Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.74K videos
9 files
768 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Тәуелсіздік алғанымызға биыл- 31 жыл. Ол ынтымақтастық пен татулықтың айқын нышаны. 16 желтоқсан - бабалар ерлігінің куәсі болып мәңгілік күнтізбеде қала бермек.

Биыл Семей қаласының мәдени мекемелерінде жаңаша форматта дөңгелек үстелдер, кездесу кештері, Тәуелсіздікті алу тарихына бағатталған іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Сіздердің назарларыңызға қаламызда ұйымдастырылатын іс-шаралар тізімін ұсынамыз. Барша семейліктер мен қала қонақтарын аталмыш шаралардың қадірлі қонақтары болуға шақырамыз.

#Семейқаласыәкімдігі
Независимость - одна из главных ценностей нашей республики. Это яркий символ солидарности и мира.
Подвиг предков, переживших непростые дни на пути к независимости и свободе, останется в нашей вечной памяти.

В ближайшее время в учреждениях культуры города Семей в новом формате планируется организация круглых столов, встреч, мероприятий, посвященных истории обретения независимости.

Предлагаем вашему вниманию перечень мероприятий, которые будут организованы в нашем городе. Приглашаем всех семейчан и гостей города стать почетными гостями данных мероприятий.

#Семейқаласыәкімдігі
🔹Көшелерді қардан тазарту және қар шығару жалғасуда. Техника күндіз де, түнде де қала көшелеріне шығады. Жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту, аялдамалар мен әлеуметтік нысандарға кіреберістерді тазарту бірінші кезектегі міндеттер болып қала береді. Техника өте алмайтын жерді жұмысшылар қолмен тазалайды. Жиналған барлық қар бұрынғыдай қаладан полигонға шығарылады.

Қалалық жол қызметтерінің мамандары автокөлік иелеріне қар тиеу жұмыстары кезінде көлік құралдарын жол жиегіне қоймауды өтінеді.
______________________

🔸Очистка и уборка улиц от снега и вывоз снега продолжается. Техника выходит на улицы города и днем, и ночью. Первоочередными задачами по-прежнему остаются уборка проезжей части, тротуаров, пешеходных дорожек, расчистка подходов к остановкам и социальным объектам. Там, где не справляется техника, задействуют работников для ручной очистки.

#Семейқаласыәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Семей қаласы "Ішкі саясат бөлімі" ММ қолдауымен және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен
5 желтоқсан халықаралық волонтерлар күніне орай "Кең Жүрекпен" атты Қайырымдылық кеші өтті.
📍Өз уақыттарын қоғам игілігі үшін жұмсап, кез келген салада жұмысын жан-жақты көрсете білетін Волонтерларға Семей қаласы Әкімінің арнайы Алғыс хаты табыс етілді.
📌 - "Кең болсаң, Кем болмайсың" дейді дана халқымыз! Шараға атсалысқан барша қала тұрғындарына және қайырымды жандарға алғысымыз шексіз!

#семейжастары
#Жақсылықжасапжарысайық
Семей қаласында 2022 жылғы 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты (-27℃) 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады.

6 декабря 2022 года в городе Семей из за неблагоприятных погодных условий (-27℃) занятия для учащихся 1- 9 классов 1 смены переводится на дистанционный формат обучения.
📌Мемлекеттік және жаңа жылдық мерекелер қарсаңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын мониторингілеу бойынша жұмыс топтарының қызметі күшейтілді.
📆2022 жылдың 5 желтоқсанында баға мониторингімен қаланың оң жағалау және сол жағалау бөліктері қамтылды.
Мониторинг жүргізу кезінде дүкен басшыларымен әулеметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің белгіленген (15 %-нан аспайтын) деңгейін сақтау туралы ұсыныс жұмыстары жүргізіледі.
——————————————————————————
📌В преддверии государственного и новогоднего праздников усилена деятельность рабочих групп по мониторингу цен на социально значимые продовольственные товары.
📆05.12.2022 года мониторингом цен охвачены центральные части правобережной и левобережной частях города.
Во время проведения мониторинга с руководителями магазинов ведется рекомендательная работа о соблюдении установленного уровня торговой надбавки (не более 15%) на социально значимые продовольственные товары.

#Семейқаласыәкімдігі