Семей қаласының әкімдігі
2.92K subscribers
10.9K photos
2.82K videos
9 files
945 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✔️Семей қаласында құдық қақпақтары қалпына келтірілуде

Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында қала аумағында бүлінген және сынған құдық қақпақтарын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы шаралар тек қаланың орталық көшелерінде ғана емес, шет аудандар мен кенттерді де қамтып отыр.

Алайда, құдық қақпақтарын ұрлау фактілері әлі де тыйылар емес. Бұл жағдай тек қала қауіпсіздігіне ғана емес, тұрғындардың өміріне де тікелей қауіп төндіреді.

Егер сіз осындай құқық бұзушылықтың куәгері болсаңыз, бірден 🚨102 нөміріне хабарласыңыз!

Семей қаласында құдық қақпақтарын жабу, ауыстыру жұмыстары жалғасады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
Семей қаласының әкімдігі
✔️Семей қаласында құдық қақпақтары қалпына келтірілуде Абай облысы әкімі Берік Уәлидің тапсырмасы аясында қала аумағында бүлінген және сынған құдық қақпақтарын ауыстыру жұмыстары жүріп жатыр. Бұл бағыттағы шаралар тек қаланың орталық көшелерінде ғана емес…
✔️В городе Семей продолжаются работы по восстановлению люков колодцев

В соответствии с поручением акима области Абай Берика Уали на территории города проводятся работы по замене повреждённых и сломанных люков колодцев. Мероприятия охватывают не только центральные улицы, но и отдалённые районы и посёлки.

Однако факты хищения люков по-прежнему имеют место. Это представляет серьёзную угрозу не только для безопасности города, но и для жизни горожан. Если вы стали свидетелем подобного правонарушения — незамедлительно сообщите по номеру 🚨102.

Работы по закрытию и замене люков в Семее будут продолжены в целях обеспечения безопасности жителей.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👤Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында шағын ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жолдарды жөндеу, ыстық су мәселесі, жаяу жүргіншілер жолының жетіспеушілігі, футбол алаңы мен жарықтандыру жайы көтерілді.

«Барлық айтылған мәселелер назардан тыс қалмайды. Халықтың мұң-мұқтажын тек осындай жүзбе-жүз кездесулерде ғана шынайы ести аламыз. Сондықтан әрбір ұсыныс пен сұрақ біз үшін маңызды», – деді кездесу барысында Бекжан Бапышев.


Көтерілген барлық мәселелерді мұқият тыңдаған Бекжан Бапышев тұрғындармен бірге үйлердің аулаларын аралады. Тұрғындар құрылысы аяқталмай қалған футбол алаңын көрсетті. Нәтижесінде, нысанды қалпына келтіріп, пайдалануға беру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан аула жарығы мәселесі де алдағы уақытта оң шешімін табатыны айтылды.

▶️Айта кетейік, биыл жоспарға сәйкес Энергетик шағын ауданындағы №5 және №7 үйлердің аулалары абаттандырылмақ.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3
Семей қаласының әкімдігі
👤Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өтті Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Энергетик шағын ауданының тұрғындарымен кездесті. Жиында шағын ауданның инфрақұрылымын жақсарту, абаттандыру, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатқан мәселелер…
👤Встреча с жителями микрорайона Энергетик

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев провёл встречу с жителями микрорайона Энергетик. На встрече подробно обсудили вопросы, волнующие жителей, в том числе благоустройство и развитие инфраструктуры района. В частности, поднимались темы ремонта дорог, обеспечения горячей водой, освещения и завершения строительства футбольной площадки.

«Ни один из озвученных вопросов не останется без внимания. Услышать чаяния народа можно только в формате таких личных встреч. Поэтому каждое предложение и замечание для нас важно», — отметил Бекжан Бапышев в ходе встречи.


Выслушав все обращения, он вместе с жителями осмотрел дворовые территории. Горожане указали на недостроенную футбольную площадку, по которой было принято решение: объект будет восстановлен и сдан в эксплуатацию.

Также было сообщено, что вопрос освещения дворов, который волнует многих, в ближайшее время будет решён.

▶️Напомним, в этом году планируется благоустройство дворов у домов №5 и №7 по улице Энергетик.


📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Абай облысында қоғамдық және жол қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

Бүгін Абай облысының әкімдігінде аймақ басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері, ал қала және аудан әкімдері бейнережимде қатысты.

🔼 Кеңесте өңірдегі қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қаралды.

Абай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимов баяндама жасады.

📈Аймақта қоғамдық тәртіпті күзетуге күнделікті 1000-нан астам полиция қызметкері жұмылдырылған. Облыс аумағында 120 учаскелік полиция пункті, 2 стационарлық пост бар. Талдау нәтижесі бойынша қосымша 45 учаскелік пункт қажеттілігі туындап отыр.

Жиында Семей қаласындағы жаяу жүргіншілер өткелдерін жарықтандыру мәселесі көтерілді.

🛣️Өңірдің автомобиль жолдарының ұзындығы 10555 шақырымды құрайды. Бұл - республика бойынша 2-інші көрсеткіш. Алайда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инспекторлар саны жеткіліксіз. Қазіргі таңда халықаралық және республикалық маңызы бар жолдардың тек 37 пайызы ғана патрульмен қамтылған. Яғни, облысқа 150-ден астам жол полициясы қажет.

«Жаңа сіз көрші Шығыс Қазақстан облысында 152 батальон қызметкері бар дедіңіз. Бізде бар болғаны 90. Бір инспекторға 400 шақырымнан артық жол аумағы бекітілген. Қоғамдық тәртіпті сақтайтын полиция қызметкерлерінің жетіспейтінін де білеміз. Штат мәселесін басқа облыстармен салыстырып, нақты анықтама дайындаңыздар. Бұл мәселені салалық министрлікке, Үкіметке жеткіземін. Өйткені, адам өмірі, жолаушылардың қауіпсіздігі – бәрінен де маңызды», – деді облыс әкімі.


🗣Аймақ басшысы қалыптасқан жағдайды ретке келтіру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді. Полиция департаментіне барлық жол белгілерінің талаптарға сәйкестігіне талдау жүргізіп, қосымша қажеттілік бойынша ұсыныстар енгізуді, бірінші орынбасары Ербол Садырға жоғарыда аталған іс-шараларға қосымша бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыруды жүктеді. Қала-аудан әкімдеріне жол-көлік оқиғалары мен жаяу жүргіншіні қағу фактілерін азайту бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуді міндеттеді.

Кеңесте Абай облысындағы мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Айжан Искакова баяндады.

📌Облыс әкімі мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптары мен бекітілген мерзімдердің қатаң сақталуы қажеттігін атап өтті. Цифрлық технологиялар басқармасына 1 маусымға дейін өңірде «Халыққа мінсіз қызмет көрсету орталығын» құру мәселесі бойынша нақты ұсыныстарды беруді міндеттеді. Аппарат басшысына мемлекеттік қызмет көрсету бойынша кемшіліктер орын алған жағдайда бірінші басшының жауапкершілігін қарау тәжірибесін енгізуді тапсырды.

➡️Кеңейтілген аппараттық кеңесте облыс әкімі кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне тоқталып, көпқабатты тұрғын үйлерде терезеден құлау жағдайларын болдырмау үшін тұрғындармен түсіндіру жұмысын күшейтіп, «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шараларды жалғастыру қажеттігін айтты.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM