Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында шағын ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, ыстық су мәселесі, жаяу жүргіншілер жолының жетіспеушілігі, футбол алаңы мен жарықтандыру жайы көтерілді.
«Барлық айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды. Халықтың мұң-мұқтажын тек осындай жүзбе-жүз кездесулерде ғана шынайы ести аламыз. Сондықтан әрбір ұсыныс пен сұрақ біз үшін маңызды», – деді кездесу барысында Бекжан Бапышев.
Көтерілген барлық мәселелерді мұқият тыңдаған Бекжан Бапышев тұрғындармен бірге үйлердің аулаларын аралады. Тұрғындар құрылысы аяқталмай қалған футбол алаңын көрсетті. Нәтижесінде, нысанды қалпына келтіріп, пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан аула жарығы мәселесі де алдағы уақытта оң шешімін табатыны айтылды.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Семей қаласының әкімдігі
Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев провёл встречу с жителями микрорайона Энергетик. На встрече подробно обсудили вопросы, волнующие жителей, в том числе благоустройство и развитие инфраструктуры района. В частности, поднимались темы ремонта дорог, обеспечения горячей водой, освещения и завершения строительства футбольной площадки.
«Ни один из озвученных вопросов не останется без внимания. Услышать чаяния народа можно только в формате таких личных встреч. Поэтому каждое предложение и замечание для нас важно», — отметил Бекжан Бапышев в ходе встречи.
Выслушав все обращения, он вместе с жителями осмотрел дворовые территории. Горожане указали на недостроенную футбольную площадку, по которой было принято решение: объект будет восстановлен и сдан в эксплуатацию.
Также было сообщено, что вопрос освещения дворов, который волнует многих, в ближайшее время будет решён.
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Бүгін Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты.
Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов баяндама жасады.
Жиында Семей қаласындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру мәселесі көтерілді.
🛣️Өңірдің автомобиль жолдарының ұзындығы 10555 шақырымды құрайды. Бұл - республика бойынша 2-інші көрсеткіш. Алайда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инспекторлар саны жеткіліксіз. Қазіргі таңда халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың тек 37 пайызы ғана патрульмен қамтылған. Яғни, облысқа 150-ден астам жол полициясы қажет.
«Жаңа сіз көрші Шығыс Қазақстан облысында 152 батальон қызметкері бар дедіңіз. Бізде бар болғаны 90. Бір инспекторға 400 шақырымнан артық жол аумағы бекітілген. Қоғамдық тәртіпті сақтайтын полиция қызметкерлерінің жетіспейтінін де білеміз. Штат мәселесін басқа облыстармен салыстырып, нақты анықтама дайындаңыздар. Бұл мәселені салалық министрлікке, Үкіметке жеткіземін. Өйткені, адам өмірі, жолаушылардың қауіпсіздігі – бәрінен де маңызды», – деді облыс әкімі.
Кеңесте Абай облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Айжан Искакова баяндады.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Сегодня в акимате области Абай под председательством глава региона Берика Уали прошло расширенное аппаратное совещание. В нем приняли участие руководители областных управлений, региональных департаментов, акимы городов и районов в онлайн-режиме.
Ежедневно охраной общественного порядка в регионе занимаются более 1000 полицейских. В области действуют 120 участковых пунктов и 2 стационарных поста, при этом необходимо дополнительно открыть еще 45 пунктов. Также подняли вопрос освещения пешеходных переходов в Семее.
«Вы сказали, что в соседней Восточно-Казахстанской области работают 152 сотрудника батальона. А у нас всего 90. На одного инспектора приходится участок дороги протяжённостью более 400 километров. Мы также знаем о нехватке сотрудников полиции, обеспечивающих общественный порядок. Сравните штат с другими областями и подготовьте точную справку. Я подниму этот вопрос перед профильным министерством и Правительством. Потому что человеческая жизнь, безопасность пассажиров — важнее всего», - сказал аким области.
На совещании о оказании государственных услуг в регионе доложила руководитель отдела мониторинга государственных услуг аппарата акима области Абай Айжан Искакова.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
⚜️Семейде Уәли Әбішұлы Имантаевқа арналған ескерткіш-тақта ашылды
Семей қаласы, 408 квартал, 14-үйдің қабырғасында Ұлы Отан соғысының қаһарманы, жауынгер, қоғам қайраткері Уәли Әбішұлы Имантаевқа арналған ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әділбаев қатысып, батырдың ел алдындағы ерлігі мен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
Уәли Әбішұлы Имантаев 1924 жылы Абыралы ауданында дүниеге келген. 14 жасынан балалар үйінде тәрбиеленіп, 1942 жылдың мамыр айынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін Богдан Хмельницкий атындағы миномет бригадасының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Әскери ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласы, 408 квартал, 14-үйдің қабырғасында Ұлы Отан соғысының қаһарманы, жауынгер, қоғам қайраткері Уәли Әбішұлы Имантаевқа арналған ескерткіш-тақтаның ашылу рәсімі өтті.
Шараға Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әділбаев қатысып, батырдың ел алдындағы ерлігі мен еңбегі – өскелең ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.
💬 «Уәли Имантаевтың өмірі – патриотизмнің, азаматтық борыш пен ерліктің жарқын үлгісі. Соғыстан кейін де ел игілігіне аянбай қызмет етіп, құқық қорғау саласында абыройлы еңбек еткен азамат. Бүгін ашылып отырған ескерткіш – елдің батырға деген құрметі мен тағзымының белгісі», – деді Қуаныш Әділбаев.
Уәли Әбішұлы Имантаев 1924 жылы Абыралы ауданында дүниеге келген. 14 жасынан балалар үйінде тәрбиеленіп, 1942 жылдың мамыр айынан бастап 1945 жылдың 9 мамырына дейін Богдан Хмельницкий атындағы миномет бригадасының құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Жауынгерлік ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Кавказды қорғағаны үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Әскери ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM