Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
⚜️Мәдениет пен өнер саласына құрмет көрсетілген ерекше кеш

Семейде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...» атты авторлық әндер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Шараға Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Мейрамбекұлы Бапышев, қалалық мәслихат төрағасы Айболат Бекжасаров, мәдениет және өнер саласының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

Фестиваль – ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген талант иелеріне деген шынайы құрметтің көрінісі. Сахна төрінде өнер көрсеткен әрбір орындаушы – халқымыздың рухани байлығы мен мәдени құндылықтарын дәріптеуші тұлғалар.

💬«Бүгінде Семей қаласында мыңнан астам мәдениет және өнер саласының қызметкерлері еңбек етуде. Қалада 17 мәдениет және өнер нысаны халыққа қызмет көрсетіп отыр. Бұл – мәдениет саласының әлеуетін көрсететін маңызды көрсеткіш», – деді Бекжан Бапышев.


Фестиваль аясында қала мәдениетінің дамуына үлес қосқан сала мамандарына «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» медалі мен Құрмет грамоталары табысталды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Семей қаласының әкімдігі
⚜️Мәдениет пен өнер саласына құрмет көрсетілген ерекше кеш Семейде Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...» атты авторлық әндер фестивалі жоғары деңгейде өтті. Шараға Семей қаласы әкімінің…
⚜️Таланты во имя культуры: в Семее прошел авторский фестиваль

В Семее прошел авторский песенный фестиваль «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән мен тәтті күй...», приуроченный ко Дню работников культуры и искусства. В мероприятии приняли участие исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Мейрамбекулы Бапышев, председатель городского маслихата Айболат Бекжасаров, представители сферы культуры и искусства, а также жители города.

Фестиваль стал ярким проявлением искреннего уважения к талантам, прославляющим национальное искусство. Каждый артист, выступивший на сцене, — это личность, формирующая духовное богатство и культурный облик народа.

💬«На сегодняшний день в Семее трудятся свыше тысячи работников сферы культуры и искусства. В городе функционируют 17 учреждений культуры, оказывающих услуги населению. Это важный показатель потенциала нашей культурной отрасли», -отметил Бекжан Бапышев.


В рамках фестиваля специалисты, внесшие вклад в развитие культуры города, были награждены медалью «Семей қаласына сіңірген еңбегі үшін» и Почетными грамотами.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Мәдениет пен өнер саласына құрмет көрсетілген ерекше кеш
———
📍Таланты во имя культуры: в Семее прошел авторский фестиваль
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семей қаласында 1 айда атқарылған жұмыстарға шолу
———
📍Обзор выполненной работы в Семее за месяц
Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдады

Семей қаласында қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың кезекті жеке қабылдауы өтті.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, зират аумағынан қоқыс шығару, жеке секторды ауызсумен қамту, жолдарды жөндеу, аула аумақтарын күтіп-ұстау және тазалау, қоқыс контейнерлерін орнату, сондай-ақ аулаішілік жолдарды жөндеу мәселелерін көтерді.

Әрбір өтініш бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, жауапты мекемелерге белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау тапсырылды. Қаралған мәселелер толық шешімін тапқанға дейін бақылауда болады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдады Семей қаласында қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, зират аумағынан қоқыс шығару, жеке секторды ауызсумен қамту, жолдарды…
Бекжан Бапышев провел прием граждан

В городе Семей состоялся очередной личный прием граждан, который провел исполняющий обязанности акима города Бекжан Бапышев.

В ходе встречи жители поднимали вопросы, касающиеся предоставления жилья, вывоза мусора с территории кладбища, водоснабжения в частном секторе, ремонта дорог, содержания и очистки дворовых территорий, установки мусорных контейнеров, а также ремонта внутриквартальных проездов.

По каждому обращению даны соответствующие разъяснения, а ответственным службам поручено принять меры в установленном порядке. Рассмотренные вопросы будут находиться на контроле до полного исполнения.

#АкиматГородаСемей
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдады
———
📍Бекжан Бапышев провел прием граждан
Облыс әкімі Семейдің шағын аудандарын дамытуға бағытталған жобалармен танысты

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы шағын аудандарды дамытуға бағытталған жобалармен танысып, әлеуметтік нысандарды аралады. Аймақ басшысына теміржол бекеті маңындағы аумақты дамытуға, инженерлік желілерді жаңғыртуға байланысты жобалар ұсынылды.

📌Бұл аудандағы өзекті мәселенің бірі – жылу жетіспеушілігі. Мұндағы үш қазандық жаңғыртуды қажет етеді. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аймақ басшысына үш қазандықтың орнына жаңа, экологиялық талаптарға сай келетін заманауи қазандық салу жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл өз кезегінде жылу тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Облыс әкімі жобаға қолдау білдіріп, сараптама жасап, тиісті ұсыныс енгізуді тапсырды.

🏓Аймақ басшысы жұмыс сапары барысында Ақсары кентінде болды. Бұл жерде облыс әкіміне шаһардағы су жинағыштарын жаңғырту жобалары таныстырылды. Шаһардың оң жағалауын сумен қамтамасыз ететін «Смычка» су жинағышының жаңартып, қуатын арттыруға қатысты ұсыныстар айтылды. Өйткені, бұл ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандары, саябақтары бар бой жаңа ықшамаудан салынатын болады.

Облыс әкімі қаланың су жинағыштарының жаңғыртудың маңызды екенін атап өтіп, бұл мәселені мұқият зерттеп, ұсыныс беру қажеттігін айтты.

Аймақ басшысы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектептің құрылысын көрді. Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Білім ордасын биылғы желтоқсан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

«Бұл мектептің құрылысы Президент Әкімшілігінің тікелей бақылауында. Қала әкімдігі құрылыс барысын қадағалауда ұстауы тиіс. Бекітілген кестеге сай жұмыс істеп, жаңа жылға дейін бітіріп, қолданысқа беру қажет», - деді аймақ басшысы.


АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM