Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
781 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде 1 мың гектардан астам аумақты қамтитын жаңа ықшам ауданы салынады

Облыс әкімі Берік Уәли өңірдің алдағы жылдардағы дамуына арналған жиында осындай жаңалықты жеткізді.

Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан жаңа ауданда 75 мың тұрғынға арналған тұрғын үй кешендері, 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар, саябақтар бой көтеретін болады. Жоба аясында жастар сарайы, Жекпе жек сарайы, ғалымдар үйі, медиа орталық, көрме орталығы, Достық үйі, инвесторлар орталығы, музыкалық мектеп, филармония, этносаябақ, стадион, колледж, музей, балабақшалар, қонақүйлер мен сауда кешендерін салу жоспарланған.

«Шаһардың солтүстік бөлігінде орналасқан жер көлемі мың гектардан асатын ықшам аудан тиімді көліктік дәліздерімен, ыңғайлы географиялық орналасумен ерекшеленеді. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына жақын тұрғандықтан осы экологиялық жасыл аймаққа тоқтадық. Мұнда жасыл желекті көптеп отырғызуға баса мән беріледі, тұрғындарға жайлы саябақтар салынады. Бұл ықшам ауданда Мемлекет Басшысының қолдауымен «Абайға құрмет» республикалық акция аясында Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай еліміздің өзге өңірлері сыйға тартатын маңызды әлеуметтік, мәдени нысандар бой көтеретін болады. Ұзақ мерзімге бағытталған жобаны жүзеге асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен серпін береді, жаңа өндіріс орындары мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізеді. Өңірдің инвестициялық тартымдылығы, оның ішінде жеке инвестиция көлемі артады», - деді аймақ басшысы.

Облыс әкімі Семейдің басқа аудандары назардан тыс қалмайтынын атап өтті. Шаһардың бос аумақтарына облыстық көпсалалы аурухана, театр сынды маңызды әлеуметтік нысандар салынады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Тұрғындардың өтініші назардан тыс қалмайды
———
📍Обращения жителей не останутся без внимания
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жаңа «Smart City» ықшам ауданы бой көтермек

Қаланың тарихи келбетіне және Мемлекет Басшысының берген «Тарихи орталық» мәртебесіне нұқсан келтірмеу мақсатында, жаңа «Smart City» ауданын салу үшін кешенді зерттеу жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде қаланың солтүстік бөлігіндегі, инфрақұрылымға қолайлы, экологиялық таза аймақ саналатын, «Семей орманы» табиғи резерватына жақын орналасқан «Ақсай» ықшам ауданы таңдалды. Аумағы 1000 гектардан асады, көлік қатынасы ыңғайлы.

Бұл ауданда Мемлекет Басшысының қолдауымен, «Абайға құрмет» республикалық акциясы аясында, еліміздің өзге өңірлері әлеуметтік және мәдени нысандар салатын болады.

Бүгінге дейін Ақтөбе, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстары, Астана, Алматы және Шымкент қалалары қолдау білдіріп, Достық үйі, Көрме орталығы, Музыка мектебі, Аттракциондар паркі мен Ертіс жағалауын абаттандыру сынды нысандарды салуды жоспарлап отыр.

t.me/abaiaqparatkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from 018.KZ — ABAI AQPARAT
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталық бой көтереді

Аумағы 300 гектарды қамтитын жаңа әкімшілік-іскерлік аумақтың ұзақ мерзімді тұжырымдамасы әзірленіп, техникалық-экономикалық негіздемесі жасалды.

Жоба аясында 75 мың тұрғынға арналған заманауи тұрғын үй кешендері, сондай-ақ 40-тан астам әкімшілік, коммерциялық және әлеуметтік нысандар салу көзделіп отыр. Олардың қатарында мәдениет, білім, медицина, спорт мекемелері, сонымен қатар бизнес және сауда орталықтары, қонақ үйлер, мейрамханалар, жайлы қоғамдық кеңістіктер, саябақтар мен бульварлар болады.

Инженерлік инфрақұрылымды тарту жағынан бұл жоба ескі қала аумағымен салыстырғанда әлдеқайда тиімді.

