерге салық заңнамасын түсіндіру мақсатында «Ақшың», «Мереке», «Жансая» базарларына және «Апрель», «Қазына» сауда…
⚡️ В Семее налоговые органы активизировали разъяснительную работу по информированию предпринимателей

Сотрудники управления госдоходов посещают рынки «Акшын», «Мереке», «Жансая», а также торговые дома «Апрель», «Казына» и другие торговые точки города с целью информирования, и представления разъяснения налогового законодательства.

Основная задача – донести до предпринимателей информацию о необходимости регистрации в качестве ИП, правильном использовании кассовых аппаратов и выдаче чеков. Особое внимание уделяется разъяснению различных налоговых режимов и возможностей мобильного приложения «E-Salyk business», которое упрощает расчет и уплату налогов.

Кроме того, предпринимателям рассказывают о преимуществах использования трехкомпонентной интегрированной системы.

Налоговики также напоминают о стартовавшей акции «Бәйге», направленной на повышение прозрачности финансовых операций. Участвуя в акции через приложение «Amian», можно выиграть 100 000 тенге. Параллельно продолжается акция «Требуй чек – выиграй приз», где каждый покупатель, требуя чек, получает шанс выиграть ценные призы.

Представители управления госдоходов призывают предпринимателей Семея к соблюдению налогового законодательства, своевременной уплате налогов и исполнению всех налоговых обязательств, подчеркивая важность повышения налоговой культуры и добросовестности.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌀Семейде рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасуда

Семей қаласында рұқсат етілмеген қоқыс алаңдарын анықтау және жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда алаңдардан 31911,7 текше метр қоқыс шығарылды.

Бұл жұмыстарға күн сайын 30-дан астам арнайы техника жұмылдырылуда.

⚠️Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді белгіленбеген және рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамауға шақырамыз! Бұл – қоршаған ортаға зиян келтіріп қана қоймай, қаламыздың көркіне нұқсан келтіреді.

Семей – бәріміздің ортақ үйіміз. Оны таза да көрікті ету – әрбіріміздің азаматтық борышымыз.

🗣️Тазалықты бірге сақтап, туған қаламызға жанашырлық танытайық!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3