Аталған бастама өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсіміне, кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инвестициялық тартымдылықты арттыруға зор ықпал етеді. Сонымен қатар, жеке инвестиция көлемін ұлғайтуға да мүмкіндік бермек.

t.me/abaiaqparatkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🦟Семей қаласында масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда

23 сәуірден бастап Семей қаласында масаларға қарсы жоспарлы дезинсекциялық жұмыстар басталған хабарлаған едік. Жалпы дезинсекция үш кезеңнен тұрады. Жұмыстар Кіші Ақтөбе, Бейбітшілік аралы, Суықбастау, Бобровка және Мұрат саяжайлары, сондай-ақ Ертіс өзенінің жағалаулары, Ескі бекініс, Жедел медициналық жәрдем ауруханасы маңы, Қазкрай, Ақсай, Восход, Березовский, Красный Кордон аудандары мен кенттерінде жалғасты.

Масаларға қарсы жұмыстарды Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі ұйымдастыруда. Сонымен қатар, дезинсекциялық топ ашық аумақтарда, аулалар мен көше бойларында да жұмыстар жүргізуде. Әсіресе, халық көп жиналатын орындар – саябақтар, скверлер, жағалау аймақтары ерекше назарда.

Мамандар зиянкестердің көбеюін тежеу мақсатында масалардың 1 және 2 сатыдағы түрлеріне қарсы арнайы химиялық құралдарды қолдануда. Қолданылатын препараттар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянсыз, санитарлық талаптарға толық сәйкес келеді. Әрбір кезең ауа райының жағдайына және зиянкестердің көбею ерекшеліктеріне қарай жоспарлы түрде жалғасады.

Жалпы, қала аумағында өңделетін жер көлемі 700 гектардан асады. Масаларға қарсы күрестің тиімділігін арттыру және тұрғындардан түсетін шағымдарды азайту мақсатында негізгі үш кезең аяқталғаннан кейін де дезинсекциялық жұмыстар жалғаса бермек.

Осы орайда қала тұрғындарынан санитарлық қауіпсіздік мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарап, тиісті органдар тарапынан берілетін ескертулер мен нұсқаулықтарды сақтауды сұраймыз.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🦟Семей қаласында масаларға қарсы дезинсекциялық жұмыстар жалғасуда 23 сәуірден бастап Семей қаласында масаларға қарсы жоспарлы дезинсекциялық жұмыстар басталған хабарлаған едік. Жалпы дезинсекция үш кезеңнен тұрады. Жұмыстар Кіші Ақтөбе, Бейбітшілік аралы…
🦟В Семее продолжаются работы по дезинсекции против комаров

С 23 апреля в Семее стартовали плановые дезинсекционные мероприятия против комаров. В целом работы проходят в три этапа. В рамках первого этапа были охвачены районы Малая Актюба, Остров Бейбитшилик, Холодный ключ, Бобровка и Мурат, а также прибрежные территории реки Иртыш, Старая Крепость, район БСМП, Казкрай, Аксай, Восход, Березовский, Красный Кордон и другие поселки.

Организатором работ выступает отдел жилищно-коммунального хозяйства города Семей. Кроме того, дезбригады ведут обработку открытых территорий, дворов и улиц. Особое внимание уделяется местам массового отдыха людей — паркам, скверам, прибрежным зонам.

Специалисты используют специальные химические препараты против комаров на стадиях личинки и взрослой особи для предотвращения их размножения. Используемые средства безопасны для здоровья людей и окружающей среды, полностью соответствуют санитарным требованиям. Каждый этап выполняется с учетом погодных условий и особенностей размножения насекомых.

Общая площадь обработки в черте города составляет более 700 гектаров. Для повышения эффективности борьбы с комарами и снижения количества обращений от населения, дезинсекционные работы будут продолжаться и после завершения основных трех этапов в течение всего сезона.

В этой связи жителей города просят с пониманием отнестись к проводимым работам по обеспечению санитарной безопасности и соблюдать рекомендации и указания, предоставляемые компетентными органами.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM